Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 161 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қаңтардағы N 36 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 765 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.09.2015 № 765 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектерді және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушыларды әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 31 желтоқсандағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 161  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 51-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiнде:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) арнаулы комиссиялар - 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр кезеңiнде кемiнде 6 ай жұмыс iстеген адамдардың жұмыс стажын белгiлеу үшін тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссиялар";
      2-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "бабының 1), 2), 4) және 4-1) тармақшаларында" деген сөздер "бабында" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екiншi абзац алынып тасталсын;
      5-тармақтың бiрiншi абзацындағы "бабының 1), 2), 4) және 4-1) тармақшаларында" деген сөздер "бабында" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай мазмұндағы ", 3), 7), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16)" тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшiлердiң отбасылары үшiн, атап айтқанда:
      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде алған жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери қызметшiнiң қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен фактiсi туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлігі);
      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары, қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) адамның балалары, асырауындағылар үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери қызметшiнiң бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен фактiсi туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлiгi);
      қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасылары үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, қызмет мiндеттерiн атқару кезінде қаза тапқан фактiсiн растайтын iшкi iстер органдарынан алынған анықтама немесе құжат;
      ата-аналары үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери қызметшiнiң қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен фактiсi туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама және қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (балалардың туу туралы куәлiгi);
      қайтадан некеге отырмаған әйелi (күйеуi) үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери қызметшiнің қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен фактiсi туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк);
      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы куәлiк, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қайтыс болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлiгi);
      сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ, өлiмi Чернобыль AЭC-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасылары үшiн - сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған адамның немесе қайтыс болған мүгедектің, сондай-ақ өлiмi Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуiне белгіленген тәртiппен байланысты болған азаматтың өлiмі туралы куәлік, өлiмнің радиациялық әсер ету салдарынан болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлігі);
      8) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар үшiн (5-қосымша) - белгiленген үлгідегі куәлiк немесе марапаттау куәлігі немесе мұрағат анықтамасы немесе марапатталу фактiсi туралы жазбасы бар еңбек кітапшасы;
      9) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметі үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар үшiн - еңбек кiтапшасы немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәлiметтері бар өзге де құжаттар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда әскери қызмет кезеңi туралы мәлiметтері бар әскери билет немесе анықтама;
      1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәлiметтерi бар өзге де құжаттарға:
      жұмыс орны, сондай-ақ мұрағат мекемелерi берген жұмыс кезеңдерi туралы мәліметтері бар құжаттар;
      бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостан үзiндi көшiрмелер;
      коммунистiк партия немесе кәсiподақ мүшелерінің мүшелік билеттерi немесе есеп карточкалары;
      қызметін бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс стажын анықтау жөнiндегi, зейнетақы тағайындау жөнiндегі комиссиялардың шешiмдерi;
      сот шешiмдерi;
      арнайы комиссиялардың шешiмдері;
      1998 жылға дейiн берiлген жеңiлдіктер алуға құқық туралы куәлік жатады;
      10) 1988-1989 жылдарда Чернобыль АЭС-iндегі апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күніне құрсақта болған балаларын қоса алғанда, оқшаулау және қоныс аудару аймағынан (өз еркімен кеткен) Қазақстан Республикасына қоныс аударғандар қатарындағы адамдар үшін - Чернобыль АЭС-iндегi аварияны жоюға қатысушының куәлiгi немесе Чернобыль АЭС-iндегі аварияны жоюға қатысу фактiсiн растайтын құжат, балалардың туу туралы куәлiгі;
      11) I, II және III топтағы мүгедектер, оның iшiнде 16-дан 18 жасқа дейiнгi мүгедек балалар үшiн - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiк тобын белгiлеу туралы (белгiленген үлгiдегi) анықтамасы;
      12) 16 жасқа дейiнгi мүгедек балалар үшiн - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiк тобын белгiлеу туралы (белгіленген үлгiдегi) анықтамасы;
      13) "Алтын алқа", "Күмiс алқа" белгiлерiмен, I және II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерiмен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған көп балалы аналар үшiн - марапатталғанын немесе атақ алғанын растайтын құжаттар;
      14) бiрге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар үшiн (оның iшiнде жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын балалары үшiн - кәмелетке толғаннан кейiн - олар оқу орындарын бiтiретiн уақытқа дейiн) - балалардың туу туралы куәлiктерi мен отбасының құрамы туралы анықтамалар, балалардың оқып жүрген фактiсi туралы оқу орнының анықтамасы;
      15) саяси қуғын-сүргiн құрбандары, мүгедектiгi бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккен адамдар үшiн - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiк тобын белгілеу туралы (белгіленген үлгiдегi) анықтамалары, зейнеткерлік куәлiктерi, ақталған азаматтың куәлiктерi немесе прокуратура органдарынан немесе iшкi iстер немесе ұлттық қауiпсiздiк органдарынан алынған ақталғаны туралы анықтамалары немесе ақталғаны туралы соттың шешiмi;
      16) Қазақстан Республикасы алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған адамдар үшiн - дербес зейнеткер куәлiгi немесе Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасы алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы белгiлеу жөнiндегi комиссияның Қазақстан Республикасы алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы тағайындау туралы шешiмiнен үзiндi көшiрме.";
      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "6-тармақтың 9) тармақшасында көрсетiлген адамдарға жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады.
      Жоғарыда көрсетiлген адамдар жәрдемақы тағайындау үшін қажеттi стажы туралы толық емес мәлiметтер ұсынған жағдайда, жәрдемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйым бес күн мерзiмде құжаттарды арнаулы комиссиялардың қарауына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жiбередi.
      Арнаулы комиссиялар ұсынылған материалдарды 4-тарауға сәйкес қарайды.";
      11, 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Жәрдемақы төлеудi жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi органдар арқылы жүзеге асырады.
      12. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар бекiткен шешiмдердiң негізiнде жәрдемақы төлеуге қаражат қажеттiлiгi өтiнiмiн жасайды және ағымдағы айдың 25-күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне (бұдан әрi - Министрлiк) ұсынады.
      13. Министрлiк республика бойынша жиынтық өтiнiмдi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгіне жiбередi. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен Министрлiкке жәрдемақы төлеуге қаражат бөледi.
      Министрлiк ағымдағы қаржы жылына арналған шарттың негізiнде бұл қаражатты жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның шотына аударады. Қаражатты аудару Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген, төлемдердiң бекiтiлген күн сайынғы кестесiне сәйкес жүргiзiледi.
      14. Бөлiнген қаражат бойынша Министрлiк пен жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган арасында ай сайын салыстыру актiсi жасалады.
      15. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлiнiсiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегі кестенi жасайды.
      Жәрдемақы төлеу жөнiндегі уәкілеттi орган алынған қаражатты үш банктiк күн iшiнде төлем тапсырмаларымен қызмет көрсетуге шарт жасалған жәрдемақы беру жөнiндегі уәкiлеттi органға белгiленген тәртiппен аударады.
      16. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган мен жәрдемақы беру жөнiндегі уәкiлеттi орган арасында төленген сомалар бойынша салыстыру актiлерi жасалады.
      Жәрдемақы беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу жәрдемақы төлеу жөнiндегі уәкiлеттi орган мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi орган арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзiледi.
      Жәрдемақы алуға құқығы бар адам қайтыс болғаннан кейiн жәрдемақы беру жөнiндегі уәкiлеттi орган алған, қайтыс болған адамның шотына аударылмаған жәрдемақы сомасы оның аудандық (қалалық) бөлiмшесiнiң хаты (өкiмi) негiзiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға қайтарылады.";
      17-тармақ алынып тасталсын;
      4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Арнаулы комиссиялар
      18. Бар жұмыс стажы туралы құжаттар болмаған немесе толық ұсынылмаған кезде, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғандағы жұмыс стажын арнаулы комиссиялар белгілей алады.
      19. Арнаулы комиссиялар:
      1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғандағы еңбек стажын растау үшiн ұсынылған құжаттардың мазмұны мен тиiсiнше ресiмделуiн құқықтық бағалауды;
      жұмыс стажын куәгерлер айғақтамалары бойынша белгiлеуді (куәгерлерге сұрақтар қоюды);
      өтiнiш берушінің жұмыс стажын белгілеу үшiн қажеттi құжаттарды сұратуды;
      1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алған кезеңдегi жұмыс стажын белгiлеу (немесе белгiлеуден бас тарту) туралы шешiмдер шығаруды;
      жұмыс стажын белгiлеу туралы құжаттарды қараудың барысы туралы өтiнiш берушілерге жазбаша хабарлауды жүзеге асырады.
      20. Арнаулы комиссия жергілiктi өкiлдi органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, Ардагерлер кеңестерінің, қоғамдық бiрлестiктердiң, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар уәкілеттi органдарының, халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiнен, әскери комиссариаттар қызметкерлерiнен тұрады.
      21. Жәрдемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйымнан қарауға келiп түскен құжаттар 8-қосымшаға сәйкес журналда тiркеледi.
      22. Комиссия келiп түскен құжаттарды он күн iшiнде қарайды және жетiспейтiн құжаттарды тиiстi ұйымдардан (кәсiпорындардан) сұрату немесе куәгерлерге сұрақ қою туралы шешiм қабылдайды.
      23. Өтiнiш иесiмен 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда бiрге жұмыс iстеу фактiсiн растай алатын куәгерлер болса, 9-қосымшаға сәйкес куәгерлерге сұрақ қою хаттамасы жасалады.
      24. Қажеттi құжаттарды жинау, куәгерлерге сұрақ қою қорытындылары бойынша комиссия еңбек стажын белгiлеу туралы 10-қосымшаға сәйкес шешiм шығарады. Қабылданған шешiмдi үш күн мерзiмде жәрдемақы төлеудi, жүзеге асыратын ұйымға жiбередi";
      5-тарау алынып тасталсын;
      Ережеге 1-қосымшадағы "Аудандық (қалалық) халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң бастығы" деген сөздер алынып тасталсын;
      Ережеге 6-қосымша алынып тасталсын;
      осы қаулыға қосымшаларға сәйкес 7, 8, 9, 10-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                    Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
                                     тағайындаудың және төлеудiң
                                          ережесiне 7-қосымша

                  Арнаулы комиссияның қарауына
                 жiберiлетін құжаттардың тiзiмi:

Р/с
N

Өтiніш берушiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты

Туған жылы

Тұратын жерi

Iс-қағаздағы парақтар саны






   M.O.
Тапсырған:
ЗТМО ______________________ аудандық (қалалық) бөлiмшесiнiң бастығы

Күні

Қабылдаған:
Комиссия хатшысы:

Күні

                                    Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
                                     тағайындаудың және төлеудiң
                                          ережесiне 8-қосымша

                        Тіркеу журналы

Р/с
N

Құжат-
тардың түскен күні

Өтініш беру-
шінің Т.А.Ә.

Мекен-жайы, теле-
фоны

Түскен құжат-
тардың саны

Құжат-
тардың қарау жөнін-
дегі комиссия жасаған іс-әрекеттер

Комис-
сия шешімі

Құжаттар-
ды қарау мерзімін ұзарту, себептері









                                       Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
                                     тағайындаудың және төлеудiң
                                          ережесiне 9-қосымша

              Куәгерлерге сұрақ қою хаттамасы

      N___________                              Күнi__________
_______________________________________________ арнаулы комиссиясы
   жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органының
 
  1. Өтiнiш берушiнiң хабары_________________________________________
(Т.А.Ә., мекен-жайы, туған күнi, жеке куәлігінiң нөмiрi)
Мен, өтiнiш берушi, куәгерлерге сұрақ қоюыңызды өтiнемiн:
___________________________________________________________________
        (Куәгерлердiң Т.А.Ә., тұрғылықты мекен-жайы)
_______________________________________________________хабарлаймын.
2. Куәгерге сұрақ қою:_____________________________________________
                           (Т.А.Ә., мекен-жайы, туған күнi, жеке
                              куәлігінiң нөмiрi)
Өтiнiш берушiмен бiрлескен жұмысын растау үшiн ұсынылған құжаттар
___________________________________________________________________
Мен, куәгер,
___________________________________________________________________
көрсетемiн.

Өтiнiш берушiнiң қолы
Комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi

3. Куәгерге сұрақ қою:____________________________________________
                         (Т.А.Ә., мекен-жайы, туған күнi, жеке
                                  куәлiгiнiң нөмiрi)
Өтiнiш берушiмен бiрлескен жұмысын растау үшiн ұсынылған құжаттар
___________________________________________________________________
Мен, куәгер,
___________________________________________________________________
көрсетемiн.

Өтiнiш берушiнiң қолы
Комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi

Мөрдiң орны

                                    Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
                                     тағайындаудың және төлеудiң
                                          ережесiне 10-қосымша

          күні________, N__________хаттамаға
           (жұмыспен қамту және әлеуметтік
           бағдарламалар органының) шешiмi

                         Шешiм:

Азамат____________________________________________________________
1.___________ (күнi) бастап_______________(күнi) дейiн
стаж белгiлендi деп есептелсiн

____________жыл есепке алынсын

Комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi

Мөрдiң орны

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2001 года N 161

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 января 2005 года N 36. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 сентября 2015 года № 765

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 10.09.2015 № 765 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 31 декабря 2004 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социального обеспечения участников Великой Отечественной войны, инвалидов и получателей пособий по случаю потери кормильца" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2001 года N 161 "Об утверждении Правил назначения и выплаты специального государственного пособия" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 4-5, ст. 51) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах назначения и выплаты специального государственного пособия, утвержденных указанным постановлением:
      подпункт 3) пункта 1 изложить в следующей редакции:
      "3) специальные комиссии - комиссии, создаваемые решениями акимов соответствующих административно-территориальных единиц для установления стажа работы лицам, проработавшим не менее 6 месяцев в период с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года";
      в пункте 2:
      в абзаце первом слова "подпунктах 1), 2), 4) и 4-1 статьи" заменить словами "статье";
      абзац второй исключить;
      в абзаце первом пункта 5 слова "подпунктах 1), 2), 4) и 4-1) статьи" заменить словами "статье";
      пункт 6 дополнить подпунктами "3), 7), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) и 16)" следующего содержания:
      " 7) для семей погибших (умерших, пропавших без вести) военнослужащих, а именно:
      семей военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия - извещение или свидетельство о смерти погибшего, справка из военного комиссариата о факте гибели или пропажи без вести военнослужащего, документ, подтверждающий родственные связи с погибшим (свидетельство о браке, свидетельство о рождении детей);
      семей военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время, детей, иждивенцев погибшего (умершего, пропавшего без вести) - извещение или свидетельство о смерти погибшего, справка из военного комиссариата о факте гибели или пропажи без вести военнослужащего при прохождении воинской службы в мирное время, документ, подтверждающий родственные связи с погибшим (свидетельство о браке, свидетельство о рождении детей);
      семей сотрудников органов внутренних дел, погибших при исполнении служебных обязанностей - извещение или свидетельство о смерти погибшего, справка из органов внутренних дел или документ, подтверждающий факт гибели при исполнении служебных обязанностей;
      родителей - извещение или свидетельство о смерти погибшего, справка из военного комиссариата о факте гибели или пропажи без вести военнослужащего и документ, подтверждающий родственные связи с погибшим (свидетельство о рождении детей);
      жен (мужей), не вступивших в повторный брак - извещение или свидетельство о смерти погибшего, справка из военного комиссариата о факте гибели или пропажи без вести военнослужащего и документ, подтверждающий родственные связи с погибшим (свидетельство о браке);
      семей лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения - свидетельство о смерти погибшего, документ, подтверждающий, что смерть наступила при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, документ, подтверждающий родственные связи с погибшим (свидетельство о браке, свидетельство о рождении детей);
      семей умерших вследствие лучевой болезни или умерших инвалидов, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний - свидетельство о смерти умершего вследствие лучевой болезни или умершего инвалида, а также гражданина, смерть которого в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний, документ, подтверждающий, что смерть наступила вследствие радиационного воздействия, документ, подтверждающий родственные связи с погибшим (свидетельство о браке, свидетельство о рождении детей);
      8) для лиц, награжденных орденами и медалями бывшего Союза ССР (приложение 5) за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны - удостоверение установленного образца или удостоверение к награде, или архивная справка, или трудовая книжка с записью о факте награждения;
      9) для лиц, проработавших (прослуживших) не менее 6 месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года, и, не награжденных орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, - трудовая книжка или иные документы, содержащие сведения о работе с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года, военный билет или справка, содержащие сведения о периоде военной службы с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года.
