Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық океанографиялық комиссиясына (бұдан әрі - Комиссия) кіруі туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Комиссиямен байланыс жасау үшін ұлттық үйлестіруші орган болып тағайындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ЮНЕСКО-ның Бас директорына Қазақстан Республикасының Комиссияға кіруі туралы хабарласын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі