Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне қосымшаға сәйкес мүлікті, сондай-ақ қабылдап алу-тапсыру актілері бойынша қызмет көрсету мен пайдалануға арналған жабдықты, әуе кемелерінің қосалқы бөлшектері мен құжаттамасын берсін.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті теңгеріміне қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 22 шілдедегі
N 783 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының
"Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорнына берілетін ұшақтардың
ТІЗБЕСІ
________________________________________________________________
| АТ түрі | Саны | Зауыттық | Борттық | Шығарылған |
| | | нөмірі | нөмірі | күні |
|___________|________|______________|____________|_______________|
| | | 10033414485 | 76371 | 1993 ж. 30.03 |
| ИЛ-76ТД | 2 |--------------|------------|---------------|
| | | 1033416520 | 76374 | 1993 ж. 20.07 |
|___________|________|______________|____________|_______________|