Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы
Қаулы етемін:
1. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының - заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасына қол қойылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Жоба
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы
Келісім
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттер,
есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың (бұдан әрi - есiрткiлердiң) заңсыз айналымының және оларды, сондай-ақ олардың прекурсорларын терiс пайдалану ауқымының өсуiне алаңдаушылық бiлдiре отырып,
есiрткiлердiң, сондай-ақ олардың прекурсорларының заңсыз айналымы Тараптардың халықтарының денсаулығы мен әл-ауқатына үлкен қауiп төндiретiнiн түсiне отырып,
осы Келiсiмнiң Тараптары аумақтарының есiрткiлер мен олардың прекурсорларының контрабандасы және заңсыз транзитi үшiн кең пайдаланылуына алаңдай отырып,
есiрткiлердiң заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы күрес ісiндегі Тараптардың ынтымақтастығын нығайту ШЫҰ мүше мемлекеттердiң халықтарының мүддесiне жауап бередi деп есептей отырып,
2002 жылғы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хартиясының , 1961 жылғы Есiрткi құралдары туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер туралы 1972 жылғы хаттамаға сәйкес енгізiлген 1961 жылғы Есiрткi құралдары туралы конвенцияға , 1971 жылғы психотроптық заттар туралы конвенцияға , Бiрiккен Ұлттар Ұйымының 1988 жылғы есiрткi құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi конвенцияның ережелерiн, 1998 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының XX арнайы сессиясында қабылданған саяси декларацияны және шешiмдердi, сондай-ақ БҰҰ-ның осы мәселеге қатысты басқа да шешiмдерiн және ұсынымхаттарын ескере отырып,
есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған тиiмдi шараларды қабылдауда өзара мүдделерiн бiлдiре отырып,
өз мемлекеттерiнiң заңнамаларын және халықаралық мiндеттемелерiн басшылыққа ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес келiсiлген стратегияны жасау iсiнде және есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрестiң бiрлескен шараларында ынтымақтасады, ШЫҰ шеңберiнде осы бағыттағы өз қызметiн үйлестiредi, барлық мемлекеттiк органдардың, қоғамдық және өзге де ұйымдардың, азаматтардың күштерiн бiрiктiредi, сондай-ақ нашақорлыққа және есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл жасасу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiгiн пайдаланады.
Тараптар есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл жасасу саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, екi жақты және көп жақты негiзде нашақорлыққа қарсы iс-қимыл жасасуға және нашақорлықты емдеуге ықпал етедi.
Тараптар халықаралық форумдарда есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелерi жөнiнде келiсiлген позициялармен сөз сөйлеуге тырысады, сондай-ақ есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес саласында әрекет ететiн халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасады.
2-бап
1. Тараптар есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына, сондай-ақ есiрткiнi терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл жасасуда ынтымақтаса отырып, мынадай негiзгi қағидаттарды:
есiрткiлер мен олардың прекурсорларының айналымымен байланысты қызметтiң барлық түрлерiн мемлекеттiк реттеудi;
есiрткiлер мен олардың прекурсорларының айналымымен байланысты құқық бұзушылықтар үшiн жазалаудың болуын қамтамасыз етудi;
нашақорлықтың және есiрткiлер мен олардың прекурсорларының айналымымен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларының басым болуын;
нашақорлықты емдеудiң және нашақор ауруларды медициналық әлеуметтiк оңалтудың негiзгi әдiстерiн әзiрлеу саласындағы ғылыми зерттеулерге мемлекеттік қолдауды басшылыққа алады.
2. Нашақорлықтың алдын алуға және есiрткiге сұранысты төмендетуге есiрткiлердi сақтық құралы ретiнде медициналық емес пайдаланғаны үшiн Тараптар өзiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес жауапкершiлiк белгілеуi мүмкін.
3-бап
Тараптар есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына, сондай-ақ есiрткiнi терiс пайдалануға қарсы iс-қимыл жасасуда мынадай негiзгi бағыттар бойынша:
есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың жағдайын талдауда;
есiрткiлер мен олардың прекурсорларының айналымына қатаң бақылау қоюда;
есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған халықаралық шарттардың ережелерiн орындау үшiн келiсiлген шараларды жүзеге асыруда;
есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелерi жөнiнде Тараптардың құзiреттi органдарының өзара iс-қимыл жасасуын ұйымдастыруда;
нашақорлыққа, есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл жасасудың бiрлескен бағдарламасын әзiрлеуде;
есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күресте Тараптар ынтымақтастығының құқықтық базасын жетiлдiрудi, халықаралық шарттардың ережелерiн есепке ала отырып осы салада Тараптардың ұлттық заңнамаларын үндестiруде;
нашақорлық профилактикасында, емдеудiң, нашақор ауруларды әлеуметтiк және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерiн әзiрлеуде және енгiзуде;
нашақорлықтың таралуына ықпал ететiн үгіттеуге және жарнамаға тыйым салуда ынтымақтасуды жүзеге асырады.
4-бап
1. Есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымы, сондай-ақ есiрткiнi терiс пайдалану саласында Тараптар ынтымақтастықты мынадай нысандарда жүзеге асыратын болып келiстi:
а) есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл жасасу мәселелерi жөнiнде ақпаратпен алмасу, оның iшiнде мыналарға:
Тараптар аумағында жасалған немесе жасауға дайындалған есiрткi мен оның прекурсорларының заңсыз айналымымен байланысты кез-келген қылмыстарға қатысты ақпаратпен алмасу;
есiрткiлер мен олардың құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар күдiктi адамдарға қатысты ақпаратпен алмасу;
есiрткiлер мен олардың прекурсорларын бiр Тараптың аумағынан екiншi бiр Тараптың аумағына заңсыз орын ауыстырумен немесе заңсыз орын ауыстыруға ниет етумен байланысты нақты фактiлер мен оқиғаларға қатысты ақпаратпен алмасу;
есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қатысы бар және олардың қызметтерi трансұлттық сипатқа ие болған криминалдық топтардың құрылымдарына, дербес құрамына, қызмет саласына, басқару ұйымдарына және байланыстарына қатысты ақпаратпен алмасу;
есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен байланысты Тараптар аумағында жекелеген адамдардың және қылмыстық топтардың арасындағы орын алған немесе ұйғарылған және әрекет ететiн байланыстарға қатысты ақпаратпен алмасу;
есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық қызметтi жүзеге асырудың нысандарына және әдiстерiне қатысты ақпаратпен алмасу;
есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымынан түскен кiрiстердi заңдастыруға (жылыстату) бағытталған қызметке қатысты ақпаратпен алмасу;
есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымға түсу көздерiн анықтау және мұндай заңсыз айналымның жолын кесу нысандары мен әдiстерiне қатысты ақпаратпен алмасу;
құқық бұзушылар пайдаланатын заңсыз айналымдағы есiрткiлер мен олардың прекурсорларының iзiн жасыру және бүркенiш тәсiлдерiне әрi оларды анықтау әдiстерiне қатысты ақпаратпен алмасу;
басқа да өзара қызығушылықты бiлдiретiн мәселелерге қатысты ақпаратпен алмасу;
б) бiр Тараптың екiншi Тараптың сұрау салуы бойынша есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен байланысты мәселелер жөнiнде жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуi;
в) есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы iс-әрекетке, оның iшiнде бақылаудағы жеткiзiлiмдердi жүргiзуге бағытталған iс-шараларды жүргiзу кезiнде өзара iс-қимыл жасасу;
г) мәжiлiстер, конференциялар және семинарлар өткiзу арқылы жұмыс тәжiрибесiмен алмасу;
д) есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы iс-әрекет жасау мәселелерi жөнiндегi заңнамалармен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен, олардың орындалу практикасы туралы материалдармен, статистикалық деректермен және әдiстемелiк нұсқаулармен алмасу;
e) тиiстi кадрларды даярлау және бiлiктiлiгін арттыру;
ж) материалдық-техникалық және кеңес беру көмектерi, сондай-ақ сараптама жүргiзуде көмек көрсету;
з) есiрткiлер мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелерi жөнiнде бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзу;
и) қажет болған жағдайда заңсыз айналымнан тәркiленген есiрткiлер мен олардың прекурсорларын зерттеу үлгiлерi мен нәтижелерi туралы алмасу;
к) Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес заңды көмектер көрсету;
л) ынтымақтасу процесiнде туындаған мәселелер жөнiндегi қызметтердi, оның iшiнде жедел-iздестiру ic-шараларын жүргiзу кезiнде жұмыс тобын құруды және өкiлдермен алмасуды қосқандағы қызметтердi үйлестiрудi ұйымдастыру;
м) үкiметтiк емес ұйымдарды және азаматтарды нашақорлықтың тарауына қарсы күреске тарту және нашақор ауруларды медициналық-әлеуметтiк оңалту мекемелерiнiң желiлерiн дамыту.
2. Осы баптағы 1-тармақтың "e", "ж", "з" тармақшаларында көзделген ынтымақтастықты, сонымен бiрге оны қаржыландыру тәртiбiн iске асырудың нақты нысандары Тараптар арасындағы жекелеген шарттармен айқындалуы мүмкiн.
3. Осы Келiсiм ынтымақтастықтың өзге де өзара қызығушылық нысандарын әзiрлеуде және дамытуда Тараптарға кедергi келтiрмейдi.
5-бап
1. Осы Келiсiмде көзделген ынтымақтастық өздерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар тағайындайтын орталық құзыреттi органдар арасында тiкелей байланыстар жолымен жүзеге асырылады.
Орталық құзыреттi органдар болып табылатындар:
Сыртқы iстер министрлiгi;
Есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың айналымын бақылау жөнiндегi ведомство;
Бас прокуратуралар (прокуратуралар);
Iшкi iстер министрлiгi (қоғамдық қауiпсiздiк);
Ұлттық қауiпсiздiк органдары және арнайы қызметтер;
Шекаралық ведомстволар;
Кедендiк ведомстволар;
Әдiлет министрлiгi;
Денсаулық сақтау министрлiгi;
Бiлiм беру министрлiгi
және қызметтерi осы Келiсiмдi жүзеге асыратын мәселелерге қатысты басқа да ведомстволар.
2. Осы Келiсiмдi iске асырудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында әр Тараптан өздерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес осы Келiсiм шеңберiнде ынтымақтастықты үйлестiруге жауапты уәкiлеттi орган айқындалады.
3. Тараптар қажеттiлiкке қарай дипломатиялық арналар бойынша осы Келiсiмнiң депозитарийын орталық құзiреттi және уәкiлеттi органдар туралы олардың пошта мекенжайы, телефон нөмiрлерi, факсы, электрондық поштасы, мекенжайы көрсетілген мәлiметтердi жiбередi.
Осы Келiсiмнiң депозитарийы Тараптарды олардың орталық құзiреттi және уәкiлеттi органдарының тiзiмiндегi өзгерiстер туралы хабардар етедi.
6-бап
Тараптар өңiрiне шекаралас құзiреттi органдар арасындағы осы Келiсiмнiң шеңберiндегi ынтымақтастық өздерiнiң орталық құзiреттi органдарының келiсiмi бойынша тiкелей жүзеге асырылуы мүмкiн. Олардың өзара iс-қимыл жасасу тәртiбi Тараптардың ұлттық заңнамаларын қосымша есепке ала отырып Тараптардың орталық құзiреттi органымен келiсiледi.
7-бап
1. Осы Келiсiмнiң шеңберiндегi ынтымақтастық көмек көрсету туралы сұрау салулардың негізiнде немесе мұндай көмек көрсету басқа бiр Тарапқа қызығушылық туғызады деп саналса, Тараптардың бiреуiнiң бастамасы бойынша жүзеге асырылады.
Көмек көрсету туралы сұрау салу жазбаша түрде жiберiледi.
Шұғыл жағдайда ол ауызша түрде жасалуы мүмкiн, бiрақ 72 сағаттан кешiктiрмей жазбаша түрде расталуы тиiс, қажет болған жағдайда мәтiндi жiберуге байланыстың техникалық құралдары қолданылады.
Сұрау салудың нұсқасына немесе мазмұнына күмән келтiрген жағдайда көрсетiлген құжатқа жазбаша түрде қосымша растау немесе түсiнiктеме сұратылуы мүмкiн.
2. Көмек көрсету туралы сұрау салуда мыналар:
- сұрау салған және сұрау салынған орталық құзiреттi органдардың атауы;
- сұрау салудың мақсаты және негiзi;
- сұрау салуды орындаудың қажеттi мерзiмi;
- сұрау салуды дер кезiнде және тиiсті орындау үшiн пайдалы болатын басқа да ақпарат;
- егер қажет болса, сұрау салудың немесе жекелеген сұрау салынған әрекеттердiң құпиялылығы;
- егер қажет болса, сұрау салудың орыс тiлiндегi немесе қытай тiлiндегi аудармасы жазылуға тиiс.
3. Сұрау салу шеңберiнде алынған ақпарат сұрау салуда көрсетiлген мақсаттарда ғана қолданылады.
8-бап
1. Сұрау салынған орталық құзiреттi орган сұрау салуды жылдам және толығырақ орындауды қамтамасыз ету үшiн барлық қажетті шараларды қабылдайды. Бұл ретте, сұраным ол келiп түскен күннен 30 тәулiк аспайтын мерзiмде орындалады.
2. Сұрау салынған орталық құзiретті орган сұрау салуды тиiстi орындау үшiн оның ойынша қажеттi қосымша мәлiметтерге сұрау салуға құқығы бар.
3. Сұрау салынған орталық құзiреттi орган сұрау салған орталық құзiреттi органның өкiлдерiне, өз мемлекетiнiң аумағында сұрау салуды орындау кезiнде егер оның ұлттық заңнамасына қайшы келмейтiн болса, қатысуға рұқсат беруi мүмкiн.
9-бап
1. Сұрау салуды орындау мүмкiн болмағанда немесе орындаудан бас тартқан жағдайда, бұл туралы сұрау салынған орталық орган сұрау салған орталық құзiреттi органға дереу жазбаша түрде хабардар етедi және сұрау салуды орындауға кедергі болған себептер туралы хабарлайды, бұл ретте сұранымды және оның барлық қосымшаларын керi қайтарады.
2. Егер сұрау салынған орталық құзiреттi орган сұрау салуды орындау оның мемлекетiнiң егемендiгiне, қауiпсiздiгiне немесе басқа да маңызды мүдделеріне зиян келтiредi деп есептесе, әpi оның мемлекетiнiң ұлттық заңнамаларына қайшы келсе, онда сұрау салуды орындаудан толық немесе iшiнара бас тартулар болуы мүмкiн.
3. Егер сұрау салынған орталық құзiреттi орган сұрау салуды дереу орындау оның мемлекетi аумағында жүзеге асырылатын қылмыстық қудалауға немесе өзге де өндiрiске кедергi келтiретiн болса, онда сұрау салуды орындауды кейiнге қалдыруы мүмкiн немесе сұрау салған орталық құзыреттi органмен кеңескеннен кейiн қажеттi деп айқындалған жағдайларды сақтай отырып оны орындауды байланыстыруы мүмкiн. Сұрау салған орталық құзыреттi орган оған көмек көрсету туралы ұсынған жағдайларға келiсiм берген кезде ол осы жағдайларды сақтауы тиiс.
10-бап
1. Егер алынған ақпараттар мен құжаттар жабық сипатта болса немесе жiберушi Тарап оның жариялануын қажет емес деп санаса, әр Тараптар құпиялылықты қамтамасыз етедi. Ақпараттар мен құжаттардың жабық түрдегi дәрежесiн жiберетiн Тарап айқындайды.
2. Бiр Тараптың осы келiсiм негiзiнде екiншi Тараптан алған ақпараты мен құжаттары оларды ұсынған Тараптың алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi мемлекетке беруге жатпайды.
3. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi Тараптар арасында беру тәртiбi жекелеген халықаралық шарттармен немесе Тараптардың ұлттық заңнамаларымен айқындалады.
11-бап
Тараптар өзiнiң ұлттық заңнамалары шеңберiнде есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының бақылаудағы жеткiзiлiмi әдiсiнiң өзара қолайлы келiсiмдерi негiзiнде тиiстi пайдалануды көздейтiн, оның iшiнде олардың заңсыз айналымына қатысатын адамдарды анықтау мақсатында және оларды қылмыстық қудалауға қажетті шараларды қабылдайды.
12-бап
1. Тараптар өз аумағында осы келiсiмдi орындаумен байланысты шығыстарды, егер әрбiр нақты жағдайларда өзге тәртiп келiсiлмеген болса, өзiнше шешедi.
2. Тараптар өзiнiң орталық құзыреттi органдары өкiлдерiнiң қабылдаушы Тараптар аумағында жүрумен және болумен байланысты барлық шығындарын өзi көтередi.
3. Сұрау салған орталық құзыреттi органдары өкiлдерiнiң жол жүруi алдын ала сұрау салынған Тараптардың орталық ұлттық органдарының келiсiмiмен жүзеге асырылады.
13-бап
Осы Келiсiмдi iске асыру нәтижелерiн және осы Келiсiмде көзделген ынтымақтастықты жетiлдiру мәселелерiн қарастыру мақсатында Тараптар ШЫҰ мүше-мемлекеттердiң министрлiк және/немесе ведомстволар басшыларының мәжiлiстерi туралы ереженi басшылыққа алып, мүше-мемлекеттер аумағында кезектесiп орыс тiлiнiң алфавитi тәртiбiмен жылына бiр реттен кем емес кеңестер өткiзедi.
Тараптардың орталық құзiреттi органдары қажеттiлiгiне қарай бiрлескен жұмыс кездесулерiн және/немесе кеңестер өткiзуi мүмкiн. Мұндай кездесулер және/немесе кеңестер өзара келiсiм бойынша жүргiзiледi, әрi бұл ретте оны жүргiзудi ұсынған Тараптар аумағында өткiзiледi.
ШЫҰ Хатшылығы мұндай мәжiлiстердi, кездесулердi және/немесе кеңестердi өткiзу туралы күнi бұрын, ал ол аяқталған соң қорытындылары туралы хабарлайды.
14-бап
1. Тараптар осы келiсiмнiң Ережесiн түсiндiруге немесе қолдануға байланысты туындайтын даулы мәселелердi кеңестер және келiссөздер жолымен шешедi.
2. Осы Келiсiм мүше болып табылатын Тараптардың басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
15-бап
Осы келiсiмнiң шеңберiндегi ынтымақтастықты жүзеге асыруда Тараптар жұмыс тiлi ретiнде орыс және қытай тiлдерiн пайдаланады.
16-бап
1. Осы Келiсiм қол қоюшы Тараптардың оның күшiне енуiне қажеттi мемлекет iшiндегi рәсiмдердi орындағаны туралы төртiншi хабарламаны депозитарийға сақтау үшiн тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қажеттi рәсiмдердi кештеу орындаған Тараптар үшiн олардың тиiстi құжаттарды депозитарийға сақтауға берген күнiнен бастап күшiне енедi.
2. Тараптардың шешiмi бойынша осы Келiсiмге жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн, осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн және осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiппен күшiне енедi.
3. Осы Келiсiмге ешқандай да жала жабуға жол берiлмейдi.
4. Осы Келiсiм күшiне енген мерзiмнен бастап бес жыл iшiнде қолданыста болады. Одан әрi осы Келiсiмдi қолдану егер Тараптар өзге шешiмдер қабылдамаса келесi бес жылдық кезеңге әр кез сайын автоматты түрде ұзартылады.
5. Осы Келiсiм оның Ережелерiн бөлiсетiн және одан туындайтын мiндеттердi өзiне қабылдауға дайын басқа мемлекеттердi қосуға ашық. Қосылған мемлекеттер үшiн осы Келiсiм қосылу туралы құжатты депозитарийға сақтауға тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi.
17-бап
Осы Келiсiмнiң депозитарийi ШЫҰ Хатшылығы болып табылады.
_____________ _________ __________ орыс және қытай тiлдерiнде бiр данада жасалды, әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасы үшін
Қытай Халық Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшiн
Тәжiкстан Республикасы үшiн
Өзбекстан Республикасы үшiн