"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген заңды тұлғалар 2004 жылы балық ресурстарын молайту, балық ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, сирек және құнды балық түрлерiнiң тектiк қорын сақтау және табиғи мекендейтiн жерлерiнде санын көбейту үшiн оларды сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстар мен қызметтер көрсетудi берушiлер болып белгіленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
1) заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) сатып алуға бөлiнген ақша қаражатын оңтайлы әрi тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 9 наурыздағы
N 292 қаулысына
қосымша
2004 жылы балық ресурстарын молайту, балық ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, сирек және құнды балық түрлерiнiң тектiк қорын сақтау және табиғи мекендейтiн жерлерiнде санын көбейту үшін оларды сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстар мен қызметтер көрсетуді берушілердің тiзбесi
____________________________________________________________________
Р/с | Жұмыстар мен қызметтер | Жұмыстар мен |Жұмыстар мен
N | көрсетудi берушiнiң атауы | қызметтер көрсету.| қызметтер
| | дi берушiнiң | көрсетудiң
| | орналасқан жерi | атауы
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
____________________________________________________________________
1. ҚР АШМ Балық шаруашылығы Атырау облысы Балық
комитетiнiң "Орал-Атырау Зарослый ауылы ресурстарын
бекiре балық өсiру зауыты" молайту
РМҚК
2. ҚР AШM Балық шаруашылығы Атырау облысы Балық
комитетiнiң "Атырау бекiре Еркiнқала ауылы ресурстарын
балық өсiру зауыты" РМҚК молайту
3. ҚР АШМ Балық шаруашылығы Ақмола облысы Балық
комитетiнiң "Майбалық балық Майбалық кентi ресурстарын
питомнигі" РМҚК молайту
4. ҚР AШM Балық шаруашылығы Лисаковск қаласы Балық
комитетiнiң "Жоғарғы Тобыл ресурстарын
балық питомнигi" РМҚК молайту
5. ҚР AШM Балық шаруашылығы Петропавл қаласы Балық
комитетiнiң "Петропавл балық ресурстарын
питомнигi" PMҚК молайту
6. ҚР AШM Балық шаруашылығы Қарағанды облысы Балық
комитетiнiң "Қарағанды балық Новая Солоничка ресурстарын
питомнигi" РМҚК станциясы молайту
7. ҚР AШM Балық шаруашылығы Шардара қаласы Балық
комитетiнiң "Шардара балық ресурстарын
питомнигi" РМҚК молайту
8. ҚР АШМ Балық шаруашылығы Қызылорда облысы Балық
комитетiнiң "Қамыстыбас Қосжар кентi ресурстарын
балық питомнигi" РМҚК молайту
9. ҚР АШМ Балық шаруашылығы Павлодар облысы Балық
комитетiнiң "Қашыр балық Қашыр ауданы ресурстарын
питомнигi" РМҚК молайту
10. ҚР АШМ Балық шаруашылығы Алматы қаласы Балық
комитетiнiң "Қазақ өндiрiс. ресурстарын
тiк-жерсiндiру станциясы" молайту
РМҚҚ
11. ҚР AШM Балық шаруашылығы Алматы облысы Балық
комитетiнің "Қапшағай Шалқар кентi ресурстарын
уылдырық шашу - өсiру молайту
шаруашылығы" PMҚК
12. ҚР AШM Балық шаруашылығы Шығыс Қазақстан Балық
комитетiнiң "Бұқтырма облысы ресурстарын
уылдырық шашу - өсiру Мальковое ауылы молайту
шаруашылығы" РМҚК
____________________________________________________________________