Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алуының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 960 Қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.10.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес және шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілi ұйымдардың иелiгiндегі уақытша бос ақшаны тиiмдi пайдалануы мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.10.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын және табиғи монополиялар субъектiлерiн, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамын және пруденциалдық нормативтер мен активтерді әртараптандыру дәрежесіне қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қаржы ұйымдарын қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұйымдар (бұдан әрi – Ұйымдар) акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Ұйымдардың өз иелігiндегі уақытша бос ақшаны мынадай қаржы құралдарына:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік, оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарына – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің иелігіндегі ақшаны осы мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыруға құқығы бар Ұйымдар үшін 30 (отыз) пайызға дейін;

      әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үшін 10 (он) пайызға дейін.

      Ақшаны осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру көлеміне шектеулер орталық контрагенттің қатысуымен ұйымдастырылған нарықта жасалған кері РЕПО операцияларының нысанасы ретінде Ұйымдар сатып алған бағалы қағаздарға қолданылмайды;

      2) мынадай халықаралық қаржы ұйымдары: Халықаралық Қайта құру және Даму банкi; Еуропа Қайта құру және Даму банкi; Азия Даму банкi; Ислам Даму банкi; Еуропа Инвестициялық банкi; Халықаралық қаржы корпорациясы; Америкааралық Даму банкi; Халықаралық Есеп айырысу банкi; Африка Даму банкi шығарған бағалы қағаздарға;

      3) кредит рейтингі Standard & Poor's шкаласы бойынша BBB немесе Mood's Investors Service (бұдан әрі – Мооdу's) шкаласы бойынша Ваа3 төмен емес немесе Fitch Ratings шкаласы бойынша BBB төмен емес елдердiң мемлекеттік бағалы қағаздарына;

      4) өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ең жоғары санаты тiзiмiне енгiзілген қазақстандық эмитенттердiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарына;

      5) шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кредит рейтингі Қазақстан Республикасының егемен рейтингінен бiр деңгейден артық төмен емес қазақстандық эмитенттер шығарған мемлекеттiк емес бағалы қағаздарға;

      6) кредит рейтингі Standard & Рооr's шкаласы бойынша ААА, Мооdу's шкаласы бойынша Аааl төмен емес немесе Fіtсһ Ratings шкаласы бойынша ААА төмен емес шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына;

      7) осы тармақтың 1)6) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдары базалық активi болып табылатын туынды бағалы қағаздарға;

      8) шетелдік банктердегі (кредит рейтингі Standard & Рооr's шкаласы бойынша ААА немесе Мооdу's шкаласы бойынша Аааl төмен емес немесе Fіtсһ Ratings шкаласы бойынша ААА төмен емес) салымдарға (депозиттерге) және шетелдік банктер (кредит рейтингі Standard & Рооr's шкаласы бойынша ААА немесе Мооdу's шкаласы бойынша Аааl төмен емес немесе Fіtсһ Ratings шкаласы бойынша ААА төмен емес) шығарған депозиттік сертификаттарға;

      9) уәкілетті мемлекеттiк органның лицензиясы бар болса, аффинирленген бағалы металдарға;

      10) екiншi деңгейдегі банктердiң, сондай-ақ Ұлттық пошта операторының депозиттерiне орналастыруды қамтамасыз етсiн. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда, Ұйымдар заңнамада белгiленген тәртіппен уақытша бос ақшаны кемiнде 3 (үш) екiншi деңгейдегi банктегi, сондай-ақ Ұлттық пошта операторындағы депозиттерде орналастырады, олардың әрқайсысындағы, оның ішінде Ұлттық пошта операторындағы сома, орналастыру күніне қалыптасқан уақытша бос ақша мөлшерiнiң 30 (отыз) пайызынан аспауға тиіс.

      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша бос ақшаны кемінде 3 (үш) екінші деңгейдегі банктегі, сондай-ақ Ұлттық пошта операторындағы депозиттерге орналастырады, олардың жалпы сомасы ол орналастырылатын күні қалыптасқан уақытша бос ақша мөлшерінің 10 (он) пайызынан аспауға тиіс.

      5000 (бес мың) айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшердегi уақытша бос ақша екiншi деңгейдегі бір банктегі, сондай-ақ Ұлттық пошта операторындағы депозиттерге орналастырылады;

      11) клирингтік қатысу сертификаттары.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.10.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-1. Екінші деңгейдегі банктердің, Ұлттық пошта операторының депозиттерінен уақытша бос ақшаны жоспарланбаған алу туралы шешімдерді Ұйымдарға қатысты тікелей мемлекеттік басқару органы не акциялардың (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) бақылау пакетін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын орган болып табылатын мемлекеттік органдармен келісу бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін бір мезгілде хабардар ете отырып, Ұйымдар қабылдайды.

      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.03.26 N 290 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.10.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар заңнамада белгiленген тәртiппен Ұйымдардың:

      1) осы қаулыға сәйкес мынадай:

      несие капиталы нарығында қарыздар тарту (бұл ретте қарыз тарту кезінде басымдық тартудың неғұрлым тиімді шарттарын (сыйақының ең төмен мөлшерлемесі, қарыз мерзімдері, қамтамасыз ету шарттары, жеңілдікті кезеңнің болуы және басқа да шарттар) ұсынатын қарыз берушіге беріледі);

      екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ Ұлттық пошта операторында банктік шот ашу бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтерді тарту туралы;

      2) Ұйымдардың екінші деңгейдегі банктерге, сондай-ақ Ұлттық пошта операторына:

      депозиттерге қаражат орналастыру мерзімдері, екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ Ұлттық пошта операторы есептейтін сыйақы мөлшері туралы ақпарат және депозиттерге қатысы бар басқа да ақпарат алу үшін осы қаулының 1-тармағының 10) тармақшасын;

      қарыз мерзімі, қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі, жеңілдікті кезеңнің болуы, қарызды қамтамасыз ету шарттары және қарыз алуға қатысы бар басқа да шарттар туралы ақпарат алу үшін осы қаулының 2-тармағын;

      екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ Ұлттық пошта операторында шоттарды ашу және оларға қызмет көрсету шарттары туралы ақпарат алу үшін осы қаулының 3-тармағын орындау үшін сұраулар жіберуі туралы:

      3) осы қаулының 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген ақпаратты алғаннан кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағының 10) тармақшасында және 2-тармағында көрсетілген қаржылық қызметтерді көрсету бойынша неғұрлым тиiмдi шарттар ұсынған екiншi деңгейдегі банктердi, сондай-ақ Ұлттық пошта операторын айқындау туралы шешiмдер қабылдауын қамтамасыз етсiн.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.10.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттік органдар осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де қажеттi шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



О некоторых вопросах приобретения государственными предприятиями на праве хозяйственного ведения и организациями, контрольный пакет акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежит государству, финансовых услуг

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2004 года N 960.

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления Правительства РК от 05.10.2023 № 873.

      В соответствии с подпунктом 9) статьи 9 Конституционного закона Республики Казахстан "О Правительстве Республики Казахстан" и в целях эффективного использования государственными предприятиями на праве хозяйственного ведения и организациями, контрольный пакет акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежит государству, имеющихся в распоряжении временно свободных денег Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правительства РК от 05.10.2023 № 873.

      1. Государственным органам, за исключением Национального Банка Республики Казахстан, являющимся органами государственного управления государственными предприятиями на праве хозяйственного ведения и осуществляющим права владения и пользования контрольными пакетами акций (долями участия в уставном капитале) организаций, контрольный пакет акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежит государству (далее – Организации), за исключением субъектов естественных монополий, акционерного общества "Государственный фонд социального страхования" и финансовых организаций, для которых пруденциальные нормативы и требования к степени диверсификации активов установлены уполномоченным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, обеспечить размещение Организациями имеющихся в их распоряжении временно свободных денег в следующие финансовые инструменты:

      1) государственные ценные бумаги Республики Казахстан, в том числе выпущенные в соответствии с законодательством других государств – до 30 (тридцать) процентов для Организаций, которые в соответствии с законодательством Республики Казахстан имеют право размещать имеющиеся в их распоряжении деньги в данные государственные ценные бумаги, за исключением социально-предпринимательских корпораций;

      до 10 (десять) процентов для социально-предпринимательских корпораций.

      Действие ограничений на объем размещения денег в государственные ценные бумаги, указанные в настоящем подпункте, не распространяются на ценные бумаги, приобретенные Организациями в качестве предмета операций обратного РЕПО, заключенных на организованном рынке с участием центрального контрагента;

      2) ценные бумаги, выпущенные следующими международными финансовыми организациями: Международным Банком Реконструкции и Развития; Европейским Банком Реконструкции и Развития; Азиатским Банком Развития; Исламским Банком Развития; Европейским Инвестиционным Банком; Международной финансовой корпорацией; Межамериканским Банком Развития; Банком Международных Расчетов; Африканским Банком Развития;

      3) государственные ценные бумаги стран, имеющих кредитный рейтинг не ниже ВВВ по шкале Standard & Poor's или Ваа3 по шкале Moody's Investors Service (далее – Moody's), или не ниже ВВВ по шкале Fitch Ratings;

      4) негосударственные ценные бумаги казахстанских эмитентов, включенные в список наивысшей категории фондовой биржи, осуществляющей свою деятельность на территории Республики Казахстан;

      5) негосударственные ценные бумаги, выпущенные в соответствии с законодательством иностранных государств казахстанскими эмитентами, имеющими кредитный рейтинг не ниже, чем на один уровень суверенного рейтинга Республики Казахстан;

      6) негосударственные ценные бумаги иностранных эмитентов, имеющих кредитный рейтинг не ниже ААА по шкале Standard & Poor's, Ааа1 по шкале Moody's или не ниже ААА по шкале Fitch Ratings;

      7) производные ценные бумаги, базовым активом которых являются финансовые инструменты, указанные в подпунктах 1) - 6) настоящего пункта;

      8) вклады (депозиты) в иностранных банках (имеющих кредитный рейтинг не ниже ААА по шкале Standard & Poor's или Ааа1 по шкале Moody's, или не ниже ААА по шкале Fitch Ratings) и депозитные сертификаты, выпущенные иностранными банками (имеющими кредитный рейтинг не ниже ААА по шкале Standard & Poor's или Ааа1 по шкале Moody's, или не ниже ААА по шкале Fitch Ratings);

      9) аффинированные драгоценные металлы при наличии лицензии уполномоченного государственного органа;

      10) депозиты банков второго уровня, а также Национального оператора почты. Организации, за исключением социально-предпринимательских корпораций, в установленном законодательством порядке размещают временно свободные деньги на депозитах не менее чем в 3 (три) банках второго уровня, а также Национальном операторе почты, сумма которых в каждом из них, в том числе Национальном операторе почты, не должна превышать 30 (тридцать) процентов от размера временно свободных денег, сложившегося на дату его размещения.

      Социально-предпринимательская корпорация в установленном законодательством порядке размещает временно свободные деньги на депозитах не менее чем в 3 (три) банках второго уровня, а также Национальном операторе почты, общая сумма которых не должна превышать 10 (десять) процентов от размера временно свободных денег, сложившегося на дату его размещения.

      Временно свободные деньги в размере до 5000 (пять тысяч) месячных расчетных показателей размещаются на депозитах в одном банке второго уровня, а также Национальном операторе почты;

      11) клиринговые сертификаты участия.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правительства РК от 05.10.2023 № 873.

      1-1. Решения о незапланированном изъятии временно свободных денег с депозитов банков второго уровня, Национального оператора почты принимаются Организациями по согласованию с государственными органами, являющимися по отношению к Организациям непосредственно органом государственного управления либо органом, осуществляющим права владения и пользования контрольным пакетом акций (долей участия в уставном капитале), а также с одновременным информированием Правительства Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан и Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      Сноска. Постановление дополнено пунктом 1-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 26.03.2008 N 290 ; от 05.10.2023 № 873.

      2. Государственным органам, указанным в пункте 1 настоящего постановления, в установленном законодательством порядке обеспечить принятие Организациями решений:

      1) о привлечении следующих финансовых услуг в соответствии с настоящим постановлением:

      привлечение займов на рынке ссудного капитала (при этом приоритет при привлечении займа отдается заимодателю, предлагающему наиболее выгодные условия привлечения (наименьшая ставка вознаграждения, сроки займа, условия обеспечения, наличие льготного периода и другие условия);

      открытие банковского счета в банках второго уровня, а также Национальном операторе почты;

      2) о направлении Организациями запросов в банки второго уровня, а также Национальному оператору почты для выполнения:

      подпункта 10) пункта 1 настоящего постановления для получения информации о сроках размещения средств на депозиты, размере вознаграждения, начисляемого банками второго уровня, а также Национальным оператором почты, и другой информации, имеющей отношение к депозитам;

      пункта 2 настоящего постановления для получения информации о сроке займа, ставке вознаграждения по займу, наличии льготного периода, условиях обеспечения займа и других условиях, имеющих отношение к получению займа;

      пункта 3 настоящего постановления для получения информации об условиях открытия и обслуживания счетов в банках второго уровня, а также Национальном операторе почты;

      3) об определении в установленном законодательством порядке после получения информации, указанной в подпункте 2) пункта 2 настоящего постановления, банков второго уровня, а также Национального оператора почты по оказанию финансовых услуг, указанных в подпункте 10) пункта 1 и пункте 2 настоящего постановления, предоставивших наиболее выгодные условия.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции постановления Правительства РК от 05.10.2023 № 873.

      3. Государственным органам, указанным в пункте 1 настоящего постановления, принять иные необходимые меры по реализации настоящего постановления.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

Премьер-Министр
Республики Казахстан