Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне "Медетші қop" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы, төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 42428300 (қырық екi миллион төрт жүз жиырма сегiз мың үш жүз) теңгe бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі