Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қызылорда облысының әкiмiне Қызылорда қаласының жылу желiлерiн орау жұмыстарын жүргiзу үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 240000000 (екi жүз қырық миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi