"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
2. Қоса берiлiп отырған:
вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
туберкулезбен ауыратындар үшiн туберкулезге қарсы препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
қант диабетiмен ауыратындар үшiн диабетке қарсы препараттарды және жеткiзiп беру құралдарын сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
онкологиялық аурулармен ауыратындар үшiн химиялық препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
бүйрек кемiстiгi бар аурулар үшiн дәрiлiк заттар, шығыс материалдары мен жинақтаушылары бар диализаторлар, сондай-ақ бүйрегiн ауыстырып қондырған науқастарға дәрiлiк заттар сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ағымдағы нысаналы трансферттердiң бекiтiлген сомасын аударуды қамтамасыз етсiн.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомасын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
2) ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомасын пайдалану туралы есептердi есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1384 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттерiне дәрiлiк заттарды, вакциналарды және
басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды
сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы
трансферттердi пайдалану ережесi
Осы Ереже 028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" республикалық бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбiн айқындайды.
1. 2005 жылға арналған болжамды бағаларды ескере отырып, дәрiлiк заттардың, вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттардың бiрыңғай номенклатурасын, сондай-ақ олардың көлемiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi айқындайды.
2. Дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстың бiрыңғай ұйымдастырушысы болып Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi әрекет етедi. Конкурстық комиссияның құрамына облыстық, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды басқару (дәрiлiк заттарды сатып алу кезiнде) және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сатып алу кезiнде) органдарының өкiлдерi енгiзiледi.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен дәрiлiк заттар бойынша конкурстың (баға ұсыныстарының сұранымын немесе бiр көзден мемлекеттiк сатып алуды пайдалана отырып жеткiзушiнi iрiктеу) қорытындылары туралы хаттаманы дәрiлiк заттар бойынша облыстық, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау департаменттерiне (басқармаларына), вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттар бойынша облыстық, Астана және Алматы қалаларының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерiне (басқармаларына) жiбередi.
4. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау департаменттерi (басқармалары) мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерi (басқармалары) заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмде:
мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасасуды жүзеге асырады;
қазынашылық органдарда мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiркелуi және олардың одан әрi орындалуы жөнiндегi шараларды қабылдайды;
дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды соңғы алушыларды айқындайды;
дәрілiк заттарды, вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды пайдалану мониторингiн жүзеге асырады.
5. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау департаменттерi (басқармалары) мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерi (басқармалары) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың жасалуы және орындалуы туралы есептердi ұсынады.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң өткiзiлген конкурстардың қорытындылары бойынша қалыптасқан үнемдеу шегiнде дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды қосымша сатып алуды жүзеге асыруы мүмкiн.
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының Yкiметi заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қажеттi есептердi ұсынады.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1384 қаулысымен
бекітiлген
Онкологиялық аурулармен ауыратындар үшiн
химиялық препараттарды сатып алуға
берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттердiң сомасын бөлу
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.10.11. N 1016 қаулысымен.
Атауы |
Сомасы, мың теңге |
Ақмола облысы |
40702,9 |
Ақтөбе облысы |
31482,5 |
Алматы облысы |
95594,0 |
Атырау облысы |
36865,5 |
Шығыс Қазақстан облысы |
112279,8 |
Жамбыл облысы |
40347,8 |
Батыс Қазақстан облысы |
38468,4 |
Қарағанды облысы |
36776,3 |
Қостанай облысы |
37418,2 |
Қызылорда облысы |
41152,0 |
Маңғыстау облысы |
17583,7 |
Павлодар облысы |
36550,0 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
44103,7 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
50646,5 |
Астана қаласы |
31380,1 |
Алматы қаласы |
86944,6 |
Барлығы: |
778296,0 |
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1384 қаулысымен
бекітiлген
Қант диабетiмен ауыратындар үшін диабетке
қарсы препараттарды және жеткiзу құралдарын
сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы
трансферттердiң сомасын бөлу
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.10.11. N 1016 қаулысымен.
Атауы |
Сомасы, мың теңге |
Ақмола облысы |
62205,0 |
Ақтөбе облысы |
29879,0 |
Алматы облысы |
115875,0 |
Атырау облысы |
30479,0 |
Шығыс Қазақстан облысы |
197708,0 |
Жамбыл облысы |
93846,0 |
Батыс Қазақстан облысы |
44732,0 |
Қарағанды облысы |
151408,0 |
Қостанай облысы |
101311,0 |
Қызылорда облысы |
13833,0 |
Маңғыстау облысы |
14124,0 |
Павлодар облысы |
51031,0 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
78836,0 |
Оңтүстiк Қазақстан облысы |
187522,0 |
Астана қаласы |
42741,0 |
Алматы қаласы |
197894,0 |
Барлығы: |
1413424,0 |
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1384 қаулысымен
бекітiлген
Туберкулезбен ауыратындарға арналған
туберкулезге қарсы препараттарды
сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттердiң сомасын бөлу
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.10.11. N 1016 қаулысымен.
Атауы |
Сомасы, мың теңге |
Ақмола облысы |
25673,1 |
Ақтөбе облысы |
29519,5 |
Алматы облысы |
44402,1 |
Атырау облысы |
18184,6 |
Шығыс Қазақстан облысы |
35614,7 |
Жамбыл облысы |
23929,7 |
Батыс Қазақстан облысы |
8628,1 |
Қарағанды облысы |
43730,0 |
Қостанай облысы |
26282,6 |
Қызылорда облысы |
47802,2 |
Маңғыстау облысы |
11605,3 |
Павлодар облысы |
15746,9 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
21730,5 |
Оңтүстiк Қазақстан облысы |
51124,5 |
Астана қаласы |
16271,3 |
Алматы қаласы |
14058,9 |
Барлығы: |
434304,0 |
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1384 қаулысымен
бекітiлген
Вакциналарды және басқа да медициналық
иммундық-биологиялық препараттарды
сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы
трансферттердiң сомасын бөлу
__________________________________________________________________
Атауы | Сомасы, мың теңге
__________________________________________________________________
Барлығы: 1130770,0
Ақмола облысы 62599,0
Ақтөбе облысы 66374,0
Алматы облысы 122038,0
Атырау облысы 22457,0
Шығыс Қазақстан облысы 126838,0
Жамбыл облысы 82634,0
Батыс Қазақстан облысы 26505,0
Қарағанды облысы 92080,0
Қостанай облысы 62909,0
Қызылорда облысы 62140,0
Маңғыстау облысы 34778,0
Павлодар облысы 60529,0
Солтүстiк Қазақстан облысы 44663,0
Оңтүстiк Қазақстан облысы 172005,0
Астана қаласы 25690,0
Алматы қаласы 66531,0
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1384 қаулысымен
бекітiлген
Бүйрек кемістігі бар ауруларға дәрілік заттар,
шығыс материалдары мен жинақтаушылары бар диализаторлар,
сондай-ақ бүйрегін ауыстырып қондырған науқастарға дәрілік
заттар сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттердің сомасын бөлу
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.10.11. N 1016 қаулысымен.
Атауы |
Сомасы, мың теңге |
Ақмола облысы |
18126,8 |
Ақтөбе облысы |
30452,9 |
Алматы облысы |
34757,7 |
Атырау облысы |
14163,0 |
Шығыс Қазақстан облысы |
32894,6 |
Жамбыл облысы |
10234,4 |
Батыс Қазақстан облысы |
11760,0 |
Қарағанды облысы |
22196,0 |
Қызылорда облысы |
4420,0 |
Қостанай облысы |
12668,0 |
Маңғыстау облысы |
11664,0 |
Павлодар облысы |
16499,4 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
12552,0 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
26767,2 |
Астана қаласы |
58661,0 |
Алматы қаласы |
89134,0 |
Барлығы: |
406951,0 |