Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Орталық Азия Ынтымақтастығы" Ұйымына мүше мемлекеттердiң үкiметтерi арасындағы Шекара маңы саудасы саласындағы ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Әдiлбек Рыскелдіұлы Жақсыбековке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан "Орталық Азия Ынтымақтастығы" Ұйымына мүше мемлекеттердiң үкiметтерi арасында Шекара маңы саудасы саласындағы ынтымақтастықтың негізгi қағидаттары туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
"Орталық Азия Ынтымақтастығы" Ұйымына мүше
мемлекеттердiң үкiметтерi арасындағы Шекара маңы
саудасы саласындағы ынтымақтастықтың негiзгi
қағидаттары туралы
келiсiм
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын "Орталық Азия Ынтымақтастығы" Ұйымына мүше мемлекеттердiң үкiметтерi,
2002 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Тәжiкстан Республикасы арасындағы "Орталық Азия Ынтымақтастығы" Ұйымын құру туралы шарттың негiзiнде,
Тараптар мемлекеттерiнiң шекара маңы өңiрлерiнiң арасындағы сауданы дамыту және кеңейту осы Келiсiмнiң негізгі мақсаты болып табылатынын назарға ала отырып,
Тараптар мемлекеттерiнiң шекара маңы аумақтарында тұратын халықтардың тығыз тарихи және мәдени-этникалық байланыстарына сүйене отырып,
Тараптар мемлекеттерiнiң егемендiгi мен аумақтық тұтастығын құрметтей отырып,
экономиканы дамыту, кооперациялық байланыстарды кеңейту және Тараптар мемлекеттерiнiң шекара маңы аумақтарының инфрақұрылымын нығайту жөнiнде келiсiлген iс-қимылдар жасау қажеттілігін мойындай отырып,
өзара тиiмділiк қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
шекара маңы саудасын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасаудың маңызына мән бере отырып,
мына төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмде мынадай негізгi терминдер мен ұғымдар қолданылады:
шекара маңы өңiрi - әкiмшілiк-аумақтық шекаралары Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекеттік шекаралары сызығына сәйкес келетiн әкiмшілiк немесе өзге де мемлекеттік аумақтық құрылымдар шегіндегі Тараптар мемлекеттерi аумағының бөлiгi (ауданы);
шекара маңы саудасы - Тараптар мемлекеттерiнiң шектес шекара маңы аумақтарында Тараптар мемлекеттерiнiң жеке және заңды тұлғаларының арасында жүзеге асырылатын сауда.
2-бап
Осы Келiсiмнiң негізгі мақсаттары мен мiндеттерi:
шекара маңы саудасын дамыту және кеңейту;
Тараптар мемлекеттерiнiң шекара маңы өңiрлерi арасында өзара тиiмдi сауда-экономикалық байланыстар орнату және оларды жетiлдiру;
экономикалық ықпалдастықты тереңдету және Тараптар мемлекеттерi шекара маңы өңiрлерiнiң экономикалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану;
Тараптар мемлекеттерiнiң шекара маңы өңiрлерi шегінде тауарлар мен қызметтер өткiзуге қиындық туғызатын кедергілердi жою;
Тараптар мемлекеттерiнiң шекара маңы саудасы саласындағы нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру және бiрiздендiру болып табылады.
3-бап
Тараптар кооперацияға, мамандандыруға, өз мемлекеттерiнiң шекара маңы өңiрлерiнiң инфрақұрылымын құру мен оны нығайтуға негізделiп келiсiлген экономикалық саясатты жүргізу жолымен Тараптар мемлекеттерiнiң шектес шекара маңы өңiрлерiнiң арасындағы шекара маңы саудасын дамыту мен кеңейтуге жәрдемдесетiн болады.
4-бап
Тараптар шекара маңы саудасын дамытуға Тараптар мемлекеттерiнiң шекара маңы саудасы саласындағы нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiруге және бiрiздендiруге жәрдемдесетiн болады.
5-бап
Тараптардың шекара маңы саудасы саласындағы ынтымақтастығы Тараптар мемлекеттерi ұлттық заңдарының нормаларын және қатысушылары Тараптар мемлекеттерi болып табылатын халықаралық шарттардың ережелерi сақтала отырып, мемлекеттiк басқару органдарының әртүрлi шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң арасында жүзеге асырылатын болады.
6-бап
Осы Келiсiмнiң мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн Тараптар мемлекеттерiнiң шектес шекара маңы өңiрлерiнiң мемлекеттiк басқару органдары шекара маңы саудасын дамыту жөнiнде келiсiлген бағдарламалар әзiрлейтiн болады.
7-бап
Тараптар қажет болған жағдайда шекара маңы саудасы мәселелерiн шешу үшiн бiрлескен комиссиялар (жұмыс топтарын) құруы мүмкiн.
8-бап
Тараптар шекара маңы өңiрлерiнiң экономикалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану мақсатында Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарында көзделген әртүрлi ұйымдық-құқықтық нысандардағы сауда үйлерi мен кәсiпорындардың қызметi үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар қабылдайтын болады.
9-бап
Тараптар ұлттық заңдар шеңберiнде шекара маңы өңiрлерiндегi тауарлар мен қызметтер өндiрушілердi қолдау үшiн:
сұрау салу бойынша Тарап мемлекеттерiнiң ақпараттық және заңнамалық базаларын ұсынуды;
рыноктар конъюктурасы туралы ақпараттармен қамтамасыз етудi;
өңiраралық шаруашылық байланыстары бойынша әрiптестердi iздеудiң автоматтандырылған жүйесiн құруды;
отандық өндiрiс тауарларының көрмелерiн, жәрмеңкелерiн және жарнамаларын ұйымдастыруды көздейтiн ақпараттық-маркетингтiк орталықтар құру жөнiнде шаралар қабылдайтын болады.
10-бап
Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң шекара маңы өңiрлерiнде тауарлардың, қызметтердiң және капиталдың заңды түрде өткiзілуiне қолайлы жағдайлар жасау мақсатында кедендiк рәсiмдердi, шекаралық, көлiктiк, санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринарлық және өзге де бақылау түрлерiн оңайлату мен бiрiздендiру жөнiнде шаралар қабылдайтын болады.
11-бап
Тараптар шекара маңы өңiрлерiнiң инфрақұрылымдарын құру мен нығайтуға бағытталған шекара маңы саудасын дамыту жөнiндегі бiрлескен өңiраралық бағдарламаларды iске асыруға жәрдемдесетiн болады.
Тараптар инвестициялар тарту мақсатында Тараптар мемлекеттерiнiң шекара маңы өңiрлерiнiң аумағында шекара маңы саудасы орталықтарының әртүрлi үлгілерiн құрудың экономикалық және құқықтық мүмкiндiктерiн зерделейдi және келiсiлген шешiмдер қабылдайды.
12-бап
Тараптар ұлттық заңдарға және Тараптардың мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Тараптар мемлекеттерiнiң шекара маңы өңiрлерiнде көлiктік қызметтер рыногын, көлiк коммуникациялары мен инфрақұрылымдарды бiрлесiп пайдалануды дамытуға, көлiк құралдарымен жолаушылар және жүк тасымалдарын жүзеге асыру үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге жәрдемдесетiн болады.
13-бап
Осы Келiсiм Тараптардың мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттар бойынша Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
14-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар мен келiссөздер арқылы шешетiн болады.
15-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн.
16-бап
1. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады.
2. Тараптардың әрқайсысының Келiсiмнен шығудың болжалды күнiнен кемiнде алты ай бұрын бұл туралы депозитарийдi жазбаша хабардар ету жолымен осы Келiсiмнен шығуға құқығы бар.
17-бап
Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы хабарламаны депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
2004 жылғы "____" __________ __________ қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.
Түпнұсқа дана әр Тарапқа оның расталған көшiрмесiн жiберетiн осы Келiсiмнiң депозитарийi болып табылатын __________ сақталады.
Қазақстан Қырғыз Тәжiкстан Өзбекстан
Республикасының Республикасының Республикасының Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн