Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 565 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 26, 247-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
2 және 3-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Mыңбаевқа жүктелсiн";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмірiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасында:
"Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлiмде:
"Қысқаша мазмұны" деген кiшi бөлiмде: "2001-2003 жылдарға" деген сөздер "2001-2005 жылдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Iске асыру мерзiмi" деген кiші бөлiмде: "2005" деген сан "2007" деген санмен ауыстырылсын;
"Кiрiспе" деген 2-бөлiмде "2001-2003 жылдар" деген сөздер "2001-2005 жылдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
реттiк нөмiрi 1-жолда:
"Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты" деген бағанда "Қаржы министрлiгi" деген сөздердiң алдынан "Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi," деген сөздермен толықтырылсын;
"Орындалу (жүзеге асырылу) мерзiмi" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2004 жылғы 1 қыркүйекке дейiн";
реттiк нөмiрлерi 2, 3-жолдардағы "Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты" деген бағанда "Қаржы министрлiгi" деген сөздердiң алдынан "Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi," деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 4-жолда:
"Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты" деген бағанда:
"Қаржы министрлiгi" деген сөздердiң алдынан "Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi," деген сөздермен толықтырылсын;
"Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздер "Ақпарат министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 6-жолда:
"Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты" деген бағанда "Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздердiң алдынан "Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi," деген сөздермен толықтырылсын;
"Орындалу (жүзеге асырылу) мерзiмi" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2007 жылғы 1 қаңтарға дейiн".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі