Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1743 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Ақша төлемдерi мен аударымдары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының санаттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1328 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын
жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын
пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға мiндеттi сауда
(қызмет көрсету) ұйымдарының санаттары
Ескерту. Санатқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.18. N 820(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
___________________________________________________________________
P/c| Сауда (қызмет көрсету) ұйымдары санаттарының атауы
N |
___________________________________________________________________
1 2
___________________________________________________________________
1 Автомобильдер мен мотоциклдердi сатуды жүзеге асыратын және
оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөнiндегi
қызметтердi ұсынатын ұйымдар
2 Автомобильдер мен мотоциклдердi сатудан басқа көтерме және
бөлшек сауданы, агенттер арқылы сауданы, тұрмыстық бұйымдар мен
жеке пайдалану заттарын жөндеудi жүзеге асыратын ұйымдар
3 Қонақ үй қызметтерiн ұсынатын ұйымдар
4 Ресторан немесе бар қызметтерiн ұсынатын ұйымдар
5 Әуе және темiр жол көлiгiне жол жүру құжаттарын (билеттердi),
багаж және жүк-багаж түбiртектерiн сатуды жүзеге асыратын
ұйымдар
6 Су көлiгiмен қызметтер көрсететiн ұйымдар
7 Жүктердi көлiктiк өңдеу мен сақтау жөнiндегi қызметтердi,
қосымша қызметтердi және жүктердi тасымалдау жөнiндегi
қызметтердi ұсынатын ұйымдар
8 Туристік қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар
9 Аудан орталықтарына дейiнгiнi қоса алғанда, байланыс қызметтерiн
ұсынатын ұйымдар
10 Сақтандыру саласындағы қызметтердi ұсынатын ұйымдар
11 Жылжымайтын мүлiкпен операциялар жасау жөнiндегi қызметтердi
ұсынатын ұйымдар (жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу
саласында)
12 Денсаулық сақтау саласында тауарлар мен қызметтер сатуды жүзеге
асыратын жеке ұйымдар
13 Кинофильмдер көрсету жөнiндегi қызметтердi ұсынатын ұйымдар
және ойын-сауық-мәдени орталықтары
14 Фитнес, гольф және яхт клубтары, сондай-ақ жаттығу залдары,
бассейндер, теннистiк корттар, атыс алаңдары бар спорт
кешендерi
15 Құмар ойындарды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтердi ұсынатын
ұйымдар
16 Жеке қызметтердi ұсынатын ұйымдар
17 Боулинг (кегельбан) және бильярд бойынша қызметтердi ұсынатын
ұйымдар
___________________________________________________________________
Ескерту: Сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға мiндетті сауда (қызметтер көрсететiн) ұйымдарының аталған санаттары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шағын бизнес субъектiлерi үшін арнайы салық режимiн қолданатын және жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiлерi жоқ орындарда орналасқан сауда (қызмет көрсететін) ұйымдарына қолданылмайды.