Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Италия Республикасының Үкiметi арасындағы Кәсiпкерлiк саласындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi Болат Советұлы Смағұловқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Италия Республикасының Үкiметi арасында Кәсіпкерлiк саласындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық туралы меморандум жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Италия
Республикасының Yкiметi арасындағы Кәсiпкерлiк
саласындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық туралы
меморандум
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Италия Республикасының Yкiметi,
кәсiпкерлiктi қолдай және дамыта отырып, экономикалық ынтымақтасты бұдан әрi нығайтуға және дамытуға ниет бiлдiрiп ,
теңдiк пен өзара тиiмдi ынтымақтастық қағидаттарын сақтай отырып және Тараптар мемлекеттерi ұлттық заңнамаларының нормаларына сүйенiп,
осы ынтымақтастық өнеркәсiптiң дамуы үшiн де, елдер арасындағы байланыстарды қарқындату үшiн де зор мүмкiндiктер туғызатынын пайымдай отырып ,
екi елдiң экономикасында шағын және орта кәсiпорындардың әлеуметтiк және экономикалық рөлiнiң маңыздылығын ұғына отырып ,
Тараптар мемлекеттерiнiң арасында кәсiпкерлiктi одан әрi дамыту үшiн ынтымақтастықта өзара мүдденi ескере отырып ,
екi елдiң арасындағы өнеркәсiптiк ынтымақтастық саласын кеңейту мен шағын және орта кәсiпорындарды құру мен нығайту, инновацияларды енгізу жолымен жеке секторды дамытуға ұмтыла отырып ,
мына мәселелер бойынша осы Меморандумды жасасты:
1-бап
Тараптар:
1) орта және шағын кәсiпкерлiктi (бұдан әрi - ОШК) дамыту саясатына бағытталған өзара ноу-хау алмасу үшiн тараптар арасындағы қарым-қатынастарды және ынтымақтастықты нығайту;
2) ОШК-ны қолдайтын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
3) жаңа кәсiпорындар құру және қазiргi барларын дамыту үшiн бағдарламаларды, аспаптар мен әдiстердi айқындау;
4) халықаралық стандарттарға сәйкес кәсiпорындарда технологияларды жетiлдiруге және инновацияларды енгiзуге бағытталған ықтимал тәсiлдер мен аспаптарды айқындау;
5) өнеркәсiп, сауда, инвестициялар мен ғылым салаларында тең құқық, әрiптестiк және өзара тиiмдiлiк негiзiнде өзара ынтымақтастыққа қол жеткiзу;
6) қызметтің жекелеген өңiрлерi мен секторларына енгiзу үшiн арнайы жобалар әзiрлеу;
7) адами ресурстарды, олардың кәсiби сапасы мен әлеуетiн дамытуды айқындау;
8) ОШК-ны дамытуға және деңгейiн арттыруға бағытталған ықтимал қаржылық қолдауды айқындау мақсатында ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.
2-бап
Осы Меморандумның ережелерiн орындау мақсатында Тараптар мемлекеттерiнiң құзыретті органдары өздерiнiң өкiлеттіктерi мен құзыретi шегінде және өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес тiкелей ынтымақтасатын болады.
Тараптар мемлекеттерiнiң құзыретті органдары:
1) Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi;
2) Италия тарапынан - Италия Республикасының Өндiрiстiк қызмет министрлiгi болып табылады.
Құзыреттi органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар бойынша уақтылы хабардар етiлетiн болады.
3-бап
Тараптар мынадай қызметтi жүзеге асырады:
1) жұмыс бағдарламасын егжей-тегжейлi айқындау;
2) қолданыстағы бағдарламалардың экономикалық және заңнамалық мазмұнын талдау және Тараптар мемлекеттерiнiң қоғамдық және жеке ұйымдарына тартылған тараптармен кездесулер және жұмыс сессияларын ұйымдастыру жолымен дамудың сыни факторлары мен перспективаларын сәйкестендiру;
3) жекелеген жобалардың уәждi таңдауын алу үшiн аумақтық және секторлық басымдықтарды айқындау;
4) бүкiл процесті үйлестiру мен дамыту мақсатында, сондай-ақ семинарлар, жұмыс сессияларын, тәжiрибе алмасуды, жұмыс сапарларын және т.б. ұйымдастыру жолымен жаттықтыру бағдарламаларын белгiлеу және iске асыру үшiн Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлетті органдарын айқындау;
5) OШК-ны құру және дамыту жөнiндегі жергiлiктi жобаларды бiрлесiп айқындау мақсатында мүдделi ұйымдардың iшiнен топтар "мақсатты топтар" құру;
6) мыналарға бағытталған пилоттық жобаларды жүзеге асыру:
- жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар мен әлеуеттi кәсiпкерлердi қолдау және дамыту;
- жұмыс iстеп тұрған және әлеуеттi кәсiпкерлердi дербес қолдау жөнiндегi мақсатты бағдарламаларды әзiрлеу және жүзеге асыру;
- компанияларға диагностика жүргiзу және кәсiпорындарды техникалық әрi ұйымдық жетiлдiру бойынша кейiннен курстар өткiзу;
- екi елде OШК-ны келiсе дамытуға арналған құрал ретiнде бiрлескен Қазақстан-Италия кәсiпорындарын құру.
Пилоттық жобалар мынадай кезеңдерден өтетiн болады:
- жобаны әзiрлеу кезiндегі сүйемелдеу;
- жобаны бағалау және оның техникалық, экономикалық және қаржылық негiздемесiн (бизнес-жоспарын) дайындау;
- жобаны бастапқы қолдау және үйрету мақсатындағы қолдау;
- қаржылық ресурстарды айқындау кезiндегi көмек;
- жобаны iске асырудың мониторингi.
7) жүргiзiлген iс-шараларды және қол жеткен нәтижелердi бағалау, келесi ықтимал қадамдарды айқындау;
8) нәтижелер туралы ақпарат беру.
4-бап
Осы Меморандумның ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар және келiссөз жолымен шешетiн болады.
5-бап
Осы Меморандумның ережелерiн iске асыру Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен мiндеттемелердi қозғамайды.
6-бап
Осы Меморандумға Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Меморандумның ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
7-бап
Тараптар, егер әрбiр нақты жағдайда өзгеше тәртiп келiсiлмеген болса, осы Меморандумды орындаумен байланысты барлық шығыстарды дербес көтередi.
8-бап
Осы Меморандум оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Меморандум белгiсiз мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi екiншi Тараптан оның осы Меморандумның қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде қалады.
2004 жылғы "__"________________ ____________ әрқайсысы қазақ, итальян, орыс және ағылшын тiлдерiнде, екi түпнұсқалық данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Меморандумның ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегі мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Италия Республикасының
Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн