Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргізу кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының қылмыстық ic жүргiзу кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы
1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргiзу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
192-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
"380-бабында (үшінші бөлiгiнде)" деген сөздер алынып тасталсын;
екiншi бөлiкте:
"184-бабында", "228", "231, 232", "307-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 308-бабында (бiрiншi бөлігiнде), 309, 310, 311 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 312-316", "344-346, 348, 349, 350" деген сөздер алынып тасталсын;
екiншi сөйлем алынып тасталсын;
үшiншi бөлiкте:
бiрiншi сөйлемде:
"қылмыстық кодексiнiң" деген сөздерден кейiн "176-бабында (үшiншi бөлігінде "г" тармағы), 189," деген сөздермен толықтырылсын;
"207" деген сандардан кейiн ", 209 (екiншi және үшiнші бөлiктерiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
"223-бабында (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "224," деген сандармен толықтырылсын, "225-бабында" деген сөздер "225-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
"225-бабында" деген сөздерден кейiн ", 226-бабында (екiншi бөлігінде), 231, 232, 307-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 308-бабында (бiрiншi бөлiгінде) 310, 311-баптарында (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 312-315-баптарында" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi сөйлемде:
"184, 228", "231, 232, 307-310-баптарында, 311-бабында, 312-316" деген сөздер алынып тасталсын;
төртiншi бөлiкте:
"176-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде" деген сөздерден кейiн "а", "б", "в" тармақтарында" деген сөздермен толықтырылсын;
"182-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздерден кейiн "184," деген сандармен толықтырылсын;
"189, 209-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 224, 226, 227" деген сөздер алынып тасталсын;
"206" деген сөздерден кейiн ", 228, 309, 316" деген сөздермен толықтырылсын;
4-1-бөлiкте:
"307-бабында (екiншi, үшіншi және төртiншi бөлiктерiнде), 308-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 311-бабында (үшіншi және төртiншi бөлiктерiнде), 380-бабында (екiншi бөлігінде)," деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай редакциядағы 4-2, 4-3-бөлiктермен толықтырылсын:
"4-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 308-баптарында (екiншi, үшінші және төртiншi бөлiктерiнде), 311-баптарында (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдың ала тергеудi қылмыстық iсті қозғаған ұлттық қауiпсiздiк немесе қаржы полициясы органдары жүргізедi.
4-3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 227, 380-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық iсті қозғаған iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк немесе қаржы полициясы органдары жүргізеді.";
бесiншi бөлiкте:
"343, 347, 351, 352-357," деген сандар "343-357," деген сандармен ауыстырылсын;
"қылмыстық іс қозғауға байланысты қылмыс қай органның тергеуiне жатса, сол орган" деген сөздер "қылмыстық iс қозғаған iшкi iстер немесе қаржы полициясы органы" деген сөздермен толықтырылсын;
285-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
"324-326" деген сандар "324, 326" деген сандармен ауыстырылсын;
үшінші бөлiкте:
бiрiншi сөйлемде:
"176 (бiрiншi бөлiгінде)", "192," деген сөздер алынып тасталсын;
"222 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздерден кейiн ", 223 (бiрiншi бөлiгiнде), 226 (бiрiншi бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
бесiншi бөлiкте:
"380 (бiрiншi бөлігінде)" деген сөздер алынып тасталсын;
8-1-бөлiкте:
"Қылмыстық кодексiнiң" деген сөздерден кейін "176 (бiрiншi бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
"182 (бiрiншi бөлiгінде)," деген сөздерден кейiн "325" деген сандармен толықтырылсын;
"223 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi