Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 10 наурыздағы N 298-11 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Арнайы әскерлерiне арналған штат санының лимитi шегiнде 12 бiрлiк штат санымен Қазақстан Республикаcы Қорғаныс министрлiгiнiң "Щучинск аудандық пайдалану бөлiмi" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - мемлекеттік мекеме) құрылсын.
2. Мемлекеттік мекеменi қаржыландыру әкімшісi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi болып табылатын бағдарламалар бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) мемлекеттік мекеменiң жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 707 қаулысымен.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшінe енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі