Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 346-қосымшада :
4-тармақтағы "деңгейін арттыру," деген сөздерден кейін "судьялыққа кандидат магистранттарды даярлау," деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы "қамтамасыз ету," деген сөздерден кейін "судьялыққа кандидат магистранттарды даярлау," деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны "шегінде ұстау." деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Мемлекеттік стипендия төлеуді қоса алғанда, саны 45 бірлік судьялыққа кандидат магистранттарды даярлау.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі