Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 306 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 381 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.30 № 381 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңының 123-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. Қоса берілiп отырған Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу ережесі бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 11 наурыздағы
N 306 қаулысымен   
бекiтілген     

  Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды)
асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу
Ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатының ай сайынғы төлемдерiнiң тәртiбi мен мөлшерiн белгiлейдi.
      2. Патронат тәрбиешiлерге берілген баланы (балаларды) асырап- бағуға арналған ай сайынғы ақша қаражатының төлемi олардың ата- аналық құқықтарының шектелуiне немесе айрылуына, ата-аналарды хабарсыз кеткен деп тануға, оларды қайтыс болды деп жариялауға, әрекет етуге қабiлетсiз (әpeкeт ету қабiлетi шектеулi) деп тануға, ата-аналардың бас еркiнен айыру орындарында жазаларын өтеуiне, ата- аналардың баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына байланысты, оның iшiнде ата-аналардың өз баласын тәрбие немесе емдеу мекемесiнен алудан бас тартқан жағдайда ата-аналарының бiрiнiң немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаға жүргiзіледi.

  2. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды)
асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу тәртiбi

      3. Патронат тәрбиешiге берiлген баланы (балаларды) асырап- бағуға арналған ақша қаражатын төлеу патронат тәрбиешi мен қорғаншылық қамқоршылыққа алу органы арасындағы Баланы (балаларды) патронатқа тәрбиеге беру туралы үлгi шарт (қосымшаға сәйкес) жасасу негiзiнде ақша қаражатын тағайындау туралы шешiм шыққан күннен бастап жүргiзіледi.
      Патронат белгiленген жағдайда патронат тәрбиешi қамқорлыққа алынушы есепте тұрған қорғаншылық және қамқоршылық органына ақша қаражатын тағайындау туралы жазбаша өтiнiш және осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген құжаттарды бередi.
      4. Балаға ақша қаражатын алу үшiн патронат тәрбиешi баланың тұратын жерi бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына:
      1) ақша қаражатын тағайындау туралы өтiнiш;
      2) баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
      3) балаға ата-аналарының бiрiнiң немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын (ата-аналарды ата-аналық құқықтан айыру туралы сот шешiмi, өлiмi туралы куәлiк және басқалар) растайтын құжаттардың көшiрмесiн;
      4) баланың бiлiм беру ұйымында оқитындығы туралы анықтаманы;
      5) патронаттық тәрбиешi мен қорғаншылық және қамқоршылық органы арасындағы шартты ұсынады.
      5. Қорғаншылық және қамқоршылық органы патронат тәрбиешi өтiнiш берген сәттен бастап 15 күндiк мерзiмде ақша қаражатын тағайындау туралы шешiм қабылдайды, оның көшiрмесi патронат тәрбиешiге берiледi.
      6. Ақша қаражаты, меншiк нысандарына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарында толық мемлекеттiк қамтамасыз етуде тұрған қамқорлыққа алынған балаларға төленбейдi.
      Қорғаншылық пен қамқоршылық органының қамқорлыққа алынушыға ақша қаражатын тағайындаудан бас тартуы туралы шешiмiне патронат тәрбиешi сотқа шағымдана алады.
      7. Патронат тәрбиешiге баланы (балаларды) асырап-бағуға көзделген ақша қаражатын төлеу қорғаншылық және қамқоршылық органының шешiмi мен патронат тәрбиешi мен қорғаншылық және қамқоршылық органы арасындағы шарттың негiзiнде облыстардың (қалалардың, аудандардың), республикалық маңызы бар қаланың және астананың бiлiм беру басқармаларының жергіліктi органдары арқылы жүзеге асырылады.
      8. Қамқоршылыққа алынушыға арналған ақша қаражаты патронат тәрбиешiге ай сайын толық мөлшерде өткен айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, облыстардың (қалалардың, аудандардың), республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беру басқармаларының жергiлiктi органдары арқылы қорғаншылық және қамқоршылық органы төлейдi.
      9. Қамқоршылыққа алынған балаға арналған ақша қаражаты, оның туған айын қоса алғанда, қамқоршылыққа алынушы 18 жасқа толғанға дейiн, оларды төлеудi мерзiмiнен бұрын тоқтатуға соқтыратын жағдайларды қоспағанда, тағайындалады және патронат тәрбиешiге төленедi.
      16-дан 18 жасқа дейiнгi оқып жүрген қамқорлыққа алынушыға ақша қаражаты патронат тәрбиешi үлгiсiне, түрiне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымынан анықтама ұсынған жағдайда төленедi. Анықтама оқу жылында екi рет қазанның 1-нен 15-не дейін және наурыздың 1-нен 15-не дейiн берiледi.
      10. Денсаулық жағдайына байланысты оқымайтын және жұмысқа орналаспаған (медициналық қорытындысы болған кезде) және жұмыс орнының жоқтығына немесе өзге де негiздемелерге байланысты жұмыс iстемейтiн 16-дан 18 жасқа дейiнгi қамқорлыққа алынған балаларға ақша қаражатын төлеу кезiнде патронат тәрбиешi тоқсан сайын ақша қаражатын төлеудi жалғастыру үшiн осы негiздемелердiң барлығын растайтын тиiстi құжаттарды қорғаншылық және қамқоршылық органына ұсынады.

  3. Патронат тәрбиешiге берiлген баланы (балаларды) асырап-
бағуға арналған ақша қаражатын төлеу мөлшерi мен тоқтату
негiздемелерi

      11. Патронат тәрбиешілерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатының төлемi ай-сайын (патронат тәрбиешi мен қорғаншылық және қамқоршылық органының арасында шарт жасалған күннен бастап) мынадай мөлшерде жүргiзiледi:
      мектеп жасына дейiнгi бiр бала үшiн тамақтану - 6 айлық есептiк көрсеткiш;
      мектеп жасындағы бiр бала үшiн тамақтану - 7 айлық есептiк көрсеткiш;
      бір баланың киiм-кешегi, аяқ киiмi, жұмсақ мүкәммәлi - 3 айлық есептiк көрсеткiш.
      12. Патронат тәрбиешiге ақша қаражатын төлеу мынадай негiздемелер бойынша тоқтатылады:
      1) қамқорлыққа алынушының кәмелетке толуы;
      2) қамқорлыққа алынушының толық мемлекеттiк қамтамасыз ету үшiн тәрбие, емдеу мекемесiне, жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған халықты әлеуметтiк қорғау мекемесiне және басқа да ұқсас мекемелерге орналасуы;
      3) қамқорлыққа алынған баланы асырап алу;
      4) кәмелетке толмағанның жұмысқа орналасуы;
      5) патронат тәрбиешiнiң өз мiндеттерiн атқарудан аластатылуы;
      6) шарт мерзiмiнiң өтуi немесе мерзiмiнен бұрын бұзылуы.
      13. Ақша қаражатын төлеудi тоқтату қорғаншылық және қамқоршылық органының шешiмi бойынша, төлемдi тоқтатуға әкеп соқтырған жағдайлар туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жүргiзiледi.
      14. Ақша қаражатын төлеудiң тоқтатылғаны туралы патронат тәрбиешіге шешім қабылданған күнінен бастап бір айлық мерзiмде қорғаншылық және қамқоршылық органы хабарлайды.
      15. Патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған білiм беру міндеттерін орындауға бақылауды қорғаншы және қамқоршы орган жүзеге асырады.

  4. Қорытынды ережелер

      16. Патронат тәрбиеші уақытылы алмаған есептелген ақша қаражаты, егер ол үшiн өтiніш қамқорлыққа алынушы 18 жасқа толғанға дейін берілсе, онда өткен кезең үшiн төленедi.
      Қорғаншылық және қамқоршылық органының кiнәсінен алынбаған ақша қаражаты барлық өткен кезең үшін төленеді.
      17. Заңсыз төленген және алынған ақша қаражаты, егер артық төлем алушының тарапынан терiс пайдаланудың нәтижесiнде болса, патронат тәрбиешіден өндiрiлiп алынады.
      Артық төленген қаражатты өндiрiп алу сот шешiмiнiң негізiнде жүргiзіледi.
      18. Патронат тәрбиешi қорғаншылық және қамқоршылық органын өзінің көшiп-қонуы туралы хабардар етедi. Қамқоршылыққа алынушыға ақша қаражатын алатын патронат тәрбиешi көшіп-қонған жағдайда, төлемдi қамқорлыққа алушының жеке iс қағаздарын алғаннан және оны тiркегеннен кейiн қорғаншылық және қамқоршылық органы жаңа тұрған жері бойынша жүргізеді.
      19. Қамқорлықтағы балалардың тамағына, киім-кешек, аяқ киім, жұмсақ мүкәммал сатып алуларына ақша қаражатын тағайындау және төлеу жөнiндегi құжаттар қорғаншылық және қамқоршылық органында қамқорлыққа алынушылардың жеке iс қағаздарында сақталады.

Патронат тәрбиешiлерге баланы   
(балаларды) асырап-бағуға арналған
ақша қаражатын төлеу ережесiне  
қосымша           

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы үлгі
шарт

_________________                        200 ж. "__" ______________
(қала, аудан)                            N_______

      1. "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңы  100-бабының негiзiнде iс-әрекет ететiн қорғаншылық және қамқоршылық органы
____________________________________________________________ атынан
           (лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты)
және_____________________________________________ азаматтар (-т,-ша)
    (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты, төлқұжаттық деректер)
________________________________________________ мекен-жайда тұратын
                (мекен-жайы)
      бұдан әрi - патронат тәрбиешi (патронат отбасы) деп аталатын төмендегілер туралы осы шартты жасасты:

Шарттың мәнi

      2. Қорғаншылық және қамқоршылық органы патронат тәрбиешіге (патронат отбасына) ______________________________________________
                        (тегі, аты, әкесiнiң аты)
тәрбиелеуге ал патронат тәрбиешi (патронат отбасы) баланы (балаларды)
__________________________________________________________________
(балалардың тегі, аты, әкесінің аты, тууы туралы куәлiгiнiң N, сериясы, кiм және қашан берiлдi)
________________________________________________________ патронаттық
тәрбиелеуге (патронат отбасына) алады және тұруы, тәрбиеленуі мен оқуы, сондай-ақ дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани дамуы үшiн қажеттi тұрғын үй-тұрмыстық жағдай туғызуға мiндеттенедi.
      3. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешiге (патронат отбасына) беру қорғаншылық және қамқоршылық органының шешiмiмен ресімделеді.
      10 жасқа толған бала патронаттық тәрбиелеуге патронат тәрбиешіге (патронат отбасына) осы Шарттың бөлiнбейтiн бөлiгi болып табылатын оның жазбаша келiсiмiмен беріледi.

Тараптардың құқықтары мен мiндеттері

      4. Қорғаншылық және қамқоршылық органының құқығы мен міндеттері:
      баланы асырап-бағуға және тәрбиелеуге, оның денсаулық жағдайына бақылауды, оның мүлкін басқаруды жүзеге асырады;
      оқыту мен тәрбиелеудiң нысандары мен әдістерін ұсынады;
      патронат тәрбиешiге (патронат отбасына) мынадай құжаттарды тапсырады:
      туу туралы куәлiк;
      денсаулығының жағдайы туралы медициналық анықтаманы және баланың ауру тарихынан үзiндi;
      білімi туралы құжат;
      ата-аналары туралы құжаттар (қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi, соттың үкiмi немесе шешiмi, ауруы, ата-аналарының іздеуде жүргенi немесе ата-аналық қамқорлықтың болмауының өзге де жағдайлары туралы анықтама);
      бауырлары немесе әпкелерiнiң болуы, олардың тұрған жерi туралы анықтама;
      балаға қатысты мүлiктердiң тiзiмдемесi және оның сақталуына жауап беретiн адамдар туралы мәлiметтер;
      кәмелетке толмағандарға бұрын тұратын тұрғын үй алаңы бекiтiлгендiгi туралы құжаттар;
      алименттердi өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi, сондай-ақ жәрдемақыға, зейнетақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын растайтын құжаттар;
      банк мекемесiнде баланың (балалардың) атына ашылған шоттың болуы туралы құжат;
      өзге да құжаттар.
      5. Қорғаншылық және қамқоршылық органы білім беру басқармалары мен бөлiмдерi арқылы ай сайын, өткен айдың 15-нен кешіктiрмей патронат тәрбиешiнiң (патронат отбасының) банк шотына Ережеге сәйкес белгіленген материалдық қамтамасыз ету нормасын ескере отырып, ақшалай қаражат аударуға мiндеттеледi.
      6. Патронат тәрбиешінiң (патронат отбасының) құқықтары мен мiндеттерi:
      оның (олардың) пiкiрi мен қорғаншылық және қамқоршылық органының ұсынымдарын ескере отырып, баланы (балаларды) тәрбиелеудiң тәсiлдерiн белгiлейдi;
      бiлiм беру мекемесi мен оқытудың нысанын таңдайды;
      баланың (балалардың) тиiстi бiлiм алуына арналған жағдайларды қамтамасыз етедi;
      баланың (балалардың) патронат тәрбиешiге (патронат отбасына) берілген құжаттарының сақталуын қамтамасыз етедi;
      баланы (балаларды) тәрбиелейдi, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның денсаулығына, дене, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қамқорлық жасайды;
      баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған бiлiм беруде қолайсыз жағдайлар туындағаны туралы қорғаншылық және қамқоршылық органын хабардар етедi.
      7. Осы шарт _______________________ мерзiмге жасалған және қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi.
      8. Осы шарттың қолданыс мерзiмi тараптардың өзара келiсiмi бойынша оның аяқталуына дейiн _____________________ бұрын ұзартылуы мүмкін.
      9. Осы шартты орындау процесiнде тараптар арасында туындаған келiспеушiлiктердi келiсiлген шешiмдi әзiрлеу мақсатында олар туындағаннан кейiн ___________________ мерзiмде тараптар қарайды, ал келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда шешу үшін сотқа берiледi.

Шартты мерзiмінен бұрын бұзу

      10. Шарт мынадай негiздемелер бойынша тоқтатылуы мүмкiн:
      дәлелдi себептер болған жағдайда патронат тәрбиешiнiң (патронат отбасының) бастамасы бойынша (аурулар, отбасы немесе мүлiктiк жағдайы өзгергенде, баламен (балалармен) өзара түсiнушiлiк болмағанда);
      патронат тәрбиешiнiң (патронат отбасының) баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған бiлiм беру үшiн қолайсыз жағдайларында немесе баланы (балаларды) ата-аналарына қайтарған немесе баланы (балаларды) асырап алған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органының бастамасы бойынша.
      11. Шарт екi данада жасалды, олардың eкeуi де бiрдей заң күшiне ие.
      12. Осы шарттың талаптары орындалмаған кезде (шарттық бұзылу жағдайын көрсету) оны тараптар бұзуға құқылы.

      Қорғаншылық және                Патронат тәрбиешi
      қамқоршылық органы              (патронат отбасы)
      _______________________         __________________
      (есеп шоты, мекен-жайы)              (тегi)
      _______________________         қолы______________
       (тегi, лауазымы)
      қолы __________________

Об утверждении Правил выплаты денежных средств на содержание ребенка (детей), переданного патронатным воспитателям

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 марта 2004 года № 306. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 381

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.03.2012 № 381 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В целях реализации статьи 123 Закона Республики Казахстан от 17 декабря 1998 года
"О браке и семье" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выплаты денежных средств на содержание ребенка (детей), переданного патронатным воспитателям.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан
 

