1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң "А. Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыка мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгінiң "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесі болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсін:
1) <*>
Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111
қаулысымен
.
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға
196-қосымшада
:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
7-бағандағы "A. Жұбанов атындағы музыкалық қазақ орта мектеп-интернаты" деген сөздер "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) <*>
Ескерту. 3) тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы
N 214
қаулысымен.