Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1462 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
      "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 64-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
 

Қазақстан Республикасы
 


Премьер-Министрінің
 


міндетін атқарушы
 




Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1462 қаулысымен
бекiтiлген

Халықаралық және облысаралық қатынастарда
жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесi
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi әрi халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      2. Халықаралық қатынастардағы жолаушылар тасымалы (транзиттi қоса алғанда) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Облысаралық қатынастардағы жолаушылар тасымалы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда жүргiзіледi.
      4. Халықаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұлттық тасымалдаушы жүзеге асырады, облысаралық қатынастарда - бәсекелестiк негiзде жүзеге асырылады.
 

2. Халықаралық және облысаралық қатынастарда
жолаушылар тасымалын ұйымдастыру тәртiбi

      5. Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мынадай кезеңдердi:
      1) халықаралық және облысаралық қатынастардағы поездар қозғалысы кестесiн және оларды қалыптастыру схемаларын әзiрлеудi;
      2) халықаралық жолаушылар тасымалын аумақтары арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын шетел мемлекеттерiнiң магистральдық инфрақұрылымын ұстау мен пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалармен келiсудi;
      3) халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар поездарына қызмет көрсетудi ұйымдастыруды қамтиды.
      6. Халықаралық және облысаралық қатынастардағы жолаушылар поездары қозғалысының кестесiн әзiрлеу бастапқы пункттерден шығу және соңғы пункттерге келу, сондай-ақ iрi елдi мекендерге келу мен шығу кезiнде жолаушылар үшiн қолайлы уақытты қамтамасыз ету қағидатын ескере отырып жүзеге асырылады.
      7. Поездарды қалыптастыру схемаларын әзiрлеу кезiнде тасымалдаушы тұрақты айналымдағы жолаушылар вагондарының санын, құрамдарды қалыптастыру және олардың айналымы, тiкелей қатынайтын вагондарды ағыту мен тiркеу пункттерiн, жол жүру бағытында жолаушылар поездарына техникалық қызмет көрсету тәртiбiн айқындайды.
      8. Жаңа облысаралық қатынастарды ұйымдастыруды тасымалдаушы магистральдық темiр жол желiсiнiң техникалық және технологиялық мүмкiндiктерiн ескере отырып жүзеге асырады.
      9. Қозғалыс кестесiнде көзделмеген қосымша жолаушылар поезын тасымалдаушының тағайындауы немесе вагондарды қосымша қосу халықаралық және облысаралық қатынастардағы жолаушылар ағынының күтiлетін көбеюi жағдайында жүргiзiледi.
      10. Халықаралық қатынастарда поездар немесе вагондар санын көбейту, сондай-ақ поездар қозғалысының кестесiнде көзделген жолаушылар поезының немесе тiкелей қатынайтын вагонның қозғалысын тоқтатуды тасымалдаушы аумақтары арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын шетел мемлекеттерiнiң магистральдық инфрақұрылымын күтiп ұстау мен пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалармен келiскеннен кейiн магистральдық темiр жол желiсi операторымен бiрлесiп жүргiзедi.
      11. Жолаушылар тасымалы жолаушыларды отырғызу мен түсiру үшiн ашық барлық темiр жол станциялары мен тоқтау пункттерi арасында жүзеге асырылады.
      12. Халықаралық және облысаралық қатынастарда орындарды есепке алуды ұйымдастыру, бос және босайтын орындар туралы ақпарат беру және оларды iске асыру автоматтандырылған (электрондық) басқару жүйесi арқылы және/немесе жөнелту станциясынан поездың жүру жолы бойынша қол тәсiлiмен жүргiзiледi.
 

Об утверждении Правил организации перевозок пассажиров в международных и межобластных сообщениях

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2004 года N 1462. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2016 года № 901.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.12.2016 № 901 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра по инвестициям и развитию РК от 28.04.2015 г. № 502.


      В соответствии со статьей 64 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 2001 года "О железнодорожном транспорте" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации перевозок пассажиров в международных и межобластных сообщениях.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 
      Исполняющий обязанности
      Премьер-Министра
      Республики Казахстан

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 31 декабря 2004 года N 1462

Правила
организации перевозок пассажиров в международных и
межобластных сообщениях

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации перевозок пассажиров в международных и межобластных сообщениях (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О железнодорожном транспорте" и определяют порядок и условия организации перевозок пассажиров в международных и межобластных сообщениях.
      2. Перевозка пассажиров в международных сообщениях (включая транзит) осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан и международными договорами Республики Казахстан.
      3. Перевозка пассажиров в межобластных сообщениях осуществляется на условиях, установленных законодательством Республики Казахстан.
      4. Перевозка пассажиров в международных сообщениях осуществляется национальным перевозчиком, в межобластных сообщениях - на конкурентной основе.
 

                 2. Порядок организации перевозок пассажиров
                 в международных и межобластных сообщениях
 
      5. Организация перевозок пассажиров в международных и межобластных сообщениях включает следующие этапы:
      1) разработку графика движения и схем формирования поездов в международных и межобластных сообщениях;
      2) согласование международных перевозок пассажиров с лицами, осуществляющими содержание и эксплуатацию магистральной инфрастуктуры иностранных государств, через территории которых будет осуществляться перевозка;
      3) организацию обслуживания пассажирских поездов в международных и межобластных сообщениях.
      6. Разработка графика движения пассажирских поездов в международных и межобластных сообщениях осуществляется исходя из принципа обеспечения удобного времени для пассажиров при отправлении из начальных пунктов и прибытии на конечные пункты, а также прибытии и отправлении из крупных населенных пунктов.
      7. При разработке схем формирования поездов перевозчиком определяется количество пассажирских вагонов постоянного обращения, пункты формирования и оборота составов, отцепки и прицепки беспересадочных вагонов, порядок технического обслуживания пассажирских поездов в пути следования.
      8. Организация новых межобластных сообщений осуществляется перевозчиком с учетом технических и технологических возможностей магистральной железнодорожной сети.
      9. Назначение перевозчиком дополнительного пассажирского поезда, не предусмотренного графиком движения, или дополнительное включение вагонов производятся в случае ожидаемого увеличения пассажиропотока в международных и межобластных сообщениях.
      10. Увеличение количества поездов или вагонов, а также отмена движения пассажирского поезда или беспересадочного вагона, предусмотренного графиком движения поездов, в международных сообщениях производятся перевозчиком совместно с оператором магистральной железнодорожной сети после согласования с лицами, осуществляющими содержание и эксплуатацию магистральной инфраструктуры иностранных государств, через территории которых будет осуществляться перевозка.
      11. Перевозка пассажиров осуществляется между всеми железнодорожными станциями и остановочными пунктами, открытыми для посадки и высадки пассажиров.
      12. Организация учета мест, передача информации о свободных и освобождающихся местах и их реализация в международных и межобластных сообщениях производятся через автоматизированную (электронную) систему управления и/или ручным способом со станции отправления по ходу следования поездов.