  Утверждены             
постановлением Правительства    
Республики Казахстан        
от 11 марта 2004 года N 306    

Правила выплаты денежных средств на содержание
ребенка (детей), переданного патронатным воспитателям

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выплаты денежных средств на содержание ребенка (детей), переданного патронатным воспитателям, определяют порядок и размер ежемесячных выплат денежных средств на содержание ребенка (детей), переданного патронатным воспитателям (далее - Правила).
      2. Выплата ежемесячных денежных средств на содержание ребенка (детей), переданного патронатным воспитателям, производится на несовершеннолетнего, который остался без попечения единственного или обоих родителей в связи с ограничением или лишением их родительских прав, признанием родителей безвестно отсутствующими, объявлением их умершими, признанием недееспособными (ограниченно дееспособными), отбыванием родителями наказания в местах лишения свободы, уклонением родителей от воспитания ребенка или от защиты его прав и интересов, в том числе при отказе родителей взять своего ребенка из воспитательного или лечебного учреждения.
 

                         2. Порядок выплаты денежных средств на содержание
                ребенка (детей), переданного патронатным воспитателям
 
            3. Выплата денежных средств на содержание ребенка (детей), переданного патронатному воспитателю, производится со дня вынесения решения о назначении денежных средств на основании заключения между патронатным воспитателем и органом опеки и попечительства Типового договора о передаче ребенка (детей) на воспитание под патронат (согласно приложению).
      В случае установления патроната патронатный воспитатель обращается с письменным заявлением о назначении денежных средств и документами, указанными в пункте 4 настоящих Правил, в орган опеки и попечительства, на учете которого состоит подопечный.
      4. Для получения денежных средств на ребенка патронатный воспитатель представляет в орган опеки и попечительства по месту жительства ребенка:
      1) заявление о назначении денежных средств;
      2) копию свидетельства о рождении ребенка;
      3) копии документов, подтверждающих факт отсутствия попечения над ребенком единственного или обоих родителей (решение суда о лишении родителей родительских прав, свидетельство о смерти и другие);
      4) справку об обучении ребенка (детей) в организации образования;
      5) договор между патронатным воспитателем и органом опеки и попечительства.
      5. Орган опеки и попечительства в 15-дневный срок с момента обращения патронатного воспитателя принимает решение о назначении денежных средств, копия которого выдается патронатному воспитателю.
      6. Не выплачиваются денежные средства на подопечных детей, которые находятся на полном государственном обеспечении в организации образования, независимо от форм собственности.
      Решение органа опеки и попечительства об отказе в назначении денежных средств на подопечного может быть обжаловано патронатным воспитателем в суде.
      7. Выплата денежных средств, предусмотренных на содержание ребенка (детей), патронатным воспитателям осуществляется через местные органы управления образованием областей (городов, районов), города республиканского значения и столицы на основании решения органа опеки и попечительства и договора между патронатным воспитателем и органами опеки и попечительства.
      8. Денежные средства на подопечного выплачиваются патронатному воспитателю ежемесячно в полном размере органом опеки и попечительства через местные органы управления образованием областей (городов, районов), города республиканского значения и столицы не позднее 15 числа предыдущего месяца.
      9. Денежные средства на ребенка, находящегося под патронатом, назначаются и выплачиваются патронатному воспитателю до достижения подопечным 18-летнего возраста, включая месяц его рождения, за исключением случаев, которые могут повлечь за собой досрочное прекращение их выплаты.
      Денежные средства на обучающегося подопечного в возрасте от 16 до 18 лет выплачиваются при представлении патронатным воспитателем справки из организации образования, независимо от типа, вида и ведомственной принадлежности. Справка представляется два раза в учебный год с 1 по 15 октября и с 1 по 15 марта.
      10. При выплате денежных средств на подопечных детей в возрасте от 16 до 18 лет, не обучающихся и не трудоустроенных по состоянию здоровья (при наличии медицинского заключения), отсутствии рабочих мест или иных оснований, патронатный воспитатель ежеквартально представляет в орган опеки и попечительства соответствующие документы, подтверждающие наличие этих оснований для продолжения выплаты денежных средств.

3. Размеры и основания прекращения выплаты денежных средств на
содержание ребенка (детей), переданного патронатным воспитателям

      11. Выплата денежных средств на содержание ребенка (детей), переданного патронатным воспитателям, производится ежемесячно (со дня заключения договора между патронатным воспитателем и органом опеки и попечительства) в следующих размерах:
      питание за одного ребенка дошкольного возраста - 6 месячных расчетных показателей;
      питание за одного ребенка школьного возраста - 7 месячных расчетных показателей;
      одежда, обувь и мягкий инвентарь для одного ребенка - 3 месячных расчетных показателя.
      12. Выплата денежных средств патронатному воспитателю прекращается по следующим основаниям:
      1) достижение подопечным совершеннолетия;
      2) устройство подопечного на полное государственное обеспечение в воспитательное, лечебное учреждение, учреждение социальной защиты населения для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, и другие аналогичные учреждения;
      3) усыновление подопечного ребенка;
      4) трудоустройство несовершеннолетнего;
      5) отстранение патронатного воспитателя от исполнения своих обязанностей;
      6) истечение срока или досрочное расторжение договора.
      13. Прекращение выплаты денежных средств производится по решению органа опеки и попечительства с месяца, следующего за месяцем, в котором возникли обстоятельства, влекущие за собой прекращение выплаты.
      14. О прекращении выплаты денежных средств патронатный воспитатель извещается органом опеки и попечительства в месячный срок со дня принятия решения.
      15. Контроль за выполнением возложенных на патронатных воспитателей обязанностей по содержанию, воспитанию и образованию ребенка (детей) осуществляется органом опеки и попечительства.

4. Заключительные положения

      16. Начисленные денежные средства, своевременно не полученные патронатным воспитателем, выплачиваются за прошедший период, если обращение за ними последовало до достижения подопечным 18-летнего возраста.
      Денежные средства, не полученные по вине органа опеки и попечительства, выплачиваются за весь прошедший период.
      17. Неправомерно выплаченные и полученные денежные средства взыскиваются с патронатного воспитателя, если переплата произошла в результате злоупотребления со стороны получателя.
      Взыскание излишне выплаченных средств производится на основании решения суда.
      18. Патронатный воспитатель извещает орган опеки и попечительства о своем переезде. При переезде патронатного воспитателя, получающего денежные средства на подопечного, выплата производится органом опеки и попечительства по новому месту жительства по получению личного дела подопечного и его регистрации.
      19. Документы по назначению и выплате денежных средств на питание, приобретение одежды, обуви, мягкого инвентаря на детей, находящихся под патронатом, хранятся в органе опеки и попечительства в личных делах подопечных.

Приложение                    
к Правилам выплаты денежных средств       
на содержание ребенка (детей),        
переданного патронатным воспитателям      

Типовой договор о передаче ребенка (детей)
на воспитание под патронат

_______________                                           "__"_____200__г. N __
(город, район)

      1. Орган опеки и попечительства, действующий на основании статьи 100 Закона Республики Казахстан от 17 декабря 1998 года "О браке и семье", в лице
____________________________________________________________________
                  (должность, фамилия, имя, отчество)

и граждане (-ин, -ка) ______________________________________________
               (должность, фамилия, имя, отчество, паспортные данные)
проживающие (ий, ая) _______________________________________________
                                  (адрес)
далее именуемые - патронатный воспитатель (патронатная семья), заключили настоящий договор о нижеследующем:

Предмет договора

      2. Орган опеки и попечительства передает на воспитание патронатному воспитателю (патронатной семье)_______________________________________________,
                              (фамилия, имя, отчество)
а патронатный воспитатель (патронатная семья) принимает на воспитание под патронат (в патронатную семью) ребенка (детей) ________________________________
                                    (фамилия, имя, отчество детей,
___________________________________________________________________
   N, серия свидетельства о рождении, кем и когда выдано)

и обязуется создать необходимые жилищно-бытовые условия для проживания, воспитания и
обучения, а также физического, психического, нравственного и духовного развития.
      3. Передача ребенка (детей) патронатному воспитателю (патронатной семье) оформляется решением органа опеки и попечительства.
      Ребенок, достигший 10-летнего возраста, передается на воспитание под патронат патронатному воспитателю (патронатной семье) с его письменного согласия, которое является неотъемлемой частью настоящего договора.

