Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 432 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен.

      "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегі  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 506-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ережеде:
      11-тармақ мынадай мазмұндағы 13-5), 13-6), 13-7), 13-8), 13-9) және 13-10) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "13-5) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты қалааралық облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) автомобиль тасымалдауларын ұйымдастырады, тиiстi облыстардың (астана мен республикалық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарымен көрсетiлген бағыттар бойынша қозғалыс кестесiн келiседi;
      13-6) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты халықаралық автомобиль тасымалдауларын ұйымдастырады, көрсетiлген тасымалдаулардың бағыттары бойынша қозғалыс кестесiн келiседi;
      13-7) жолаушылар мен теңдеме жүктiң тұрақты халықаралық және қалааралық облысаралық автомобиль тасымалдауларының бағыттар тiзiлiмiн жүргiзедi;
      13-8) өз құзыретiнiң шегінде автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi;
      13-9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;
      13-10) автомобиль көлiгi саласындағы қоғамдық бiрлестiктермен және заңды тұлғалардың қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы бiрлестiктерiмен мемлекеттiң өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 1999 года N 1756

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 2004 года N 432. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 24 ноября 2004 г. N 1232 (P041232).

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.11.2004 № 1232.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 1999 года N 1756 "Вопросы Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 51, ст. 506) следующие дополнения:

      в Положении о Министерстве транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 11 дополнить подпунктами 13-5), 13-6), 13-7), 13-8), 13-9) и 13-10) следующего содержания:

      "13-5) организует регулярные междугородние межобластные (включая столицу и город республиканского значения) автомобильные перевозки пассажиров и багажа, согласовывает расписания движений по указанным маршрутам с местными исполнительными органами соответствующих областей (столицы и города республиканского значения);

      13-6) организует регулярные международные автомобильные перевозки пассажиров и багажа, согласовывает расписания движения по маршрутам указанных перевозок;

      13-7) ведет реестр маршрутов регулярных международных и междугородных межобластных автомобильных перевозок пассажиров и багажа;

      13-8) в пределах своей компетенции участвует в осуществлении международного сотрудничества в сфере автомобильного транспорта и представляет интересы Республики Казахстан в международных организациях и иностранных государствах;

      13-9) осуществляет лицензирование отдельных видов деятельности, подлежащих лицензированию, в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      13-10) обеспечивает взаимодействие государства с общественными объединениями и объединениями юридических лиц в форме ассоциаций (союзов) в сфере автомобильного транспорта".

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан