"Қазақстан Республикасының әкiмшілiк-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 10-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының және Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмдігінiң Сайрам ауданының әкімшілік шекараларына Төле би ауданы жерiнiң жалпы алаңы 50,0 гектар бөлiгiн енгiзiп, Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам және Төле би аудандарының шекараларын өзгерту туралы ұсыныстарына келiсiм берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі