Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 230000000 (екі жүз отыз миллион) теңге бөлінсін, соның ішінде:
120000000 (бір жүз жиырма миллион) теңге мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерін мамандандырылған құтқару техникасымен және құтқару жабдығымен жарақтандыру үшін;
25400000 (жиырма бес миллион төрт жүз мың) теңге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппараты үшін байланыс құралдарын, есептеу және ұйымдастыру техникасын сатып алуға;
36900000 (отыз алты миллион тоғыз жүз мың) теңге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымында жаңадан құрылатын Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетіне және оның аумақтық органдарына жеңіл автомобильдер сатып алуға;
26200000 (жиырма алты миллион екi жүз мың) теңге өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасақтарын мамандандырылған құтқару техникасымен және құтқару жабдығымен жарақтандыру үшін;
21500000 (жиырма бір миллион бес жүз мың) теңге "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесін жер қазғыш және инженерлік техникамен жарақтандыру үшін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.01.20. N 38 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі