2004 жылғы 26 желтоқсандағы жер сiлкiнiсiнiң салдарынан зардап шеккен Шри-Ланка Демократиялық Социалистiк Республикасына iзгілік көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі:
1) 1 және 2-қосымшаларға сәйкес ізгiлiк көмек көрсету үшiн материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервтен шығарсын және жұмылдыру резервiнiң бронынан алсын;
2) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесіп, жүктi бiрге алып жүрудi және алушыға берудi қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігi Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен бірлесіп, Шри-Ланка Демократиялық Социалистiк Республикасына iзгiлiк көмек көрсетуге байланысты материалдық құндылықтардың құнын өтеу және оларды автомобиль және авиация көлiгімен тасымалдау үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен қаражат бөлу туралы шешiмнің жобасын енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi iзгiлiк көмек жүгін:
1) автомобиль көлігімен материалдық құндылықтарды сақтау пункттерінен Қарағанды қаласының әуежайына дейiн;
2) Қарағанды қаласының әуежайынан Шри-Ланка Демократиялық Социалистiк Республикасы Коломба қаласының әуежайына дейiн жеткiзуді қамтамасыз етсiн.
4. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi Іс Басқармасының "Бүркiт" республикалық мемлекеттік кәсіпорны ізгілік көмек көрсету үшiн оларды сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар материалдық құндылықтарды Қарағанды қаласының әуежайынан Шри-Ланка Демократиялық Социалистiк Республикасы Коломба қаласының әуежайына дейiнгі бағыт бойынша әуе тасымалы жөнiндегi қызметтер көрсетушi болып белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi өз құзыретінің шегiнде осы қаулыны орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1445 қаулысына
1-қосымша
Iзгiлiк көметiн көрсетуге арналған материалдық
құндылықтардың тізбесі
Тары ботқасы 325 грамнан - 80748 физикалық қалбыр
Арпа жармасы 325 грамнан - 39492 физикалық қалбыр
Кiр сабын 3 тонна
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1445 қаулысына
2-қосымша
Iзгілік көмегін көрсетуге арналған дәрi-дәрмектер
мен таңу құралдарының тiзбесi
___________________________________________________________________
P/c| Материалдық құндылықтардың атауы | Саны
N | |
___________________________________________________________________
Дәрi-дәрмектер
1 Анальгин 0,5 N 10 таблеткiде 250 орам
2 Анальгин 50% 1,0 мл 3700 ампула
3 Баралгин 5,0 мл ампулада 117 ампула
4 Бисептол 0,48 N 20 377 орам
5 Валидол 0,06 N 10 26 орам
6 Глюкоза 40% р-р 20,0 мл-дан
ампулада 4000 ампула
7 Глюкоза 5% р-р 400 мл-дан
флаконда 60 флакон
8 Дибазол 1% р-р 1,0 мл-дан 2000 ампула
9 Димедрол 1% р-р 1,0 мл-дан
ампулада 3000 ампула
10 Йод 5% р-р 10 мл-нан флаконда 50 флакон
11 Глюконат кальцийi 0,5 мл-дан N 10 500 орам
12 Ацетилсалицилдi қышқыл 0,5 N 10 1000 орам
13 Коргликон 0,06% р-р 1,0 мл-дан
ампулада 110 ампула
14 Мезатон 1% р-р 1,0 мл-дан ампулада 1000 ампула
15 Новокаин 0,5% р-р 5,0 мл-дан
ампулада 2000 ампула
16 Аммиак 10% 1,0.N 10 ампула 300 коробка
17 Гидрохлорид папаверині
2,0 мл-дан ампулада 2000 ампула
18 Преднизолон 0,005 N 100 50 орам
19 Сульфадимезин 0,5 N 10 217 орам
Антибиотиктер
1 Бензилпенициллин н/с 500 мың
бiрлiкте 100000 флакон
2 Г/х доксациклин 0,2 мл-дан N 10 1000 орам
3 Левомецитин 0,5 N 10 1500 орам
4 Нистатин 250000 бiрлiкте N 20 60 флакон
Қан және қан алмастырғыштар
препараттары
1 Полиглюкин 400 мл-дан флаконда 500 флакон
2 Гемодез 400 мл-нан флаконда 500 флакон
Уытсыздандыру құралдары
1 Хлорамин 90 килограмм
Таңу құралдары
1 Гипс бинтi 3х15 420 дана
2 Марлілi айықтырғыш бинт 10x5 20000 дана
3 Марлелi айықтырмайтын бинт 10x5 10000 дана
4 Айықтырғыш салфеткалары 45х29 3500 дана
5 Мақта-марлелi айықтырғыш
жастықша 10х10 80 дана
6 Мақта-марлелi айықтырғыш
жастықша 15x15 1600 дана
7 Тығыздалған хирургиялық шұға
1,25 N 00 5000 ампула
8 Хирургиялық айықтырғыш шұға N 3 100 ампула
9 Хирургиялық айықтырғыш шұға N 6 200 ампула
10 Айықтырғыш кетгугi N 4 1000 ампула
11 Медицина марлесi 10000 метр
12 Санитарлық тасығыштар 250 дана
13 Қан және қан алмастырғыштарды
құюға арналған пластикалық жүйе 5000 дана
___________________________________________________________________