"Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңының 28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қор) қызметiн жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық ставкасының 2005 жылға арналған шекті шамасы eceпті айда Қордың шотына келiп түскен активтер мөлшерiнің 1,3 пайызынан асырылмай бекiтілсiн.
2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес есептелген есептi айдағы комиссиялық сыйақы сомасы есептiден кейiнгi айдың бiрiншi бес жұмыс күнiнде Қордың ағымдық шотына аударылуға тиiс.
3. Қордың ағымдағы шотына аударылған комиссиялық сыйақы сомасы Қордың 2005 жылға арналған әкiмшілiк шығыстарының бекiтілген сметасы шегінде пайдаланылуға тиiс.
4. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі