Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң тауарлардың, сондай-ақ осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және экспортын лицензиялаудың бiрыңғай ережелерi туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң тауарлардың, сондай-ақ осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және экспортын лицензиялаудың бiрыңғай ережелерi туралы хаттама жасалсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің тауарлардың, сондай-ақ осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерінің импортын және экспортын лицензиялаудың бiрыңғай ережелерi туралы
хаттама
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң Үкiметi,
Кеден одағы туралы 1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы келiсiмдерде, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңiстiк туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шартта және Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартта көзделген ықпалдасу процестерiн одан әрi дамыту мақсатында,
Кеден одағын қалыптастыру кезiндегi тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шаралары туралы 1997 жылғы 22 қазандағы келiсiмнiң ережелерiн еске асыра отырып,
үшiншi елдерге қатысты ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң бiрыңғай сауда режимiн белгiлеу жөнiнде Тараптардың ниеттерiн назарға ала отырып,
мына төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Негiзгi ұғымдар
Осы Хаттаманың мақсаты үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:
сыртқы сауда қызметі - тауарлармен, қызметтермен, ақпаратпен және зияткерлiк меншiкпен сыртқы сауда саласындағы мәмiлелердi жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;
тауар импорты - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң кедендiк аумағына қайта әкету туралы мiндеттемесiз тауарлар әкелу;
лицензия және/немесе рұқсат - тауарлардың не осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және (немесе) экспортын жүзеге асыру құқығына арналған арнайы құжат;
лицензиялау - тауарлардың не осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және (немесе) экспортын жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды (рұқсаттарды) ұсынудың тәртiбiн белгiлейтiн әкiмшiлiк шаралардың кешенi;
қадағалау - жекелеген тауарлар түрлерiнiң импорты және (немесе) экспорты серпiнiнiң мониторингi мақсатында белгiленген уақытша шара;
рұқсат беру тәртiбi - лицензиялауды немесе сыртқы сауда қызметiн реттеудiң әкiмшiлiк шараларының өзге нысандарын көздейтiн жекелеген тауарлар түрлерiмен сыртқы сауда операцияларын, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумағынан тысқары тасымалданатын осындай тауарларды кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудi жүзеге асырудың тәртiбi;
тауар - сыртқы сауда қызметiнiң заты болып табылатын жылжымалы мүлiк, жылжымайтын мүлiкке жатқызылған әуе, теңiз кемелерi, iшкi жүзу және аралас (өзен - теңiз) жүзу кемелерi мен ғарыш объектiлерi, сондай-ақ электр энергиясы және энергияның басқа да түрлерi. Халықаралық тасымалдар туралы шарт бойынша пайдаланылатын көлiк құралдары тауар ретiнде қарастырылмайды;
ЕурАзЭҚ-тың сыртқы сауда қызметiне қатысушылар (бұдан әрi - сыртқы сауда қызметiне қатысушылар) - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң азаматтары болып табылатын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң аумағында тұрақты немесе басымдықты тұрғылықты жерi бар немесе ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекетте тұрақты тұруға құқығы бар не ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң заңнамасына сәйкес жеке кәсiпкерлер ретiнде тiркелген жеке тұлғалар;
тауар экспорты - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң кедендiк аумағынан керi қайтару туралы мiндеттемесiз тауарларды кез келген әкету.
2-бап
Қолданылу аясы
Осы Хаттама Еуразия экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттер үшiншi елдермен саудада әкелуге және/немесе әкетуге тыйым салу немесе шектеулер қолданылатын Тауарлардың бiрыңғай тiзбесiне (бұдан әрi - Тауарлардың бiрыңғай тiзбесi) енгізiлген тауарлардың, сондай-ақ осыған байланысты жекелеген қызмет түрлерiнiң импортын және экспортын қадағалау мен лицензиялаудың ережесiн анықтайды.
ЕурАзЭҚ-тың бiрыңғай кедендiк аумағын құру туралы халықаралық шарт күшiне енгенге дейiн ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң бiрiнiң аумағынан ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің екiншiсiнiң аумағына жекелеген тауар түрлерiнiң импортына және (немесе) экспортына байланысты сыртқы сауда операциялары ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң заңнамасында және олардың арасындағы еркiн сауда туралы екi жақты шарттарда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң кедендiк аумағы оның ұлттық заңнамасына сәйкес анықталады.
Осы Хаттаманың әрекетi экспорттық бақылауға жататын тауарлардың импортына және экспортына, сондай-aқ қару-жарақтың және әскери техниканың импорты мен экспортына, сондай-ақ әскери мақсатты өзге өнiмдерге қатысты қолданылмайды.
3-бап
Жекелеген тауар түрлерiнiң импортын және (немесе)
экспортын қадағалау
1. Жекелеген тауар түрлерiнiң импортын және (немесе) экспортын қадағалау тауарлардың импортына және (немесе) экспортына рұқсаттар беру арқылы жүзеге асырылады.
2. Жекелеген тауар түрлерiнiң импортын және (немесе) экспортын қадағалау мынадай қағидаттарды сақтаған кезде жүзеге асырылады:
а) тауарлардың импортына және (немесе) экспортына рұқсаттар алу рәсiмi тауарлардың импортын және экспортын шектемеу үшiн барынша жеңiлдетiлуге тиiс;
б) рұқсат атқарушы билiктiң уәкiлеттi мемлекеттiк органына (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) ұсынылған өтiнiштердiң негізiнде сыртқы сауда қызметiнiң кез келген қатысушыларына шектеусiз берiледi;
в) рұқсат беру туралы өтiнiштi тауарларды кедендiк ресiмдегенге дейiн кез келген жұмыс күнi беруге болады.
3. Рұқсат оған қатысты қадағалау енгiзiлген жекелеген тауар түрiне тауарлардың саны мен бағасы, сондай-ақ егер импортқа рұқсат берiлетiн болса, сыртқы сауда мәмiлесiнiң тараптары және тауардың шыққан елi көрсетiле отырып, жасанды қағаздан арнайы дайындалған бланкiлерде ресiмделедi.
4. Рұқсат алу үшiн сыртқы сауда қызметiнiң қатысушысы уәкiлеттi мемлекеттiк органға рұқсаттың жобасын осы Хаттамамен бекiтiлген нысан бойынша (1-қосымша) қағаз жеткiзушiмен және электронды түрде бiр данада ұсынады.
Жекелеген тауар түрлерiнiң экспортына және/немесе импортына рұқсат алу үшiн тиiстi түрде ресiмделген рұқсаттың жобасынан басқа, өзге құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi. Тауарлардың импортына және (немесе) экспортына рұқсаттың жобасын толтыру және ресiмдеу ережесi осы Ереженiң ажырамас бөлiгі болып табылатын 4-қосымшада берiлген.
5. Сыртқы сауда қызметiне қатысушы ұсынған рұқсаттың жобасы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.
6. Берiлген рұқсатқа өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
7. Рұқсат өтiнiш берiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде берiлуi тиiс.
8. Сыртқы сауда қызметiнiң қатысушысына рұқсаттың түпнұсқасы берiледi.
9. Берiлген рұқсат басқа тұлғаларға табыстауға жатпайды және рұқсаттың иесiнде сақталады.
4-бап
Тауарлардың импортын және экспортын лицензиялау
1. Тауарлардың импортын және экспортын лицензиялау (бұдан әрi - лицензиялау) мынадай жағдайларда:
а) жекелеген тауар түрлерiнiң экспортына немесе импортына уақытша сандық шектеулер енгізгенде;
б) мемлекеттiң қауiпсiздігіне, азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына, жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкiне, мемлекеттiк немесе муниципалдық мүлiкке, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсiмдiктердiң тiршiлiгiне немесе денсаулығына қолайсыз әсер етуi мүмкiн жекелеген тауар түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру тәртiбiн белгілегенде;
в) жекелеген тауар түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық бергенде;
г) ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң халықаралық мiндеттемелерiн орындағанда жүзеге асырылады.
2. Оларға қатысты лицензиялау енгiзетiн жекелеген тауар түрлерi Тауарлардың бiрыңғай тiзбесiне енгiзiлген.
Тиiстi лицензия алу үшiн сыртқы сауда қызметiне қатысушыларға қойылатын талаптар ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгіленуi мүмкiн.
3. Жекелеген тауар түрлерiнiң импорты және (немесе) экспорты осы Хаттамамен бекiтiлген нысан (2-қосымша) бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
Жекелеген тауар түрлерiнiң импортына және (немесе) экспортына бiр жолғы, бас және айрықша лицензиялар ресiмделуi мүмкiн.
Бiр жолғы лицензия - мәнi лицензияланатын тауар болып табылатын және белгiлi санда осы тауардың экспортына немесе импортына құқық беретiн сыртқы сауда мәмiлесi негізiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн лицензия. Бiр жолғы лицензияның қолданылу мерзiмi бiр жолғы лицензия берiлген күннен бастап бiр жылдан аспайды, ал оларға қатысты сандық шектеулер енгiзiлген тауарлар үшiн ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
Бас лицензия - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекет Үкiметiнiң шешiмi негізiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн және лицензияда белгiленген санда лицензияланатын тауардың жекелеген түрiнiң экспортына немесе импортына құқық беретiн лицензия. Бас лицензияның қолданылу мерзiмi оны берген сәттен бастап бiр жылдан аспайды, ал оларға қатысты сандық шектеулер енгізiлген тауарлар үшiн, егер Үкiметтiң шешiмiмен өзгеше айтылмаса, ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
Айрықша лицензия - жекелеген тауар түрiнiң экспортына немесе импортына айрықша құқық беретiн лицензия. Сыртқы сауда қызметiне қатысушылар, сондай-ақ осындай тауарлардың экспортына немесе импортына айрықша құқық берiлетiн тауардың жекелеген түрлерi ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң заңнамасымен белгіленедi.
4. Лицензия алу үшiн сыртқы сауда қызметiне қатысушы мынадай құжаттар ұсынады:
а) осы Хаттамамен бекiтiлген нысан (3-қосымша) бойынша қағаз жеткiзушiде және электронды түрде бiр данада лицензия беруге арналған өтiнiш.
Лицензия беруге арналған өтiнiштi ресiмдеу ережесi осы Хаттаманың ажырамас бөлiгі табылатын 5-қосымшада берiлген.
б) сыртқы сауда мәмiлесiн ресiмдейтiн шарттың көшiрмесi (бiр жолғы лицензияны ресiмдеген жағдайда ғана);
в) салық органында есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесi;
г) егер қызметтiң мұндай түрi оған қатысты ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң аумағында лицензиялау енгiзiлген тауар айналымына байланысты лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыруға арналған лицензияның көшiрмесi;
д) егер олар олардың негiзiнде осы тауарды лицензиялау енгiзiлген нормативтiк құқықтық кесiмдерде белгіленсе, басқа құжаттар.
Құжаттардың көшiрмесi ЕурАзЭК-қа мүше мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен тiгiлуi, сыртқы сауда қызметiне қатысушының қолымен және мөрiмен расталуы тиiс.
5. Сыртқы сауда қызметiне қатысушы ұсынған құжаттар тiркелуге жатады.
6. Лицензияны беру туралы немесе лицензия беруден бас тарту туралы шешiмдi құжаттар берiлген күннен бастап 20 жұмыс күнiне дейiнгi мерзiмде сыртқы сауда қызметiне қатысушы ұсынған құжаттарды зерделеудiң негiзiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган қабылдайды.
7. Заңды тұлға ретiнде тiркелген сыртқы сауда қызметiне қатысушының құрылтайшы құжаттарына өзгерiстер енгiзiлген (ұйымдастырушы-құқықтық нысаны, атауы не оның орналасқан орны өзгерген) немесе жеке тұлға болып табылатын сыртқы сауда қызметiне қатысушы төлқұжатының деректерi өзгерген жағдайда, ол берiлген лицензияны жою және өтiнiш пен көрсетiлген өзгерiстердi растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жаңасын ресiмдеу туралы өтiнiш бiлдiруге мiндеттi.
Лицензияны қайта ресiмдеу туралы шешiм сыртқы сауда қызметiне қатысушының құжаттарын тiркеген күннен бастап 5 жұмыс күнiне дейiнгi мерзiмде қабылданады.
8. Берiлген лицензияға өзгерiстер енгiзу жол берiлмейдi.
9. Сыртқы сауда қызметiне қатысушыға лицензия беруден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкiн:
ұсынылған құжаттарда дұрыс емес немесе толық емес ақпараттың болуы;
квотасы (квоталанатын тауарларға лицензия ресiмдеген жағдайда) таусылса;
Лицензия беруден бас тарту туралы шешiмде дәлелдi негiз болуы және сыртқы сауда қызметiне мүдделi қатысушыға жазбаша нысанда ұсынылуы тиiс.
10. Лицензияның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешiмдi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай:
а) лицензия иесi тиiстi өтiнiш ұсынған;
б) лицензия алу үшiн дұрыс емес мәлiметтер мен деректер ұсынған;
в) лицензия жоғалған;
г) егер қызметтiң мұндай түрi тауардың импортына және (немесе) экспортына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыруға арналған лицензияны қайтарған;
д) лицензия иесi осы баптың 14-тармағын орындамаған жағдайларда қабылдайды.
11. Лицензияның қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру туралы шешiмдi уәкiлеттi мемлекеттiк орган оны қабылдағаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде осындай шешiмге әкеп соқтырған себептердi көрсете отырып, лицензия иесiне және кеден органдарына жiбередi.
Лицензияның қолданылуы тоқтата тұрылған себептер жойылғаннан кейiн лицензия жаңартылады. Лицензияның қолданылуы уәкiлеттi мемлекеттiк орган тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн жаңартылды деп саналады, ол үш жұмыс күнi iшiнде лицензия иесiне және кеден органдарына жiберiледi.
12. Лицензия заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайды қоса алғанда, басқа тұлғаларға берiлмейдi және лицензия иесiнде сақталады.
13. Лицензия лицензияланатын тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүргiзу үшiн қажеттi құжаттардың бiрi болып табылады.
Лицензияның түпнұсқасын және иегер растаған лицензияның көшiрмесiн тауарды кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кезде лицензияның иесi кеден органына ұсынады және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң кеден шекарасы арқылы лицензияланатын тауарға рұқсатнама үшiн негіздеме болып табылады.
14. Бас және айрықша лицензиялардың иелерi тоқсан сайын, есептi тоқсанның соңғы айынан кейiнгі айдың 15-күнiне дейiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға оның орындалу барысы туралы есептi ұсынуға мiндеттi. Бiр жолғы лицензиялардың иелерi бiр жолғы лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiнгі он күн мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттiк органға оның орындалуы туралы кеден органдарының белгісiмен лицензияның көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.
5-бап
Жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау
Егер қызметтің осындай түрi оған қатысты ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң аумағында лицензиялау енгізiлген тауардың импортына және (немесе) экспортына байланысты болса, жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6-бап
Дауларды шешу және өзгерiстер енгізу
Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруге және/немесе iске асыруға байланысты даулар консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi.
Хаттамаға Тараптардың жалпы келiсiмiмен осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалар түрiнде ресiмделетiн және 7-бапта көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
7-бап
Қорытынды ережелер
Осы Хаттама ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитетi болып табылатын депозитарий Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы хабарлама алған күннен бастап күшiне енедi.
_____________ қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана осы Хаттамаға қол қойған әр Тарапқа оның расталған көшiрмесiн жiберетiн ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитетiнде сақталады.
Беларусь Республикасының
Үкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының
Үкiметi үшiн
Қырғыз Республикасының
Үкiметi үшiн
Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн
Тәжiкстан Республикасының
Үкiметi үшiн
Тауарлардың импортын және
экспортын лицензиялаудың
бiрыңғай ережелерi,
сондай-ақ осы жекелеген
қызмет түрлерiне байланысты
туралы хаттамаға
1-қосымша
___________________________________________________________________
ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттері атқарушы билігінің уәкілетті
мемлекеттік органы
___________________________________________________________________
1. Өтінiш беруші (атауы, толық | 2.
мекен-жайы), ИНН коды | N
|
| Импорт және экспортқа
| рұқсат беру
___________________________________________________________________
3. Сатып алушы/сатушы (атауы, | 4. Рұқсат қолданысының мерзiмi
толық мекен-жайы) |
| " " ж. 31/12 дейiн
___________________________________________________________________
5. Шығарушының елi | 7. Келiсiм
| N
_______________________________ |
6. Баратын ел |
___________________________________________________________________
8. СЭҚ ТН коды| 9. Өлшем бiрлiгi| 10. Саны | 11. Статистикалық
| | | құны
___________________________________________________________________
12. Тауардың атауы
___________________________________________________________________
13. Өтінiш берушi | 14. Атқарушы билiктi уәкілетті
| мемлекеттiк органы
|
Т.А.Ә.А. | Т.А.Ә.А.
|
Лауазымы | Лауазымы
Телефон | Телефон
Қолы мен мөрi Күнi | Қолы мен мөрi Күнi
___________________________________________________________________
Тауарлардың импортын және
экспортын лицензиялаудың
бiрыңғай ережелерi,
сондай-ақ осы жекелеген
қызмет түрлерiне байланысты
туралы хаттамаға
2-қосымша
___________________________________________________________________
ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттері атқарушы билігінің уәкілетті
мемлекеттік органы
___________________________________________________________________
1. Лицензияның N | 2. дейiн қолданылу мерзiмi
___________________________________________________________________
3. Лицензияның түрi | 4. N келiсiм
Бас/Бiр реттік/Айрықша |
Экспорт/Импорт |
___________________________________________________________________
5. Өтiнiш берушi (атауы, толық | 6. Сатып алушы/ сатушы (атауы,
мекен-жайы), ИНН коды | толық мекен-жайы)
___________________________________________________________________
7. Баратын/шығарушының елі | 8. Сатып алушы/ сатушының елi
___________________________________________________________________
9. Тауардың атауы | 10. СЭҚ | 11. Өлшем |12. Саны
| ТН коды | бiрлігі |
___________________________________________________________________
| 13. Төлем | 14. Фактуралық
| валютасы | құны
___________________________________________________________________
15. Қосымша ақпарат
___________________________________________________________________
16. Лицензия беру үшін
негiздеме
___________________________________________________________________
17. "Келiсiлдi" | 18. Атқарушы билігінің уәкілетті
| мемлекеттік органы
|
Т.А.Ә.А. | Т.А.Ә.А.
|
Лауазымы | Лауазымы
| Телефоны
Қолы мен мөрі Күнi | Қолы мен мөрі Күнi
___________________________________________________________________
Тауарлардың импортын және
экспортын лицензиялаудың
бiрыңғай ережелерi,
сондай-ақ осы жекелеген
қызмет түрлерiне байланысты
туралы хаттамаға
3-қосымша
___________________________________________________________________
ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттері атқарушы билігінің уәкілетті
мемлекеттік органы
___________________________________________________________________
1. Өтініштің N | 2. дейiн қолданылу мерзiмi
___________________________________________________________________
3. Лицензияның түрi | 4. N келiсiм
Бас/Бiр реттік/Айрықша |
Экспорт/Импорт |
___________________________________________________________________
5. Өтiнiш берушi (атауы, толық | 6. Сатып алушы/ сатушы (атауы,
мекен-жайы), ИНН коды | толық мекен-жайы)
___________________________________________________________________
7. Баратын/шығаратын ел | 8. Сатып алушы/ сатушының елi
___________________________________________________________________
9. Тауардың атауы | 10. СЭҚ | 11. Өлшем |12. Саны
| ТН коды | бiрлігі |
___________________________________________________________________
| 13. Төлем | 14. Фактуралық
| валютасы | құны
___________________________________________________________________
15. Қосымша ақпарат
___________________________________________________________________
16. Лицензия беру үшін
негiздеме
___________________________________________________________________
17. "Келiсiлдi" | 18. Өтініш беруші органы
|
Т.А.Ә.А. | Т.А.Ә.А.
|
Лауазымы | Лауазымы
| Телефоны
Қолы мен мөрі Күнi | Қолы мен мөрі Күнi
___________________________________________________________________
Тауарлардың импортын және
экспортын лицензиялаудың
бiрыңғай ережелерi,
сондай-ақ осы жекелеген
қызмет түрлерiне байланысты
туралы хаттамаға
4-қосымша
Тауарлардың импортына және (немесе) экспортына рұқсат беруді ресімдеудің ережесі
1. Рұқсатты ресiмдеудiң осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) сыртқы сауда қызметiнiң қатысушылары мен уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға арналған.
2. Сыртқы сауда қызметiнiң қатысушысына ұсынылатын рұқсатты белгіленген нысанға сәйкес қатаң түрде ЭСМ-ның басу құралында және мiндеттi түрде барлық қажеттi реквизиттердi толтырумен толтырылады.
3. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалана отырып, жасанды қағаздардан арнайы қорғайтын бір iздiлендiру нысаны бойынша рұқсатты ресімдейдi. Бұл ретте рұқсаттың реквизиттерi мынадай түрде толтырылады.
Рұқсаттың реквизиттерi мынадай түрде толтырылады:
1-реквизит. "Өтiнiш берушi (атауы, толық мекен-жайы, ИНН қоды)"
Сыртқы сауда қызметiнiң қатысушысы туралы мәлiметтер көрсетiледi
- заңды тұлға үшiн - толық ресми атауы, заңды мекен-жайы, салық төлеушiнiң сәйкестендiрме нөмiрi;
- жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесiнiң аты, төлқұжат мәлiметтерi, сериясы, нөмiрi, қашан және кiммен берiлдi, салық төлеушiнiң сәйкестендiрiлген нөмірi.
2-реквизит. "N"
Сұраныстағы рұқсаттың түрiн қажеттi түрде астын сызып қойсын (мысалы, ИМПОРТ).
Рұқсаттың нөмiрi календарлық жылдың басынан бастап өсу тәртiбiндегі бес таңбалы тiркеу нөмiрiн беру арқылы рұқсат жобасын арнайы журналда тiркегеннен кейiн уәкілетті мемлекеттiк органмен толтырылады.
Рұқсаттың нөмiрi 15 белгіден тұрады және мынадай түрде қалыптасады:
1 - Р-әрпi.
2-ден 4-ке дейiнгі сан - (Беларусь Республикасы - 112; Қазақстан Республикасы - 398; Қырғызстан Республикасы - 417; Ресей Республикасы - 643; Тәжiкстан Республикасы - 762) рұқсат берген ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекетiнiң коды.
5-тен және 6-ы - сандары - экспортқа (импортқа) қадағалау жүзеге асырылатын тауарлар категориясының коды;
7-саны жылдың соңғы саны;
8-ден 10-ға дейiнгi сан - рұқсаттың расталғанға үш таңбалы нөмiр;
11-ден 15-ке дейiнгi сан - календарлық жылдың басынан бастап өсу тәртiбiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы өтiнiшiнiң тiркеу журналындағы тiркелген нөмiрi.
Рұқсатты рәсiмдеу кезiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган рұқсат түрiн (мысалы - ИМПОРТҚА арналғаны) көрсетедi.
3-реквизит. "Сатып алушы/сатушы (атауы, толық мекен-жайы)"
Келiсiмде көрсетiлген келiсiм тiлiн сақтай отырып, оның атауы мен мекен-жайына сәйкес сатып алынатын тауар (экспорты кезiнде) немесе сатылатын тауар (импорты кезiнде) шетел серiктестiгi фирмасының атауы және толық мекен-жайы көрсетiледi.
4-реквизит. "Рұқсат қолдануының мерзiмi"
Өтiнiш берушiмен тиым салынған рұқсат қолданылуының аяқталу күнi көрсетiледi. Бұл ретте күнi мынадай түрде көрсетiледi:
ККААЖЖ
Қайда
КК - күні;
АА - айы;
ЖЖ - жылы.
Символдар бiр бiрiнен нүктемен ерекшеленедi (мысалы, 01.01.04)
5. "Шығаратын ел" және 6-реквизиттер "Баратын ел"
Тауарлардың баратын елдерi мен шығарушы елдерiнiң атаулары көрсетiледi.
7-реквизит. "Келiсiм-шарт"
Келiсiм-шарттың нөмiрi және оған қол қойылған күнi көрсетiледi.
Күнi 4-бөлiмi 4-реквизитiнiң талабына сәйкес көрсетiледi.
8-реквизит. "СЭҚ ТН коды"
Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының мүше мемлекетi сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына сәйкес (ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ ТН) тауардың он таңбалы коды көрсетіледi.
9-реквизит. "Өлшем бiрлiгі"
ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ TH сәйкес тауардың өлшем бiрлігінiң қысқартылған атауы (негізгі немесе қосымша) көрсетiледi.
10-реквизит. "Саны"
9-реквизитте көзделген өлшем бiрлігінде (таразы бiрлiгі - нетто салмағы үшiн) тауардың саны көрсетiледi.
11-реквизит "Статистикалық құны"
АҚШ долларында тауардың статистикалық құны көрсетiледi.
Егер статистикалық құнының бөлшек бiрлігі болса, онда ол дөңгелектену ережесi бойынша тұтас шамаға дейiн дөңгеленедi.
12-реквизит. "Тауардың атауы"
ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ TH қатаң сәйкестiкте тауардың толық атауы және қажеттігі кезiнде бiр мағыналы сыныптамалары үшiн қажет ететiн оның егжей-тегжейлi нақты сипаттауына түсiнiктемелер көрсетiледi.
13-реквизит. "Өтінiш берушi"
1-реквизитте көрсетілген оның Т.А.Ә.А., лауазымы, байланыс телефоны мен өтiнiштi ресiмдеген күнiн көрсете отырып, мөрмен куәландыратын өтінiш берушiнiң қолы қойылады.
14-реквизит. "Атқарушы органның уәкiлетті мемлекеттiк органы"
Оның Т.А.Ә.А., лауазымы және қойылған күнi көрсете отырып, мөрмен расталған рұқсат берген тұлғаның қолы қойылады.
Тауарлардың импортын және
экспортын лицензиялаудың
бiрыңғай ережелерi,
сондай-ақ осы жекелеген
қызмет түрлерiне байланысты
туралы хаттамаға
5-қосымша
Лицензия алуға өтініштерді және тауарлардың импортына (немесе) экспортына арналған лицензияны ресімдеудің
ережесі
1. Өтiнiштер мен лицензияны ресiмдеудiң осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) сыртқы сауда қызметiнiң қатысушылары мен уәкiлеттi мемлекеттiк органдарына арналған.
2. Сыртқы сауда қызметiнiң қатысушыларына ұсынылатын рұқсаты белгiленген нысанға сәйкес қатаң түрде ЭСМ-ның басу құралында және мiндеттi түрде барлық қажеттi реквизиттердi толтырумен жасалынады.
Рұқсаттың реквизиттерi мынадай түрде толтырылады:
1-реквизит. "Өтiнiштiң N"
Рұқсатты нөмiрi календарлық жылдың басынан бастап өсу тәртiбiндегі бес таңбалы тiркеу нөмiрiн беру арқылы рұқсаттың жобасын арнайы журналда тiркегеннен кейiн уәкiлеттi мемлекеттiк органмен толтырылады (мысалы, 00001).
2-реквизит. "N"
Өтiнiш берушiмен тыйым салынатын рұқсат қолдануының аяқталу күнi көрсетiледi. Бұл ретте күнi мынадай түрде көрсетiледi:
ККААЖЖ
Қайда
КК - күні;
АА - айы;
ЖЖ - жылы.
Символдар бiр бiрiнен нүктемен ерекшеленедi (мысалы, 01.01.04)
3-реквизит. "Келiсiм-шарт"
Қажет етiлетiн тыйым салынған рұқсат түрiн мiндеттi түрде сызып қою (мысалы, бас / бiр реттiк/ айрықша экспорт / импорт).
Өсу тәртiбiндегi бес таңбалы тiркеу нөмiрiн беру арқылы рұқсаттың нөмiрi календарлық жылдың басынан бастап рұқсаттың жобасын арнайы журналда тiркегеннен кейiн уәкiлеттi мемлекеттiк органмен толтырылады.
4-реквизит. "Келiсiм-шарт"
Келiсiм-шарттың нөмiрi және оған қол қойылған күнi көрсетiледi.
Күнi осы бөлiм 2-реквизитiнiң талабына сәйкес көрсетiледi.
Егер бас және ерекше лицензияларға өтiнiш ресiмделсе 4-реквизит толтырылмайды.
5-реквизит. "Өтiнiш бiлдiрушi (атауы, толық мекен-жайы, ИНН коды)"
өтiнiш бiлдiрушi туралы мәлiметтер көрсетiледi
- заңды тұлға үшiн - толық ресми атауы, заңды мекен-жайы, салық төлеушiнiң сәйкестендiрме нөмiрi;
- жеке тұлға үшiн - тегі, аты, әкесiнiң аты, төлқұжат мәлiметтерi (сериясы, нөмiрi, қашан және кiммен берiлдi), салық төлеушiнiң сәйкестендiрiлген нөмiрi.
6-реквизит. "Сатып алушы/сатушы (атауы, толық мекен-жайы)"
Келiсiм-шартта көрсетiлген келiсiмнiң тiлiн сақтай отырып, оның атауы мен мекен-жайына сәйкес сатып алынатын тауар (экспорты кезiнде) немесе сатылатын тауар (импорты кезiнде) шетел серiктестiгі фирмасының атауы және толық мекен-жайы көрсетiледi.
Бас және ерекше лицензияны ресiмдеген жағдайда "Келiсiм-шарттың шартына сәйкес" деп жазылады.
7. "Баратын/шығаратын ел"
Шетел серiктестіктерiнiң елдерi (экспорт кезiнде) немесе тауарлар шығарушы елдерiнiң атауы көрсетіледi.
Бас және айрықша лицензияны ресiмдеген жағдайда "Келiсiм-шарттың шартына сәйкес" деп жазылады.
8-реквизит. "Сатып алушы/сатушының елi"
Шетел серiктестiктерiнiң (экспорт кезiнде) немесе сатушылардың (импорт кезiнде) елдерi көрсетiледi.
Бас және айрықша лицензияны ресiмдеген жағдайда "Келiсiм-шарттың шартына сәйкес" деп жазылады.
9-реквизит. "Тауардың атауы"
Еуразиялық экономикалық қауымдастығы мүше мемлекетiнiң сыртқы сауда экономикалық қызметi (ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ ТН) Тауар номенклатурасының қатаң сәйкестігінде тауардың толық атауы және қажеттiгi кезiнде бiр мағыналы сыныптамалары үшiн қажет ететiн оның егжей-тегжейлi нақты сипаттауына түсiнiктемелер көрсетiледi. Егер 9-реквизитте барлық ақпараттар сыймаса, осы ақпараттың бөлiгі 15-реквизитке "Қосымша ақпараттар" ауыстырылуы мүмкін.
10-реквизит. "СЭҚ TH коды"
ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ TH сәйкес тауардың он таңбалы коды көрсетiледi.
11-реквизит "Өлшем бiрлiгі"
ЕурАзЭҚ-тың СЭҚ TH сәйкес тауардың өлшем бiрлiгiнiң қысқартылған атауы (негізгi немесе қосымша) көрсетiледi. СЭҚ ТН айырмашылығынан өлшем бiрлiгін пайдаланған жағдайда 15-реквизитте тауардың саны мен өлшем бiрлiгі туралы қосымша мәлiметтер көрсетiледi.
12-реквизит. "Саны"
11-реквизитте көзделген өлшем бiрлiгіндегі (таразы бiрлiгі - нетто салмағы үшiн) тауардың саны көрсетiледi.
13-реквизит "Төлем валютасы"
Тауардың келiсiмдiк құны айқындалатын валютаның қысқа атауы көрсетiледi.
Бас және ерекше лицензияны ресiмдеген жағдайда "Келiсiм-шарттың шартына сәйкес" деп жазылады.
14-реквизит. "Фактуралық құны"
Тауардың фактуралық құны келiсiмнiң валютасында көрсетiледi.
Егер фактуралық құнының бөлшек бiрлiгi болса, онда ол дөңгелектену ережесi бойынша тұтас шамаға дейiн дөңгеленедi.
Бас және ерекше лицензияны ресiмдеген жағдайда тауардың болжамды құны көрсетiледi.
15-реквизит. "Қосымша ақпарат"
Қажеттілiк шамасына қарай пайдаланылады. Осы реквизит аясында лицензияға арналған өтiнiштiң 7, 9, 11, 12 реквизиттерiн нақтылау және ашып жазу қажеттiлiгімен байланысты мәлiметтер енгізiледi, сондай-ақ өтiнiштi ресiмдеген кезде қол қойылған келiсім-шартқа барлық толықтырулар мен өзгерiстердiң нөмiрi және күнi енгізiледi.
16-реквизит. "Лицензия беру үшiн негіздеме"
- ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекетi нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң нөмiрлерi және күндерi, атқарушы биліктің мемлекеттiк органдары мен лицензияны сұрату үшiн негіз болып табылатын уәкiлеттi халықаралық органдары құжаттарының нөмiрлерi мен күндерi;
- егер өтiнiш берушi ретiнде делдал болатын болса комиссия шарттарының нөмiрi мен күнi;
- тауардың фактуралық құны келiсiмнiң валютасында көрсетiледi.
Егер фактуралық құнының бөлшек бiрлiгi болса, онда ол дөңгелектену ережесi бойынша тұтас шамаға дейiн дөңгеленедi.
Бас және ерекше лицензияны ресiмдеген жағдайда тауардың болжамды құны көрсетiледi.
17-реквизит. "Қосымша ақпарат"
- лицензия беруге келiскен атқарушы органы мемлекеттiк органының атауы (қажеттi жағдайда ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекетiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен көзделгенi келiсуi) көрсетiледi;
- келiсiмнiң нөмiрi;
- Т.А.Ә.А., лауазымы, жауапты тұлғаның қолы мен күнi. Мөрмен куәландырған қолы көрсетiледi.
18-реквизит. "Өтінiш білдiрушi"
1-реквизитте көрсетiлген өтiнiш бiлдiрушiнiң, оның Т.А.Ә.А., лауазымы, байланыс телефоны, және өтiнiштi ресiмдеген күнiн көрсете отырып, мөрмен куәландырылған қолы қойылады.
3. Уәкiлетті мемлекеттiк орган бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалана отырып, жасанды қағаздан арнайы қорғағышы бар сәйкестендiрiлген нысанда бойынша лицензия ресiмделедi.
1-реквизит. "N лицензия"
лицензияда нөмiрi көрсетiледi.
Лицензия нөмiрi 16 белгiден тұрады және мынадай түрде құрылады:
1 - Л әрпi.
2-ден 4-ке дейiнгi сан - (Беларусь Республикасы - 112; Қазақстан Республикасы - 398; Қырғызстан Республикасы - 417; Ресей Республикасы - 643; Тәжiкстан Республикасы - 762) рұқсат берген ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекетiнiң коды.
5-саны - экспортқа (импортқа) қадағалау жүзеге асырылатын тауарлар категориясының коды;
6 және 7-сандары лицензияланатын тауар категориясының коды;
8 - саны жылдың соңғы саны;
9-дан 11-ге дейiнгi сандар - лицензияны куәландыратын үш таңбалы нөмiр;
12-ден 16-ға дейiнгі сандар - календарлық жылдың басынан бастап өсу тәртiбiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы өтінiшiнiң тіркеу журналындағы тiркелген нөмiрi.
2-реквизит. "Әрекет ету мерзiмi"
Лицензия әрекетi мерзiмiнiң аяқталған күнi (осы Ереженiң 2-тармағында жазылған өтiніштiң 2-реквизитiн толтырылған ұқсас толтырылады) көрсетiледi.
3-реквизит. "Лицензия түрi"
Лицензия ресiмдеудiң түрi көрсетiледi. Мысалы, БIР ЖОЛҒЫ ЛИЦЕНЗИЯ
4-15-реквизиттер осы Ереженiң 2-тармағында жазылған өтiнiштiң 4-15 - реквизиттердi толтырғанға ұқсас толтырылады.
16-реквизит. "Лицензия алу үшiн негіздеме"
- ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекетi нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң нөмiрлерi және күндерi, атқарушы билiктiң мемлекеттiк органдары мен лицензияны сұрату үшiн негіз болып табылатын уәкiлеттi халықаралық органдары құжаттарының нөмiрлерi мен күндерi;
- егер өтiнiш берушi ретінде делдал болатын болса комиссия шарттарының нөмiрi мен күнi;
- тауардың фактуралық құны келiсiмнiң валютасында көрсетiледi.
Егер фактуралық құнының бөлшек бiрлiгi болса, онда ол дөңгелектену ережесi бойынша тұтас шамаға дейiн дөңгеленедi.
Бас және ерекше лицензияны ресiмдеген жағдайда тауардың болжамды құны көрсетiледi.
17-реквизит. "Келiсiлдi"
Қосымша келiсу қажеттiгi жағдайында толтырылады.
Лицензияны беруге келiскен тұлғаның Т.А.Ә.А., лауазымы және қол қойылған күнi көрсетiледi. Бұл ретте реквизитте "Қолы мен мөрi бар" деп қойылады.
18-реквизит. "Атқарушы органының уәкiлеттi мемлекеттiк органы"
Оның Т.А.Ә.А., лауазымы және қойылған күнi көрсете отырып, мөрмен куәландырылған рұқсат берген тұлғаның қолы қойылады.