Отандық өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының 2003-2005 жылдарға арналған кредит саясаты туралы меморандумды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 571 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 27, 253-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының 2003-2005 жылдарға арналған кредит саясаты туралы меморандумда:
6-тармақ мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) сапа менеджментінің жүйелерін және қоршаған ортаны қорғау жүйесін енгізу.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі