"Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес офицерлiк құрамның лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшiн әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгiленген тәртiппен 2004 жылы үш жыл мерзiмге әскери қызметке шақырылсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 5 мамырдағы
N 500 қаулысына
қосымша
2004 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын әскери есепке алу мамандықтары бойынша запастағы офицерлердің саны
__________________________________________________________________
p/c| Әскери есепке алу мамандығы | Саны
N | |
__________________________________________________________________
Офицер
1 мотоатқыштар әскерлері 43
2 артиллерист 54
3 радиотехникалық және әуе қорғанысы әскерлерi 15
4 әскери әуе күштерi 5
5 автомобиль әскерлері 8
6 байланыс 9
7 медицина қызметі 25
8 тыл 4
9 тәрбиелiк және құқықтық жұмыс бойынша 45
10 журналист 10
11 химиялық әскерлер 10
12 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi
әскери полициясының заңгерi 20
13 Қазақстан Республикасының әскери
прокуратурасының заңгерi 30
14 Қазақстан Республикасының Iшкi істер
министрлігінiң әскери-тергеу департаментiнiң
заңгерi 20
15 Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрлiгiнiң iшкi әскерлерi 10
16 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк
комитетiнiң шекара қызметi 150
17 Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
жөнiндегi агенттiгi 4
Барлығы 462
__________________________________________________________________