Мемлекеттiк органдардың нысанды киiм-кешектерi мен нышандары жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 1230 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.04.21. N 307 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының нысанды киiмдерi мен нышандары мемлекеттiк стандарттарының жобаларын қарау, олардың сапалық параметрлерін, нормалары мен бiрыңғай мемлекеттік стильдi қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қолдану практикасын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкiметi жанынан Мемлекеттiк органдардың нысанды киiм-кешектерi мен нышандары жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құрылсын.

      2. 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдардың нысанды киiм-кешектерi мен нышандары жөніндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтілсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2004 жылғы 23 қарашадағы  
N 1230 қаулысына      
1-қосымша         

  Мемлекеттiк органдардың нысанды киiм-кешектерi мен
нышандары жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның
құрамы

Алтынбаев                 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Мұхтар Қапашұлы             министрi, комиссия төрағасы

Әбдiрахимов               - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Ғабидолла Рахматоллаұлы     қызмет iстерi жөнiндегі агенттігінiң
                            төрағасы, комиссия төрағасының
                            орынбасары (келiсiм бойынша)

Бекбенбетов               - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Марат Төлегенұлы            министрлігінің Қарулы Күштерi тыл
                            бастығының орынбасары - тыл бастығы
                            басқармасы штабының бастығы, хатшы

Аюбаев                    - Қазақстан Республикасы Президентi Күзет
Мұхтар Ақатұлы              қызметi бастығының орынбасары (келiсiм
                            бойынша)

Сәрсенов                  - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Аниятолла Өмiрзақұлы        қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
                            қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
                            төрағасының орынбасары

Әбдiров                   - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Кенжеболат Мұхамеджанұлы    жанындағы Соттық әкімшілендiру комитеті
                            төрағасының орынбасары (келісiм бойынша)

Есжанов                   - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Қанат Бөлебайұлы            коммуникациялар министрлігі Көлiктiк
                            бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Михалченко                - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Василий Николаевич          сауда министрлігінiң Стандарттау,
                            метрология және сертификаттау комитетi
                            төрағасының орынбасары

Шақуанов                  - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Болат Аташұлы               министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi
                            комитетi төрағасының орынбасары

Аппарбеков                - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Серiк Сейiтұлы              министрлiгi Мемлекеттік өртке қарсы
                            қызмет департаментiнің бастығы

Ыбыраев                   - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Болат Әбиүрұлы              министрлiгi Тыл департаментiнiң бастығы

Иванова                   - Қазақстан Республикасы Экономика және
Haтaлья Николаевна          бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
                            Мемлекеттiк аппарат, қорғаныс, қоғамдық
                            тәртiп және қауiпсiздiк шығыстарын
                            жоспарлау департаментiнiң директоры

Қожымұратов               - Қазақстан Республикасы Ауыл
Асылбек Әубәкiрұлы          шаруашылығы министрлігі Ветеринария
                            департаментінiң директоры

Сәттібаев                 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Әлейтжан Қалиғұмарұлы       министрлiгі Азаматтық қорғаныс, әскери
                            бөлімдер және жедел ден қою
                            департаментiнiң директоры

Хасенов                   - Қазақстан Республикасы Ауыл
Сақташ Сатыбалдыұлы         шаруашылығы министрлiгі Өсiмдiктердi
                            қорғау және карантинi департаментiнiң
                            директоры

Шабақбаев                 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Марат Несiпбекұлы           Кадр жұмысы мен iшкi қауiпсiздiктi
                            қамтамасыз ету департаментiнiң бастығы
                            (келісiм бойынша)

Торғаев                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Мұқажан Рымжанұлы           қауiпсiздiк комитетінің
                            Әскери-техникалық және қаржылық
                            қамтамасыз ету департаментi бастығының
                            бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша)

Фролов                    - Республикалық ұланның әскери-техникалық
Павел Михайлович            және қаржылық қамтамасыз ету
                            басқармасының бастығы (келiсiм бойынша)

Тiлеуов                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Сәлiмжан Атшыбайұлы         қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің
                            Тыл бас басқармасы бастығының орынбасары
                            (келiсiм бойынша)

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2004 жылғы 23 қарашадағы  
N 1230 қаулысына      
2-қосымша          

  Мемлекеттік органдардың нысанды киiм-кешектерi мен
нышандары жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже

  I. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк органдардың нысанды киiм-кешектерi мен нышандары жөніндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) бiрыңғай мемлекеттiк стильдi қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Yкiметi жанындағы мемлекеттiк органдардың нысанды киiм-кешектерi мен нышандарының стандарттары жобаларын әзiрлеу және қарау жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия өзiнің қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына , Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комиссия өзiнiң қызметін Мемлекеттік нышандар жөнiндегi республикалық комиссиямен (бұдан әрi - Республикалық комиссия) өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
      4. Комиссия шешімдерi ұсынымдық сипатта болады.

  II. Комиссияның негiзгi мiндеттері

      5. Комиссияның негізгі міндеттерi:
      1) мемлекеттiк органдардың нысанды киiмдерi мен нышандарына қатысты бөлігінде мемлекеттiк стильді қалыптастыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
      2) мемлекеттік органдардың нысанды киiмдерi мен нышандарының сапасы, қауiпсiздігі, бiрыңғай мемлекеттiк стилi, қолданылу және кию заңдылығы мәселелерiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетілдiру жөнінде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

  ІІІ. Комиссияның функциялары

      6. Комиссияның негізгi функциялары:
      1) мемлекеттік органдардың нысанды киiмдерi мен нышандарының сапасы, қауiпсiздiгi, бiрыңғай мемлекеттiк стилі, қолданылу және кию заңдылығы мәселелерiн регламенттейтiн қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жаңасын әзiрлеу мен қайта қарау жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      2) мемлекеттік органдардың нышандарын көпшiлiк қолдану практикасын зерделеу және қажет жағдайда, оның Қазақстан Республикасында қолданылуы жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
      3) мемлекеттiк органдардың нысанды киiмдерi мен нышандары эскиздерiн, суреттерiн, үлгілерiн, сондай-ақ мемлекеттiк стандарттар мен басқа да нормативтiк құжаттардың жобаларын қарау;
      4) мемлекеттiк органдарға арналған нысанды киiмдер мен нышандар стандарттарын әзiрлеуге, үлгiлерiн жасауға және шығаруға арналған мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi тендерлер үшiн жағдайларды дайындау шеңберiнде ұсынымдар әзiрлеу;
      5) мемлекеттiк органдардың нысанды киiмдерi мен нышандарына мемлекеттік стандарттар әзiрлеу, өндiру және оларға сәйкес қолдану мәселелерi жөнiндегi мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмыстарының қорытындыларын зерделеу, талдау және қорыту;
      6) мемлекеттiк органдарға арналған нысанды киiмдер мен нышандарды қолданудың құқықтық базасын жетілдiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар әзiрлеу және енгiзу;
      7) мемлекеттік нышандарды шығаруға, таратуға, насихаттауға, оларды әскери және өзге атрибутикада, мемлекеттік органдарда қолдану практикасында пайдалануға байланысты мәселелер жөнiнде ұсыныстар дайындау болып табылады.

  IV. Комиссияның негiзгi өкiлеттiктерi

      7. Комиссия қойылған мiндеттердi шешу үшiн:
      1) қоғамдық бастауда орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, шығармашылық және ғылыми ұйымдардың, оқу орындарының мамандарын, республиканың ғалымдары мен мамандарын тартуға;
      2) министрлiктерден, өзге де орталық және жергіліктi атқарушы органдардан Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiнде ақпараттар сұратуға құқылы.

  V. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      8. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшы мен Комиссия мүшелерiнен тұрады.
      9. Комиссия төрағасы:
      1) Комиссияға жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның отырыстарына төрағалық етедi;
      2) оның қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес ұйымдастырады;
      3) Комиссияның жұмыс жоспарларын бекiтедi, күн тәртiбiн белгiлейдi және Комиссия отырыстарының хаттамаларына қол қояды;
      4) Комиссияның қызметін жетілдiру және оның құзыретіне кiретiн басқа да мәселелер жөнiнде Комиссия мүшелерiнің ұсыныстарын қарайды;
      5) Комиссия жүзеге асыратын қызметі үшін жауапты болады.
      10. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
      11. Комиссия хатшысы:
      1) Комиссия жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларын, оның отырыстарына материалдарды дайындауды жүзеге асырады, отырыстар күн тәртiбiнің жобасын төрағаның қарауына енгiзедi;
      2) Комиссияның іс жүргiзуi үшін жауап бередi және жұмыс жоспарларының iске асырылуын бақылауды қамтамасыз етедi;
      3) осы Ережеде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      12. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      13. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жүргізіледi және оның мүшелерінің жалпы санының 2/3 бөлiгi болған кезде заңды.
      14. Комиссия шешiмi оның отырыстарына қатысатын мүшелерiнiң санынан кемінде 2/3 ашық дауыспен қабылданады.

О создании Межведомственной комиссии по форменному обмундированию и символике государственных органов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2004 года N 1230. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21 апреля 2006 года N 307

      Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2004 года N 1230 утратило силу постановлением Правительства РК от 21 апреля 2006 года N  307 .
 
        В целях рассмотрения проектов государственных стандартов форменной одежды и символики государственных органов Республики Казахстан, обеспечения их качественных параметров, норм и единого государственного стиля, а также упорядочения практики их применения Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать Межведомственную комиссию по форменному обмундированию и символике государственных органов при Правительстве Республики Казахстан в составе согласно приложению 1.

      2. Утвердить Положение о Межведомственной комиссии по форменному обмундированию и символике государственных органов согласно приложению 2.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республика Казахстан

Приложение 1           
к постановлению Правительства 
Республики Казахстан      
от 23 ноября 2004 года N 1230 

  Состав
Межведомственной комиссии по форменному обмундированию
и символике государственных органов

Алтынбаев                    - Министр обороны Республики Казахстан,
Мухтар Капашевич               председатель комиссии

Абдрахимов                   - Председатель Агентства Республики Казахстан
Габидулла Рахматуллаевич       по делам государственной службы,
                               заместитель председателя комиссии
                               (по согласованию)

Бекбенбетов                  - заместитель начальника тыла - начальник
Марат Тулегенович              штаба управления начальника тыла
                               Вооруженных Сил Министерства обороны
                               Республики Казахстан, секретарь

Аюбаев                       - заместитель начальника Службы охраны
Мухтар Акатович                Президента Республики Казахстан
                               (по согласованию)

Сарсенов                     - заместитель Председателя Агентства
Аниятулла Умирзакулы           Республики Казахстан по борьбе с
                               экономической и коррупционной преступностью
                               (финансовая полиция)

Абдыров                      - заместитель председателя Комитета по
Кенжебулат Мухамеджанович      судебному администрированию при Верховном
                               Суде Республики Казахстан
                               (по согласованию)

Есжанов                      - заместитель председателя Комитета
Канат Булебаевич               транспортного контроля Министерства
                               транспорта и коммуникаций Республики
                               Казахстан

Михалченко                   - заместитель председателя Комитета по
Василий Николаевич             стандартизации, метрологии и сертификации
                               Министерства индустрии и торговли
                               Республики Казахстан

Шакуанов                     - заместитель председателя Комитета
Болат Аташевич                 уголовно-исполнительной системы
                               Министерства юстиции 
                               Республики Казахстан

Аппарбеков                   - начальник Департамента 
Серик Сеитович                 Государственной противопожарной 
                               службы Министерства по чрезвычайным 
                               ситуациям Республики Казахстан

Ибраев                       - начальник Департамента тыла Министерства
Болат Абиюрович                внутренних дел Республики Казахстан

Иванова                      - директор Департамента планирования расходов
Наталья Николаевна             госаппарата, обороны, общественного порядка
                               и безопасности Министерства экономики и
                               бюджетного планирования Республики
                               Казахстан

Кожумратов                   - директор Департамента ветеринарии
Асылбек Аубакирович            Министерства сельского хозяйства Республики
                               Казахстан

Саттыбаев                    - директор Департамента Гражданской обороны,
Алейтжан Калигумарович         воинских частей и оперативного реагирования
                               Министерства по чрезвычайным ситуациям
                               Республики Казахстан

Хасенов                      - директор Департамента защиты и карантина
Сакташ Сатыбалдинович          растений Министерства сельского хозяйства
                               Республики Казахстан

Шабакбаев                    - начальник Департамента кадровой работы и
Марат Несипбекович             обеспечения внутренней безопасности
                               Генеральной прокуратуры Республики
                               Казахстан (по согласованию)

Торгаев                      - первый заместитель начальника Департамента
Мукажан Рымжанович             военно-технического и финансового
                               обеспечения Комитета национальной
                               безопасности Республики Казахстан
                               (по согласованию)

Фролов                       - начальник управления военно-технического и
Павел Михайлович               финансового обеспечения Республиканской
                               гвардии (по согласованию)

Тлеуов                       - заместитель начальника Главного управления
Салимжан Атшибаевич            тыла Пограничной службы Комитета
                               национальной безопасности Республики
                               Казахстан (по согласованию)

Приложение 2            
к постановлению Правительства   
Республики Казахстан      
от 23 ноября 2004 года N 1230  

  Положение
о Межведомственной комиссии по форменному обмундированию
и символике государственных органов

  I. Общие положения

      1. Межведомственная комиссия по форменному обмундированию и символике государственных органов (далее - Комиссия) является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан по разработке и рассмотрению проектов стандартов форменного обмундирования и символики государственных органов с целью формирования единого государственного стиля.
      2. Комиссия осуществляет свою деятельность в соответствии с  Конституцией  Республики Казахстан, законодательством Республики Казахстан, а также настоящим Положением.
      3. Комиссия осуществляет свою деятельность во взаимодействии с Республиканской комиссией по государственным символам (далее - Республиканская комиссия).
      4. Решения Комиссии носят рекомендательный характер.

  II. Основные задачи Комиссии

      5. Основными задачами Комиссии являются:
      1) подготовка предложений по реализации государственной политики в области формирования государственного стиля в части, касающейся форменной одежды и символики государственных органов;
      2) выработка предложений по совершенствованию нормативных правовых актов, регламентирующих вопросы качества, безопасности, единого государственного стиля, правомочности применения и ношения форменной одежды и символики государственных органов.

  III. Функции Комиссии

      6. Основными функциями Комиссии являются:
      1) подготовка предложений по разработке новых и пересмотру действующих государственных стандартов и нормативных правовых актов, регламентирующих вопросы качества, безопасности, единого государственного стиля, правомочности применения и ношения форменной одежды и символики государственных органов;
      2) изучение практики публичного применения символики государственных органов и, при необходимости, выработка рекомендаций по ее применению в Республике Казахстан;
      3) рассмотрение эскизов, рисунков, образцов форменной одежды и символики государственных органов, а также проектов государственных стандартов и других нормативных документов;
      4) выработка рекомендаций в рамках подготовки условий для тендеров по государственным закупкам на разработку стандартов, создание образцов и производство форменной одежды и символики для государственных органов;
      5) изучение, анализ и обобщение итогов работы государственных органов и организаций по вопросам разработки государственных стандартов, производства и применения в соответствии с ними форменной одежды и символики государственных органов;
      6) разработка и внесение в Правительство Республики Казахстан предложений по совершенствованию правовой базы применения форменной одежды и символики для государственных органов;
      7) подготовка предложений по вопросам, связанным с производством, распространением, пропагандой государственных символов, их использованием в военной и иной атрибутике, практике применения в государственных органах.

  IV. Основные полномочия Комиссии

      7. Комиссия для решения поставленных задач имеет право:
      1) привлекать специалистов центральных и местных исполнительных органов, творческих и научных организаций, учебных заведений, ученых и специалистов республики на общественных началах;
      2) запрашивать в министерствах, иных центральных и местных исполнительных органах информацию по вопросам, входящим в компетенцию Комиссии.

  V. Организация работы Комиссии

      8. Комиссия состоит из председателя, заместителя председателя, секретаря и членов Комиссии.
      9. Председатель Комиссии:
      1) осуществляет общее руководство Комиссией, председательствует на ее заседаниях;
      2) организует ее работу в соответствии с законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением;
      3) утверждает планы работы Комиссии, определяет повестку дня и подписывает протоколы заседаний Комиссии;
      4) рассматривает предложения членов Комиссии по совершенствованию ее деятельности и другим вопросам, входящим в компетенцию Комиссии;
      5) несет ответственность за деятельность, осуществляемую Комиссией.
      10. Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.
      11. Секретарь Комиссии:
      1) осуществляет подготовку проектов текущих и перспективных планов работы Комиссии, материалов к ее заседаниям, вносит на рассмотрение председателя проект повестки дня заседаний;
      2) отвечает за делопроизводство и обеспечивает контроль реализации планов работы Комиссии;
      3) осуществляет иные полномочия, предусмотренные настоящим Положением.
      12. Рабочим органом Комиссии является Министерство обороны Республики Казахстан.
      13. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже чем два раза в год и правомочны при наличии 2/3 от общего числа ее членов.
      14. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием не менее чем 2/3 голосов от числа присутствующих на ее заседании членов.