Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 қазандағы N 1359 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 сәуірдегі N 497 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 қазандағы N 1359 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 475-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысаны осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 30 сәуірдегі 
N 497 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2001 жылғы 24 қазандағы 
N 1359 қаулысымен    
бекiтiлген        

Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы
астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысаны

_________________              N        200_ жылғы "___"_________
  (елдi мекен)

      Бұдан әрi "Иеленушi" деп аталатын, _________ негiзiнде әрекет
ететiн _______________ атынан _______________ және бұдан әрi "АҚК"
                               (астық иесi)
деп аталатын, ____________ негiзiнде әрекет ететiн _______________
атынан, _____________________ бiрлесiп "Тараптар" деп аталатындар,
    (астық қабылдау кәсiпорны)
мына төмендегiлер туралы осы шартты жасасты.

1. Шарттың мәнi

      1. Осы шартқа сәйкес және оның талаптарымен АҚК-нiң астықты сақтау жөнiнде өтелiмдi қызметтер көрсетуі осы шарттың мәнi болып табылады.
      2. Сақтауға берілетін астықтың көлемі мен сипаттамасын, астықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жеткiзiлетiн сапа көрсеткiштерiн осы шарттың 1-қосымшасына сәйкес тараптар анықтайды.

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. АҚК:
      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өтінiмде көрсетiлген сан мен көлемде Иеленушi өтiнiм берген сәтiнен бастап 3 күннен аспайтын мерзiмде сақтауға қабылданған астыққа астық қолхаттарын беруге;
      2) Астықты қабылдағанда оның сапасын анықтауды осы шарттың 1-қосымшасында көрсетілген стандартқа сәйкес жүзеге асыруға;
      3) Иеленушi берген астықты астық қолхаттарында көрсетiлген caн мен сапада сақтауды қамтамасыз етуге;
      4) Мемлекеттiк стандарттармен, техникалық регламенттермен, техникалық шарттармен және нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгiленген сақтау шарттарын орындауға;
      5) Астықтың сақталу орнын қарауға және астықтың сынамаларын iрiктеп алуға Иеленушiге не оның уәкiлеттi өкiлiне мүмкiндiк беруге;
      6) Иеленушiнiң талабы бойынша, Иеленушiнiң астықты босатуға жазбаша өтiнiмiн тiркеген сәттен бастап он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, астық қолхатына айырбасқа, өтiнiмде көрсетiлген астықтың көлемiн босатуды (тиеп жіберудi) бастауға және оны "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  31 және   40-баптарында және осы шарттың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, АҚК-нiң техникалық мүмкiндiктерiне сәйкес аяқтауға мiндеттенедi. Астықты босату (тиеп жiберу) астық рыногы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу ережесiне сәйкес жүргiзiледi;
      7) Сақталудағы астықтың жойылу немесе бүлiну қаупi туындаған жағдайларды қоспағанда, Иеленушiнiң келiсiмiнсiз үшiншi тұлғалардың астық қоймаларына сақтауға астықты ауыстырмауға. Үшiншi тұлғаға, астықты сақтауға бергенi туралы АҚК Иеленушiге тезарада хабарлауға мiндеттi. Бұл ретте АҚК астықты сақтауға берген үшiншi тұлғаның әрекетiне толық жауап бередi;
      8) Иеленушiге оның өтiнiмi бойынша үш жұмыс күнi iшiнде AҚК-нiң техникалық мүмкiндiктерi, осы шарттың 2-қосымшасына сәйкес Иеленушiге тиесiлi астықтың бар-жоғы және қозғалысы туралы ақпаратты, сондай-ақ оның дербес шоты бойынша астық есебiнiң деректерiн беруге;
      9) Жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты жөндеуге тоқтатуға дейiн 45 күн қалғанда, астық рыногы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Астықты сақтау ережесiмен белгіленген мерзiмнен аспауға тиiс жөндеудi жүргізудiң мерзiмiн көрсетiп, астықты қабылдау мен босатудың (тиеп жiберудiң) мүмкiн еместігі туралы Иеленушiнi хабардар етуге;
      10) Егер АҚК астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатыспаған жағдайда, осы шарт бойынша өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға;
      11) Астықты сақтау процесiнде зиянкестермен астықтың бүлдiрiлгенi анықталған жағдайда, өз есебiнен зарарсыздандыруды жүргiзуге;
      12) Астықты сақтау бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясын тоқтата тұру, қайтып алу туралы, сондай-ақ қайта ұйымдастырылуы, атауының өзгергені туралы шешiмнiң қабылданғаны туралы, банкроттық рәсiмiнiң қозғалғаны, АҚК-нiң өз еркiмен таратылуы туралы тиiстi шешiм қабылданған сәтiнен бастап үш жұмыс күнi ішiнде Иеленушiге жазбаша хабарлауға;
      13) Астық рыногы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргізу ережесiне сәйкес астықты осы шарттың 1-қосымшасында белгiленген сапалық көрсеткiштерге дейiн жеткiзу нәтижесiнде алынған астық қалдығын қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
      2. АҚК-нiң:
      1) Осы шарттың 3-бөлiмiне сәйкес қызметтер көрсету үшiн ақы төлеудi талап етуге;
      2) Көрсетiлген қызметтер көрсетуге ақы төлеу бойынша Иеленушінің берешегi болса, астықты босатудан (тиеп жiберуден) бас тартуға;
      3) Астықты босатуда (тиеп жiберуде) Иеленушiмен бiрлесiп астықты оның астық қолхатында көрсетiлген сандық-сапалық көрсеткiштерге сай екенiн қарауды, немесе өз есебiнен шығыстарды өтей отырып, тәуелсiз сарапшылық бағалауды жүргiзуге құқығы бар;
      3. Иеленушi:
      1) Осы шарттың 3-бөлiмiнде белгіленген тәртiппен және жағдайда AҚК-нiң қызметтер көрсетуiне уақтылы ақы төлеуге;
      2) АҚК-ге астықты алдағы тиеп жiберу туралы жазбаша өтiнiм беруге мiндеттенедi.
      4. Иеленушi:
      1) Астық қолхатында көрсетiлген көлемде АҚК-де сақтаудағы астыққа иелiк етуге;
      2) Осы шарттың 1-қосымшасында көрсетiлген стандарт бойынша астықты қабылдағанда оның сапасын анықтауға;
      3) Астықты қабылдау және босату (тиеп жiберу) кезiнде оны өлшеуге қатысуға;
      4) Астықты сақтау орнын қарауға және астықтың сынамасын iрiктеп aлуғa;
      5) АҚК астықты босату (тиеп жiберу) кезiнде АҚК-мен бiрлесiп астықты оның астық қолхатында көрсетілген сандық-сапалық көрсеткiштерге сай екенiн қарауды, немесе өз есебiнен шығыстарды өтей отырып, тәуелсiз сарапшылық бағалауды жүргiзуге;
      6) Өтiнiм бойынша АҚК-нiң техникалық мүмкiндiктерi, осы шарттың 2-қосымшасына сәйкес Иеленушiге тиесiлі астықтың бар-жоғы және қозғалысы туралы ақпаратты, сондай-ақ оның дербес шоты бойынша астық есебiнiң деректерiн алуға;
      7) Астық қалдығын қайтаруға және астықты осы шарттың 1-қосымшасында белгіленген сапалық көрсеткiштерге дейiн жеткiзу нәтижесiнде алынған астық қалдығына иелiк етуге құқылы.

3. Сыйақы төлеу

      1. Әрбiр операция бойынша жеке астықты сақтау жөнiнде қызметтер көрсету (қабылдау, кептiру, тазалау, сақтау, тиеп жiберу) үшiн АҚК-нiң сыйақы сомасы АҚК-нiң оларды көрсетумен байланысты барлық шығыстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салық және басқа да мiндеттi төлемдердi қамтиды және осы шарттың 1-қосымшасында анықталады.
      2. Рынокта үстем жағдайға ие АҚК қызметтер көрсетуiнің бағалары (тарифтерi) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен анықталады.
      3. Астықты сақтау жөнiндегі қызметтер көрсетуге ақы төлеу ақшамен не Тараптардың келiсiмiмен анықталған баға бойынша индоссамент жасау арқылы сақталудағы астықтың тиiстi көлемiн беру жолымен жүргiзiлуi тиiс.
      4. Қызметтер көрсетуге ақы төлеу мерзiмi Тараптардың келiсiмi бойынша осы шарттың 1-қосымшасына сәйкес анықталады.

4. Шарттың қолданылу мерзiмi

      1. Осы шарт астық рыногы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Астықты сақтау ережесiнде белгiленген сақтау мерзiмiнен аспайтын, Иеленушiнiң талап етуiмен белгiленген мерзiмге жасалды және өзiнiң қолданысын Тараптар өздерiнiң мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда тоқтатады.
      2. АҚК-нiң бастамасымен шартты бұзуға жол берiлмейдi.

5. Тараптардың жауапкершiлігі

      1. Сақталудағы астық жоғалған, кем шыққан, бүлiнген, зақымдалған, сапасы төмендеген жағдайда АҚК Иеленушiнiң пайдасына тиiсiнше жоғалған, кем шыққан, бүлiнген, зақымдалған астықтың не сапасы төмендеген астық құнының ___% мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      2. Осы шарттың 2-бөлiмiнде көзделген өзге де мiндеттемелердi тиiсiнше орындамағаны үшiн АҚК мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
      3. АҚК астықтың жоғалуы, кем шығуы, бүлiнуi, зақымдалуы, сапасының төмендеуi тежеусiз күштің не Иеленушiнiң пиғылы немесе оғаш абайсыздығының салдарынан болғанын дәлелдесе, жауапкершiлiктен босатылады.
      4. Айыппұл санкцияларының сомасы, астық құнының өтемi, сондай-ақ АҚК әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нәтижесiнде Иеленушiге келген зияндардың сомасы өтеу сәтiнде қалыптасқан баға бойынша анықталады.
      5. Тараптар белгiлеген сыйақы төлеу мерзiмiн Иеленушi бұзған жағдайда Иеленушi әрбiр мерзiмi өткен күнтiзбелiк күн үшiн төленбеген соманың % мөлшерiнде өсiмақы төлейдi.
      6. Басқа Тараптың қабылдаған мiндеттемелерiн орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы нәтижесiнде Тараптардың бiреуiне келген зияндар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрақсыздық айыбынан тыс өтеледi.
      7. Айыппұл санкцияларын төлеу Тараптарды осы шарт бойынша қабылданған мiндеттемелердi орындаудан босатпайды.

6. Дауларды қарау тәртiбi

      1. Осы шарт бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар туындаған дауларды сотсыз шешу үшiн барлық шараларды қабылдауға мiндеттенедi.
      2. Туындаған даулар бойынша келiсiмге қол жетпесе, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен сотта қаралуға жатады.

7. Басқа да жағдайлар

      1. Осы шарт бойынша құқықтар мен мiндеттер индоссамент жасалған кезде астық қолхаты бойынша құқықтарды берумен бiр уақытта астық қолхатында көрсетiлген көлемде беріледi. Бұл ретте индоссат индоссамент жасалған сәттен бастап он күнтiзбелiк күннiң iшiнде астық қолхаты бойынша құқықтарды қабылдағаны туралы АҚК-ге хабарлайды.
      2. Қызметтер көрсетуге тарифтер өзгергенде, астық жеткiзілген сапалық көрсеткiштердi жақсарту қажет болғанда немесе AҚК-гe жаңа астық партиялары түскенде тиiстi өзгерiстер осы шартқа қосымша 1-қосымшаға қол қою арқылы ресiмделедi.
      3. Осы шартқа барлық қосымшалар оның ажырамас бөлектерi болып табылады, олар жазбаша түрде ресiмделуi, оларға Тараптардың уәкілеттi өкiлдерiнiң қолдары қойылуы және мөрлермен расталуы тиiс.
      4. Осы шартпен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қолданылады.
      5. Осы шарт Тараптардың әрқайсысы үшiн бiр-бiрден, мемлекеттiк және орыс тiлiнде, бiрдей заң күшi бар 2 дана жасалды.

8. Тараптардың деректемелерi мен қолдары

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Астық қабылдау кәсiпорны       
мен астық иесi арасындағы астықты   
сақтаудың жария шартының үлгі нысанына 
1-қосымша                   

200__ж. "__" _________N______ шартқа астықтың сандық-сапалық көрсеткiштерi және астықты сақтау бойынша қызметтер көрсетудiң құны
"_____"________________200__ ж. N___________

___________________________________________________________________
P/c|Сақтауға берiлетiн астықтың|Стан.|АҚК астықтың жеткiзілетiн
N  |көлемi мен сипаттамасы     |дарты| сапалық көрсеткiштерi
   |---------------------------|     |-----------------------------
   |Да.|Сор. |Себу |Егін|Саны, |     |Ылғал.|Арам.|Дәндiк |Себу
   |қыл|ты,  |стан.|жи. |тонна,|     |дылығы|шөп. |қоспасы|стандарты
   |   |реп. |дар. |нау |дейiн |     |бой.  |тiк  |бойынша|сыныбына
   |   |ро.  |тының|жылы|      |     |ынша  |қос. |  %    |дейiн
   |   |дук. |сыны.|    |      |     | %    |пасы |       |(тұқым
   |   |ция. |бы   |    |      |     |      |бой. |       |үшiн)
   |   |сы   |(тұ. |    |      |     |      |ынша |       |
   |   |(тұ. |қым  |    |      |     |      |  %  |       |
   |   |қым  |үшiн)|    |      |     |      |     |       |
   |   |үшiн)|     |    |      |     |      |     |       |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
Операция түрi                      |Қызметтер көрсету|Төлеу мерзiмi
                                   |бағасы, теңге    |
___________________________________________________________________
Қабылдау, 1 тонна үшiн теңге
Кептiру, 1 тонна-пайыз үшiн теңге
Тазалау, 1 тонна-пайыз үшiн теңге
Сақтау, айына 1 тонна үшiн теңге
Т/ж көлігімен тиеп-жөнелту,
1 тонна үшiн теңге
Автокөлiкпен тиеп-жөнелту, 1 тонна
үшiн теңге
___________________________________________________________________
Соның iшiнде ҚҚС___ %.

      Иеленушi:                     AҚK:
      Басшы:___________             Басшы:_________________

              М.О.                           M.O.

Астық қабылдау кәсiпорны      
мен астық иесi арасындағы астықты   
сақтаудың жария шартының үлгi нысанына 
2-қосымша          

200__ж._______ ________________астықтың бар-жоғы және қозғалысы
        айы    Иеленушiнiң атауы       туралы мәлiметтер

___________________________________________________________________
P/c|Ас.  |Бе.|Жет.|Да.|Сы.|Егін|Сор.|Ре. |Се.  |Ыл. |Арам.|Дән.|Дән
N  |тық  |рі.|кі. |қыл|ны.|жи. |ты  |про.|бу   |ғал.|шөп. |дік |ма.
   |қол. |лу |зу. |   |бы |нау |    |дук.|стан.|ды. |тік  |қос.|ңы.
   |хаты.|кү.|ші  |   |   |жылы|    |ция.|дар. |лығы|қоспа|па  |зы,
   |ның  |ні |    |   |   |    |    |сы  |ты.  | %  | %   |  % |%/
   |се.  |   |    |   |   |    |    |    |ның  |    |     |    |Бе.
   |рия. |   |    |   |   |    |    |    |сы.  |    |     |    |лок,
   |сы   |   |    |   |   |    |    |    |ны.  |    |     |    | %
   |мен  |   |    |   |   |    |    |    |бы   |    |     |    |
   |нө.  |   |    |   |   |    |    |    |     |    |     |    |
   |мірі |   |    |   |   |    |    |    |     |    |     |    |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      таблицаның жалғасы

___________________________________________________________________
Дән|Залал.|Жылтыр.|Таби.|Ай  |Бел. |Кiрiс        |  Шығыс
ма.|дануы |лығы,% |ғаты,|ба. |гі.  |-------------------------------
ңы.|      |       |г/л  |сын.|сі   |Ас. |Ин.|Ас. |Ас. |Индо.|Жө.|Ай
зы.|      |       |     |дағы|(мем.|тық |дос.тық |тық |сса. |не.|со.
ның|      |       |     |қал.|ре.  |қол.|са |қол.|қол.|мент |лту|ңы.
са.|      |       |     |ды. |сурс |ха. |ме.|ха. |ха. |     |   |н.
па.|      |       |     |ғы  |түрі)|тын |нт |тын |тын |     |   |да.
сы,|      |       |     |    |     |ай. |   |қал.|ай. |     |   |ғы
бі.|      |       |     |    |     |ыр. |   |пы. |ыр. |     |   |қа.
рл.|      |       |     |    |     |бас.|   |на  |бас.|     |   |лд.
   |      |       |     |    |     |тау |   |кел.|тау |     |   |ығ.
   |      |       |     |    |     |    |   |тіру|    |     |   |ы
___________________________________________________________________

      АҚК-ның басшысы:________________________

                             М.О.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 октября 2001 года № 1359

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2004 года № 497. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 сентября 2015 года № 745

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 04.09.2015 № 745 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 октября 2001 года N 1359 "Об утверждении типовой формы публичного договора на хранение зерна между хлебоприемным предприятием и владельцем зерна" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 36-37, ст. 475) следующее изменение:
      типовую форму публичного договора на хранение зерна между хлебоприемным предприятием и владельцем зерна, утвержденную указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан
 

Приложение                     
к постановлению Правительства          
Республики Казахстан              
от 30 апреля 2004 года N 497           

Утверждена                    
постановлением Правительства           
Республики Казахстан               

от 24 октября 2001 года N 1359          

Типовая форма публичного договора
на хранение зерна между хлебоприемным
предприятием и владельцем зерна

_____________________          N___         "____"________200__г.
(населенный пункт)
_____________________ в лице ______________________, действующего
  (владелец зерна)
на основании __________________, именуемый в дальнейшем "Владелец",
и _____________________________ в лице ___________________________,
    хлебоприемное предприятие
действующего на основании __________________________, именуемое в
дальнейшем "ХПП", совместно именуемые "Стороны", заключили настоящий договор о нижеследующем.

1. Предмет договора

      1. Предметом настоящего договора является оказание ХПП возмездных услуг по хранению зерна в соответствии и на условиях настоящего договора.
      2. Объем и характеристика передаваемого на хранение зерна качественные показатели, до которых доводится зерно в целях обеспечения его сохранности, определяются сторонами в приложении 1 к настоящему договору.

      2. Права и обязанности сторон

      1. ХПП обязуется:
      1) выдать зерновые расписки на принятое на хранение зерно в срок не более 3 дней с момента подачи заявки Владельца, в количестве и объеме указанных в заявке, в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан;
      2) осуществлять определение качества зерна при его приемке в соответствии со стандартом, указанным в приложении 1 к настоящему договору;
      3) обеспечить сохранность переданного Владельцем зерна в количестве и качестве, указанных в зерновой расписке;
      4) соблюдать условия хранения, установленные государственными стандартами, техническими регламентами, техническими условиями и нормативными правовыми актами;
      5) предоставить Владельцу либо его уполномоченному представителю возможность осмотра места хранения зерна и отбора проб зерна;
      6) по требованию Владельца, не позднее десяти календарных дней с момента регистрации письменной заявки Владельца на отпуск зерна в обмен на зерновую расписку начать отпуск (отгрузку) указанного в заявке количества зерна и закончить его в соответствии с техническими возможностями ХПП, за исключением случаев, предусмотренных статьями 31_ и 40_ Закона Республики Казахстан "О зерне" и пунктом 2. настоящего договора. Отпуск (отгрузка) зерна производится в соответствии с Правилами ведения количественно-качественного учета зерна, утвержденными уполномоченным органом в области зернового рынка;
      7) без согласия Владельца не перемещать зерно на хранение в зернохранилища третьих лиц, за исключением случаев, когда возникла опасность утраты или повреждения хранящегося зерна. О передаче зерна на хранение третьему лицу ХПП обязано незамедлительно уведомить Владельца. При этом ХПП полностью отвечает за действия третьего лица, которому оно передало на хранение зерно;
      8) представлять Владельцу по его заявке в течение трех рабочих дней информацию о технических возможностях ХПП, наличии и движении принадлежащего Владельцу зерна в соответствии с приложением 2 к настоящему договору, а также данные учета зерна по его лицевому счету;
      9) уведомить Владельца о невозможности приемки и отпуска (отгрузки) зерна в связи с проведением плановых ремонтных работ не менее чем за 45 дней до остановки с указанием сроков проведения ремонта, которые не могут превышать сроки, установленные Правилами хранения зерна, утвержденными уполномоченным органом в области зернового рынка;
      10) в случае, если ХПП не участвует в системе гарантирования исполнения обязательств по зерновым распискам, застраховать свою гражданско-правовую ответственность по настоящему договору;
      11) в случае обнаружения зараженности зерна вредителями в процессе хранения за свой счет произвести обеззараживание;
      12) письменно уведомлять Владельца о приостановлении, отзыве лицензии на право осуществления деятельности по хранению зерна, а также о принятии решения о реорганизации, изменении наименования, о возбуждении процедуры банкротства, добровольной ликвидации ХПП в течение трех рабочих дней с момента принятия соответствующего решения;
      13) обеспечить возврат зерноотходов, полученных в результате доведения зерна до качественных показателей, установленных в приложении 1 к настоящему договору, в соответствии с Правилами ведения количественно-качественного учета зерна, утвержденными уполномоченным органом в области зернового рынка.
      2. ХПП имеет право:
      1) требовать оплату за услуги в соответствии с разделом 3 настоящего договора;
      2) отказать в отпуске (отгрузке) зерна при наличии у Владельца задолженности по оплате оказанных услуг:
      3) проводить при отпуске (отгрузке) зерна совместно с Владельцем осмотр зерна на его соответствие количественно-качественным показателям, указанным в зерновой расписке, или независимую экспертную оценку с возмещением расходов за свой счет.
      3. Владелец обязуется:
      1) своевременно оплачивать услуги ХПП в порядке и на условиях, установленных разделом 3 настоящего договора;
      2) подавать ХПП письменную заявку о предстоящей отгрузке зерна.
      4. Владелец имеет право:
      1) распоряжаться хранящимся на ХПП зерном в объеме, указанном в зерновой расписке;
      2) на определение качества зерна при его приемке по стандарту, указанному в приложении 1 к настоящему договору;
      3) присутствовать при взвешивании зерна при его приемке и отпуске (отгрузке);
      4) осуществлять осмотр места хранения зерна и отбирать пробы зерна;
      5) проводить при отпуске (отгрузке) ХПП зерна совместно с ХПП осмотр зерна на его соответствие количественно-качественным показателям, указанным в зерновой расписке, или независимую экспертную оценку с возмещением расходов за свой счет;
      6) получать по заявке информацию о технических возможностях ХПП, наличии и движении принадлежащего Владельцу зерна в соответствии с приложением 2 к настоящему договору, а также данные учета зерна по его лицевому счету;
      7) на возврат ему зерноотходов и распоряжение зерноотходами, полученными в результате доведения зерна до качественных показателей, установленных в приложении 1 к настоящему договору.

3. Выплата вознаграждения

      1. Сумма вознаграждения ХПП за услуги по хранению зерна отдельно по каждой операции (приемка, сушка, очистка, хранение, отгрузка) включает в себя все расходы ХПП, связанные с их оказанием, а также налоги и другие обязательные платежи, предусмотренные законодательством Республики Казахстан, и определяется в приложении 1 к настоящему договору.
      2. Цены (тарифы) на услуги ХПП, занимающего доминирующее положение на рынке, определяются в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      3. Оплата услуг по хранению зерна должна производиться деньгами либо путем передачи соответствующего количества хранимого зерна с совершением индоссамента по ценам, определенным соглашением Сторон.
      4. Сроки оплаты услуг определяются по соглашению Сторон в соответствии с приложением 1 к настоящему договору.

4. Срок действия договора

      1. Настоящий договор заключен на срок, определенный востребованием Владельца, не превышающий сроков хранения, установленных Правилами хранения зерна, утвержденными уполномоченным органом в области зернового рынка, и прекращает свое действие при условии полного исполнения Сторонами своих обязательств.
      2. Расторжение договора по инициативе ХПП не допускается.

5. Ответственность сторон

      1. В случае утраты, недостачи, повреждения, порчи, ухудшения качества хранимого зерна ХПП уплачивает в пользу Владельца штраф в размере _____% от стоимости утраченного, недостающего, поврежденного, испорченного зерна либо зерна, качество которого ухудшилось, соответственно.
      2. За ненадлежащее исполнение иных обязательств, предусмотренных разделом 2 настоящего договора, ХПП уплачивает штраф в размере ______.
      3. ХПП освобождается от ответственности, если докажет, что утрата, недостача, повреждение, порча, ухудшение качества зерна произошли вследствие непреодолимой силы либо умысла или грубой неосторожности Владельца.
      4. Сумма штрафных санкций, возмещение стоимости зерна, а также сумма убытков, причиненных Владельцу в результате действий (бездействия) ХПП, определяются по ценам, сложившимся на момент взыскания.
      5. В случае нарушения Владельцем определенного Сторонами срока оплаты вознаграждения Владелец уплачивает ХПП пеню в размере ___% от неоплаченной суммы за каждый календарный день просрочки.
      6. Убытки, причиненные одной из Сторон в результате неисполнения или ненадлежащего исполнения другой Стороной принятых обязательств, возмещаются сверх неустойки в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      7. Уплата штрафных санкций не освобождает Стороны от исполнения принятых по настоящему договору обязательств.

6. Порядок рассмотрения споров

      1. В случае возникновения споров по настоящему договору Стороны обязуются принять все меры для внесудебного разрешения возникших споров.
      2. При недостижении согласия по возникшим спорам, споры подлежат рассмотрению в суде в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

7. Прочие условия

      1. Права и обязанности по настоящему договору передаются одновременно с передачей прав по зерновой расписке при совершении индоссамента, в объеме, указанном в зерновой расписке. При этом индоссат в течение десяти календарных дней с момента совершения индоссамента уведомляет ХПП о принятии прав по зерновой расписке.
      2. При изменении тарифов на услуги, необходимости улучшения качественных показателей, до которых доводится зерно, или поступлении на ХПП новых партий зерна соответствующие изменения оформляются путем подписания дополнительного приложения 1 к настоящему договору.
      3. Все приложения к настоящему договору являются его неотъемлемыми частями, должны быть оформлены в письменном виде, подписаны уполномоченными представителями Сторон и скреплены печатями.
      4. В части, не урегулированной настоящим договором, применяются нормы законодательства Республики Казахстан.
      5. Настоящий договор составлен в 2 экземплярах, имеющих одинаковую юридическую силу, по одному экземпляру для каждой из Сторон, на государственном и русском языках.

8. Реквизиты и подписи Сторон

_________________________________________________________________ 
_________________________________________________________________ 
_________________________________________________________________
 

Приложение 1                 
к типовой форме               
публичного договора на хранение      
зерна между хлебоприемным         
предприятием и владельцем зерна     

      Количественно-качественные показатели зерна
      и стоимость услуг по хранению зерна к договору
      N ___ от "___"_______200__г.
 

                      N___ "___" ________200__г.

___________________________________________________________________
N ! Объем и характеристика       !Стан-! Качественные показатели,
п/п! передаваемого на хранение    !дарт ! до которых доводится
   ! зерна                        !     ! зерно на ХПП
   !------------------------------!     !---------------------------
   !Куль-!Сорт, !Класс !Год !Коли-!     !По    !По   !По    !До
   !тура !репро-!посев-!уро-!чест-!     !влаж- !сор- !зерно-!класса
   !     !дукция!ного  !жая !во,  !     !ности,!ной  !вой   !посев-
   !     !(для  !стан- !    !тонн,!     !%     !при- !при-  !ного
   !     !семян)!дарта !    !до   !     !      !меси,!меси, !стан-
   !     !      !(для  !    !     !     !      !%    !%     !дарта
   !     !      !семян)!    !     !     !      !     !      !(для
   !     !      !      !    !     !     !      !     !      !семян)
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
____________________________________________________________________
   Вид операции               !  Цена на услуги,  !   Срок оплаты
                              !  тенге      
--------------------------------------------------------------------
Приемка, тенге за тонну
Сушка, тенге за тонно-процент
Очистка, тенге за тонно-процент
Хранение, тенге за тонну в месяц
Отгрузка ж/д транспортом,
тенге за тонну
Отгрузка автотранспортом,
тенге за тонну
--------------------------------------------------------------------
В т.ч. НДС ____%.

      Владелец:                   ХПП:
      Руководитель: _________     Руководитель: _____________
 
                М.п.                       М.п.

Приложение 2                 
к типовой форме               
публичного договора на хранение      
зерна между хлебоприемным         
предприятием и владельцем зерна      
 

        Сведения о наличии и движении зерна, принадлежащего
             ________________________ за __________ 200__г.
               наименование Владельца       месяцы
___________________________________________________________________
N !Cерия и !Дата!Пос-!Куль-!Класс!Год !Сорт!Репро-!Класс !Влаж- 
п/п!номер   !вы- !тав-!тура !     !уро-!    !дукция!посев-!ность,
   !зерновой!дачи!щик !     !     !жая !    !      !ного  !%
   !расписки!    !    !     !     !    !    !      !стан- !
   !        !    !    !     !     !    !    !      !дарта !
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
 
  (продолжение таблицы)
____________________________________________________________________
Сор- !Зер- !Клей-  !Качес- !Зара-  !Стекло-  !Натура,!Остаток
ная  !новая!ковина,!тво    !женость!видность,!г/л    !на начало
при- !при- !%/     !клей-  !       !%        !       !месяца
месь,!месь,!Белок, !ковины,!       !         !       !
%    !%    !%      !ед.    !       !         !       !
--------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------
 
  (продолжение таблицы)

____________________________________________________________________
Признак  !          Приход        !           Расход
(вид гос-!---------------------------------------------------------
ресурсов)!Замена  !Индос-!Восста- !Замена  !Индос-!От-   !Остаток  
         !зерновой!самент!новление!зерновой!самент!грузка!на конец    
         !расписки!      !зерновой!расписки!      !      !месяца
         !        !      !расписки!        !      !      !      
____________________________________________________________________
 
 
        Руководитель ХПП: ___________
 

                                  М.п.