Мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгерімінен ЗГН-4Д/1600А жер снаряды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Республикалық мемлекеттік қазыналық Орал су жолдары кәсіпорынының теңгеріміне берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі