"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану ережесi;
2) 2005 жылы жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер сомасын облыстық бюджеттерге бөлу бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi белгiленген тәртiппен нысаналы ағымдағы трансферттердi облыстық бюджеттерге аударуды қамтамасыз етсiн.
3. Облыстардың әкiмдерi:
1) нысаналы ағымдағы трансферттердiң бөлiнген сомасын уақтылы және мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсiн;
2) есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне бөлiнген нысаналы ағымдағы трансферттердiң пайдаланылуы туралы есептi ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1452 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске
қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн
ұстауға берiлетiн нысаналы ағымдағы
трансферттер пайдалану ережесі
Осы Ереже 027 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға бөлiнетiн нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.
1. Нысаналы ағымдағы трансферттер облыс әкiмдерi ұсынатын денсаулық сақтау объектiлерiн пайдалануға қабылдау туралы қабылдап алу комиссияларының актiлерi және жергiлiктi атқарушы органдардың денсаулық сақтау объектiлерiн ашу туралы шешiмдерi негiзiнде күрделi сипаттағы шығыстарды қоспағанда, жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға бөлiнедi.
2. Денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқару жергiлiктi органдары объектiнi пайдалануға енгiзу кешiктiрiлген жағдайда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне тиiстi қаржы жылына арналып бекiтiлген сома шегiнде қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзуi мүмкiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде есеп бередi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1452 қаулысымен
бекiтiлген
2005 жылы жаңадан iске қосылатын денсаулық
сақтау объектiлерiн ұстауға облыстық бюджеттерге
берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер
сомасын бөлу
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 661 қаулысымен.
Атауы |
Сомасы, мың теңге |
Барлығы |
107052,0 |
Ақтөбе облысы |
20681,0 |
Алматы облысы |
11391,0 |
Атырау облысы |
1465,0 |
Жамбыл облысы |
36889,0 |
Қарағанды облысы |
5383,0 |
Қостанай облысы |
3485,0 |
Қызылорда облысы |
13782,0 |
Маңғыстау облысы |
5267,0 |
Павлодар облысы |
8709,0 |