Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қырғыз Республикасының Үкіметі өкiлеттiк берген "МұнайМырзаОпт" ұйымына 2004 жылғы 9 қыркүйек - 15 қазанда 7500 (жетi мың бес жүз) тонна көлемiнде дизель отынын (ЕурАзЭҚ СЭҚ TH коды 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi осы қаулының 1-тармағының орындалуы және әкетiлетiн дизель отынының көлемiн есепке алу жөнiндегі қажеттi шараларды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi В.С.Школьникке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі