Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарымен жұмысты одан әрi жетiлдiру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау туралы ереже мен Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы N 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 43, 503-құжат):
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының басшылары жыл сайын 1 қыркүйектен кешiктiрмей, Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияға "Болашақ" бағдарламасы бойынша мамандар даярлауға өтiнiм берiп тұрсын.";
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау туралы ереже осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған Жарлықпен бекiтiлген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы ережеде:
1-тармақтағы комиссияның толық атауынан басқа, бүкiл мәтiн бойынша "республикалық комиссия" деген сөздер "Республикалық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Республикалық комиссияның жұмыс органы болып табылады.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Болашақ" стипендиясы бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылатын, Қазақстан неғұрлым қажетсiнетiн мамандықтардың жыл сайынғы тiзбесiн бекiту";
5-тармақта "қамтамасыз етедi" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ жұмыс органының ұсынуы бойынша стипендиаттарды iрiктеудiң бiрiншi турын өткiзу жөнiндегi сарапшы комиссияның ережесi мен құрамын бекiтедi." деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта "жоғары оң орындарының ректорлары мен шетелдiк тәуелсiз" деген сөздер "жұмыс органы және шетелдiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жұмыс органы мынадай функцияларды жүзеге асырады:"
үшiншi абзацта "өткізудiң ұйымдастырылуын" деген сөздер "ұйымдастыруды және өткiзудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацта "қажетті құжаттардың" деген сөздердiң алдынан "Болашақ" стипендиясы бойынша шетелде оқуды ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Болашақ" стипендиясына үмiткерлердiң құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;
стипендиаттармен келiсiм-шарттар жасасады және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi;
шетелдiк әрiптестер және Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi ұсынатын шоттардың негiзiнде "Болашақ" стипендиаттарын оқытуға жұмсалатын шығыстардың сметасын жасайды;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шетелдiк жоғары оқу орындарында "Болашақ" стипендиаттарының оқуына ақы төлеу үшiн валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргiзуге лицензия алады;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау туралы ереженiң 2-тармағына сәйкес шетелдiк әрiптестер мен шетелдегi мекемелердiң шоттарына ақша аудару жолымен оқуы, тұруы, тамақтануы үшiн ақыны және басқа да шығыстарды төлеудi жүзеге асырады;
Республикалық комиссияның қарауына "Болашақ" стипендиясы бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылатын Қазақстан неғұрлым қажетсiнетiн мамандықтар тiзбесiн енгiзедi";
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысын орындау iсiндегi елеулi кемшiлiктер туралы" 1997 жылғы 3 наурыздағы N 3375 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 68-құжат; 2000 ж., N 43, 503-құжат; 2002 ж., N 22, 230-құжат; 2003 ж., N 29, 282-құжат):
7-тармақта:
аталған Жарлықпен бекiтiлген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамына:
Оралбай Әбдiкәрiмов - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
хатшысы, төраға;
болып енгiзiлсiн;
мынадай:
"Әбдiрахымов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Ғабидулла Рахматуллаұлы қызмет icтepi жөнiндегi агенттiгi
төрағасының орынбасары, Қазақстан
Республикасы Президентiнiң "Болашақ"
стипендиясы түлектерi қауымдастығының
президентi"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Әбдiрахымов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Ғабидулла Рахматуллаұлы қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң
төрағасы, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң "Болашақ" стипендиясы
түлектерi қауымдастығының президентi";
Республикалық комиссияның көрсетiлген құрамынан Шәмша Көпбайқызы Беркiмбаева, Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов, Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков шығарылсын.
2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 20 наурыздағы
N 360 Жарлығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы 12 қазандағы
N 470 Жарлығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 қаулысымен бекiтiлген, шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына (бұдан әрi - "Болашақ" стипендиясы) үмiткерлердi iрiктеу мен оны тағайындаудың тәртiбiн айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. "Болашақ" стипендиясы дербес болып табылады және оны жарияланатын рейтингтерге сәйкес үздiк көрсеткiштерге ие болған шетелдiк жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасы үшiн экономика мен әлеуметтiк аяның басым салалары бойынша магистр (шебер) дәрежесiндегi мамандар, сондай-ақ бiлiм беру және ғылым ұйымдары үшiн доктор дәрежесiндегi ғылыми-педагогикалық кадрлар және денсаулық сақтау ұйымдары үшiн клиникалық ординатура, аспирантура және докторантура деңгейiнде мамандар даярлау мақсатында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия (бұдан әрi - Республикалық комиссия) жыл сайын тағайындайды.
2. "Болашақ" стипендиясы республикалық бюджеттен төленедi және ол оқу, визаларды ресiмдеу үшiн салатын шығыстардың барлық түрiне ақы төлеудi, шетелдiк жоғары оқу орындарының сауалнама нысандарына ақы төлеудi, қабылдаушы елдердiң уәкiлеттi органдарында стипендиаттарды тiркеудi, стипендиаттарды шетелдiк жоғары оқу орындарына орналастыру жөнiндегi шығыстарға ақы төлеудi, телефон, электрондық, почта байланысына, тұруына, тамақтануына, оқулық әдебиетке, медициналық сақтандыруға, оқуға түскен кезде Қазақстанда тұратын жерiнен оқитын жерiне және оқуды бiтiргеннен кейiн қайтуға, оқу мерзiмi бiр жылдан астам болған жағдайда әрбiр оқу жылынан кейiн Қазақстандағы тұратын жерiне дейiнгi және қайту жолына, үмiткерлердi iрiктеу жөнiндегi сарапшы комиссияның шығыстарын, шетелдiк әрiптестердiң Республикалық комиссияның жұмыс органымен шарттары бойынша олардың мiндеттемелерiн орындауына байланысты шығыстарын, сондай-ақ, конкурстық iрiктеудi ақпараттық қолдауды: бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды, конкурстың қорытындыларын ресми баспасөзде жариялауды, өңiрлердегi тұсаукесер iс-шараларды қамтиды.
Стипендияның мөлшерiн әрбiр оқу орны бойынша шетелдiк оқу орны, шетелдiк әрiптестер, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi ұсынған калькуляцияның негiзiнде Республикалық комиссияның жұмыс органы белгiлейдi.
3. "Болашақ" стипендиясы магистратурада оқу үшiн 1 жылдан 2 жылға дейiнгi мерзiмге, аспирантура мен докторантурада оқу үшiн 3 жылдан 4 жылға дейiнгi, бiрақ шетелдiк оқу орнының оқу жоспарында көзделген мерзiмнен аспайтын мерзiмге тағайындалады. Осы Ереженiң 6-тармағының екiншi абзацында көзделген жағдайларда оқу мерзiмi бiр семестрге ұзартылады. Стипендия стипендиаттарға Республикалық комиссияның жұмыс органы мен стипендиат арасында жасалатын келiсiм-шарттың негiзiнде бөлiнедi.
"Болашақ" стипендиясы бiр рет тағайындалады.
2. "Болашақ" стипендиясына
үмiткерлерге қойылатын талаптар
4. "Болашақ" стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысуға мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс iстеген Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейiнгi азаматтары жiберiледi. Медициналық мамандықтар бойынша оқуға үмiткерлердiң денсаулық сақтау ұйымдарындағы 3 жылдан кем емес жұмыс стажы болуға тиiс. Магистрлiк бағдарлама бойынша ординатура мен аспирантурада оқу үшiн үмiткердiң кәсiптiк жоғары бiлiмi болуға тиiс. Докторлық бағдарлама бойынша оқу үшiн үмiткердiң магистр немесе ғылым кандидаты дәрежесi болуға тиiс.
Конкурсқа сондай-ақ әлемнiң алдыңғы қатарлы елдерiнiң жарияланатын рейтингтерге сәйкес үздiк көрсеткiштерге ие болған шетелдiк жоғары оқу орындарына магистратураға, аспирантураға, докторантураға өз бетiнше оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары да қатыса алады.
5. Кандидаттар мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс:
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнын бiтiргендегi орташа үлгерiм балы 4,5-тен кем болмауға тиiс;
қабылдаушы тараптың тиiстi тестiлерi мен емтихандарын тапсырғаны туралы сертификаттармен, шетелдiк тәуелсiз сарапшы комиссияның тұжырымымен немесе басқа да құжаттармен расталған шет тiлдерiнiң (ағылшын, немiс, француз және басқа) бiрiн еркiн бiлуге;
компьютердi пайдаланушы режимiнде бiлуге;
жарияланымдармен, авторлық куәлiктермен, баяндамалардың тезистерiмен, дипломдармен, грамоталармен расталған ғылыми-зерттеу жұмысына белсене және нәтижелi қатысуы;
Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiн, мемлекеттiк құрылымын, мемлекеттiк рәмiздерiн бiлуге тиiс.
Доктор дәрежесiне оқуға үмiткерлер сондай-ақ бiлiм беру (ғылым) ұйымының Ғылыми кеңесiнiң ұсынымын тапсыруға тиiс.
Шетелдiк оқу орындарына магистр, аспирант, доктор бағдарламалары бойынша өз бетiмен оқуға түскен тұлғалар:
дәлелдi өтiнiшiн;
үмiткер оқып жатқан шетелдiк оқу орнының ұсынымын қосымша ұсынады.
Доктор бағдарламасы бойынша оқуға түскендер сондай-ақ шетелдiк оқу орны бекiткен докторлық диссертациясының кеңейтiлген жоспарын тапсырады.
6. Инженерлiк, техникалық және медициналық мамандықтар бойынша үмiткерлер "Болашақ" стипендиясына арналған конкурсқа осы Ереженiң 5-тармағында көзделген шет тiлдерiнiң бiрiн еркiн бiлуi туралы талап ескерiлместен, қатыса алады.
Инженерлiк, техникалық және медициналық мамандықтар бойынша оқытуға арналған конкурстың жеңiмпаздарына "Болашақ" стипендиясының есебiнен шет тiлi бойынша бiр семестрлiк даярлықтан өтуге рұқсат берiледi. Егер стипендиат шет тiлiн магистр, ординатор, аспирант немесе доктор бағдарламасы бойынша оқу үшiн қажеттi көлемде меңгермеген жағдайда, ол "Болашақ" стипендиясы бойынша оқуын одан әрi жалғастыру құқығынан айырылады және шет тiлiн алдын ала үйренуге жұмсалған шығындарды республикаға өтейдi.
3. "Болашақ" стипендиясын алуға
үмiткерлердi iрiктеудiң тәртiбi
7. "Болашақ" стипендиясын алуға iрiктеу үш турдан тұрады, ал әлемнiң алдыңғы қатарлы елдерiнiң жарияланатын рейтингтерге сәйкес үздiк көрсеткiштерге ие болған жоғары оқу орындарында магистр, ординатор, аспирант, доктор бағдарламалары бойынша оқуға өз бетiнше түскен азаматтар үшiн бiр турдан (соңғы үшiншi тур) тұрады.
Бiрiншi турға осы Ереженiң 5, 6-тармақтарында баяндалған өлшемдерге сәйкес келетiн және жыл сайын Республикалық комиссия бекiтетiн Қазақстан неғұрлым қажетсiнетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес салаларда маманданып жүрген кандидаттардың қатысуға құқығы бар.
Жұмыс органы бiрiншi турды өткiзуге дейiн ресми баспасөзде конкурстың басталуы туралы хабарландыру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау туралы ереженi жариялайды, сондай-ақ үмiткерлердiң құжаттарын қабылдауды және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады, осыдан кейiн оларды сарапшы комиссияның қарауына жiбередi.
Конкурстың бiрiншi турын сарапшы комиссия жыл сайын 25 ақпан - 25 наурыз аралығында өткiзедi. Сарапшы комиссияның ережесi мен құрамын жұмыс органының ұсынуы бойынша Республикалық комиссияның төрағасы бекiтедi.
Жұмыс органы конкурстың бiрiншi турынан кейiн он күн iшiнде ресми баспасөзде конкурстың екiншi турына ұсынылған үмiткерлердiң тiзiмiн жариялайды және оны шетелдiк сарапшы комиссияға бередi.
Конкурстың екiншi турын жыл сайын 10 сәуiр - 10 мамыр аралығында шетелдiк сарапшы комиссия өткiзедi. Бiрiншi турдан ойдағыдай өткен үмiткерлер шет тiлдерiнiң бiрiн еркiн меңгергендiгiне тестiлеуден және әңгiмелесуден өтедi. Шетелдiк сарапшы комиссияның құрамын және жұмысын ұйымдастыруды "Болашақ" стипендиаттарын оқуға қабылдайтын шетелдiң уәкiлеттi ұйымымен бiрлесiп, Республикалық комиссияның жұмыс органы белгiлейдi. Тестiлеудiң нәтижелерi бойынша сарапшылар жұмыс органы белгiлеген нысанда әр кандидатура бойынша өзiнiң қорытындысын бередi.
Әрбiр кандидатура бойынша жеке қорытындылар Республикалық комиссияның жұмыс органына екiншi тур аяқталғаннан кейiн бiр ай мерзiмде тапсырылады.
Республикалық комиссияның жұмыс органы шетелдiк сарапшылардың қорытындылары мен "Болашақ" стипендиясына үмiткерлердiң ресми сертификаттарының көшiрмелерiн, екi iрiктеу турынан ойдағыдай өткен, сондай-ақ әлемнiң алдыңғы қатарлы елдерiнiң үздiк жоғары оқу орындарына магистр, ординатор, аспирант немесе доктор бағдарламалары бойынша өз бетiнше оқуға түскен үмiткерлердiң жеке iстерiмен қоса үшiншi турға ұсынады.
Конкурстың үшiншi турын Республикалық комиссия жыл сайын 20 шiлдеден кешiктiрмей өткiзедi.
Республикалық комиссия екi iрiктеу турынан өткен, сондай-ақ әлемнiң алдыңғы қатарлы елдерiнiң үздiк жоғары оқу орындарына магистр, ординатор, аспирант немесе доктор бағдарламалары бойынша өз бетiнше оқуға түскен үмiткерлердiң жеке iстерiн зерделейдi және жеке әңгiмелесу өткiзедi. Республикалық комиссия әңгiмелесудiң нәтижелерiне және Қазақстан Республикасының мамандарға деген қажеттiлiгiне сәйкес стипендияға кандидаттарды iрiктейдi.
8. Шетелде оқуға ұсынылған үмiткерлерге "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы түпкiлiктi шешiмдi Республикалық комиссия қабылдайды. Шешiм мәжiлiстiң хаттамасымен ресiмделедi және оған комиссияның қатысып отырған барлық мүшелерi қол қояды.
4. Шетелде оқыту үшiн стипендиатпен келiсiм-шарт
мiндеттемелерiн жасасу мен орындау
9. Республикалық комиссия "Болашақ" стипендиаттарының тiзiмiн бекiткеннен кейiн Республикалық комиссияның жұмыс органы стипендиатпен келiсiм-шарт жасасады.
Келiсiм-шарт мiндеттi түрде:
келiсiм-шарттың мәнiн;
тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн;
осы Ереженiң 12-тармағында көзделген жағдайда стипендиаттың оны оқытуға жұмсалған қаражатты қайтаруы жөнiндегi мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз етудiң тәсiлiн;
оқытудың мерзiмi мен шарттарын;
осы Ереженiң 13-тармағында көзделген жағдайдан басқа, стипендиаттың (шетелде оқуы аяқталғаннан кейiн) бес жыл жұмыс iстеуi үшiн мiндеттi түрде Қазақстан Республикасына қайтып оралуы туралы шартты қамтуы тиiс.
10. Келiсiм-шарт "Болашақ" стипендиаттарын оқытуға шетелдiк әрiптестерге, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiне ақша аудару үшiн негiз болып табылады.
11. Шетелдiк әрiптестерге, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiне ақша аударғаннан кейiн Республикалық комиссияның жұмыс органы келiсiм-шартта көрсетiлген мерзiмде шетелдiң жоғары оқу орындарында оқыту үшiн стипендиаттарды жiберудi қамтамасыз етедi.
12. Егер стипендиат оқу бағдарламасынан дәлелсiз себептермен шығып қалса, келiсiм-шартта көзделген өзiнiң мiндеттемелерiн орындамаса, ол оны оқытуға салған ақшаның бүкiл сомасын қайтаруға тиiс.
13. Стипендиаттың Республикалық комиссияның жазбаша келiсiмiн алған жағдайда шетелдегi халықаралық ұйымға еңбекпен өтуі үшiн жұмысқа тұруына құқығы бар.
Стипендиаттардың жұмысқа тұруға құқығы бар халықаралық ұйымдардың тiзбесiн жыл сайын Республикалық комиссия бекiтедi.
14. Стипендиат келiсiм-шартта көрсетiлген форс-мажорлық жағдайлардың салдарынан өзiнiң мiндеттемелерiн толық немесе ішінара орындамаған жағдайда оған жауапты болмайды.