Права и обязанности сторон

      4. Права и обязанности органа опеки и попечительства:
      осуществляет контроль за содержанием и воспитанием ребенка, состоянием его здоровья, управлением его имуществом;
      рекомендует формы и методы обучения и воспитания;
      передает патронатному воспитателю (патронатной семье) следующие документы:
      свидетельство о рождении;
      медицинскую справку о состоянии здоровья и выписку из истории болезни ребенка;
      документ об образовании;
      документы о родителях (копии свидетельства о смерти, приговор или решение суда, справку о болезни, розыске родителей или в иных случаях отсутствия родительского
попечения);
      справку о наличии братьев или сестер и их место нахождения;
      опись имущества, принадлежащего ребенку, и сведения о лицах, отвечающих за его сохранность;
      документы о закреплении ранее занимаемой жилой площади за несовершеннолетним;
      копию решения суда о взыскании алиментов, а также документы, подтверждающие право на пособие, пенсию и другие социальные выплаты;
      документ о наличии счета, открытого на имя ребенка (детей) в банковском учреждении;
      иные документы.
      5. Орган опеки и попечительства через управления и отделы образования обязуется перечислять ежемесячно, не позднее 15 числа предыдущего месяца, на банковские счета патронатного воспитателя (патронатной семьи) денежные средства, исходя из установленных норм материального обеспечения в соответствии с Правилами.
      6. Права и обязанности патронатного воспитателя (патронатной семьи):
      определяет способы воспитания ребенка (детей) с учетом его (их) мнения и
рекомендаций органов опеки и попечительства;
      выбирает образовательное учреждение и формы обучения;
      обеспечивает условия для получения ребенком (детьми) соответствующего образования;
      обеспечивает сохранность переданных патронатному воспитателю (патронатной семье) документов на ребенка (детей);
      воспитывает ребенка (детей), заботится о его здоровье, физическом, психическом, нравственном и духовном развитии в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      извещает орган опеки и попечительства о возникновении неблагоприятных условий для содержания, воспитания и образования ребенка (детей).
      7. Настоящий договор заключен сроком на _________и вступает в силу с момента подписания.
      8. Срок действия настоящего договора может быть продлен по взаимному согласию сторон за ___________________________ о его истечения.
      9. Споры, возникающие между сторонами в процессе исполнения настоящего договора, рассматриваются сторонами в срок _________после их возникновения в целях выработки согласованного решения, а при недостижении соглашения передаются на разрешение в суд.

Досрочное расторжение договора

      10. Настоящий договор может быть расторгнут досрочно:
      по инициативе патронатного воспитателя (патронатной семьи) при наличии уважительных причин (болезни, отсутствия взаимопонимания с ребенком (детьми), изменений семейного или имущественного положения);
      по инициативе органа опеки и попечительства в случаях возникновения у патронатного воспитателя (патронатной семьи) неблагоприятных условий для содержания, воспитания и образования ребенка (детей), или в случае возвращения ребенка (детей) родителям, или в случае усыновления ребенка (детей).
      11. Договор составлен в двух экземплярах, каждый из которых имеет одинаковую юридическую силу.
      12. При невыполнении условий настоящего договора стороны вправе его расторгнуть (указать условия расторжения договора).
 

        Орган опеки и попечительства              Патронатный воспитатель
                                                  (патронатная семья)

      __________________________                __________________________
       (расчетный счет, адрес)                         (фамилия)
      __________________________                подпись __________________
       (фамилия, должность)

      подпись __________________