      К иным документам, содержащим сведения о работе с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года, относятся:
      документы, содержащие сведения о периодах работы, выданные с места работы, а также архивными учреждениями;
      выписки из приказов, лицевых счетов и ведомостей на выдачу заработной платы;
      членские билеты или учетные карточки членов коммунистической партии или профсоюзов;
      решения комиссий по установлению стажа работы, по назначению пенсий, осуществлявшие деятельность в соответствии с ранее действовавшим законодательством;
      решения судов;
      решения специальных комиссий;
      удостоверение о праве на льготы, выданное до 1998 года;
      10) для лиц из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1988-1989 годах, эвакуированных (самостоятельно выехавших) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии - удостоверение участника ликвидации аварии на Чернобыльской АЭС или документ, подтверждающий факт участия в ликвидации аварии на Чернобыльской АЭС, свидетельство о рождении детей;
      11) для инвалидов I, II и III групп, в том числе детей-инвалидов с 16 до 18 лет - справки территориального подразделения центрального исполнительного органа в области социальной защиты населения (установленного образца) об установлении группы инвалидности;
      12) для детей-инвалидов до 16 лет - справки территориального подразделения центрального исполнительного органа в области социальной защиты населения (установленного образца) об установлении группы инвалидности;
      13) для многодетных матерей, награжденных подвесками "Алтын алка", "Кумiс алка", орденами "Материнская Слава" I и II степени или ранее получивших звание "Мать-Героиня" - документы, подтверждающие награждение или получение звания;
      14) для многодетных семей, имеющих четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей (в том числе детей, обучающихся в высших и средних специальных учебных заведениях, - после достижения ими совершеннолетия - до времени окончания ими учебных заведений) - свидетельства о рождении детей и справки о составе семьи, справка из учебных заведений о факте обучения детей;
      15) для жертв политических репрессий, лиц, пострадавших от политических репрессий, имеющих инвалидность или являющихся пенсионерами - справки территориального подразделения центрального исполнительного органа в области социальной защиты населения (установленного образца) об установлении группы инвалидности, пенсионные удостоверения, удостоверения реабилитированного гражданина или справки о реабилитации из органов прокуратуры, или органов внутренних дел, или национальной безопасности, или решение суда о реабилитации;
      16) для лиц, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан - удостоверение персонального пенсионера или выписка из решения Комиссии по установлению пенсий за особые заслуги перед Республикой Казахстан при Кабинете Министров Республики Казахстан о назначении пенсий за особые заслуги перед Республикой Казахстан.";
      пункт 10 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Пособие для лиц, указанных в подпункте 9) пункта 6, назначается со дня обращения.
      В случаях предоставления вышеуказанными лицами неполных сведений о стаже, необходимых для назначения пособия, организация, осуществляющая выплату пособия, в пятидневный срок направляет документы на рассмотрение специальных комиссий по форме согласно приложению 7.
      Специальные комиссии рассматривают представленные материалы в соответствии с главой 4.";
      пункты 11, 12, 13, 14, 15 и 16 изложить в следующей редакции:
      "11. Выплата пособий осуществляется уполномоченным органом по выплате пособия через уполномоченные органы по выдаче пособия.
      12. Уполномоченный орган по выплате пособия составляет заявку потребности средств на выплату пособий на основании решений, утвержденных уполномоченными органами по назначению пособия, и 25 числа текущего месяца представляет в Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан (далее - Министерство).
      13. Министерство направляет сводную заявку по республике в Министерство финансов Республики Казахстан. Министерство финансов Республики Казахстан в установленном порядке выделяет Министерству средства на выплату пособий.
      Министерство на основании договора на текущий финансовый год перечисляет эти средства на счет уполномоченного органа по выплате пособия. Перечисление средств производится в соответствии с утвержденным ежедневным графиком выплат, согласованным с Министерством финансов Республики Казахстан.
      14. По выделенным средствам между Министерством и уполномоченным органом по выплате пособия ежемесячно составляется акт сверки.
      15. Уполномоченный орган по выплате пособия составляет график по выплате пособия в разрезе областей, городов Астаны и Алматы.
      Уполномоченный орган по выплате пособия полученные средства в течение трех банковских дней перечисляет платежными поручениями в установленном порядке в уполномоченный орган по выдаче пособия, с которым заключен договор на обслуживание.
      16. По выплаченным суммам между уполномоченным органом по выплате и уполномоченным органом по выдаче пособия ежемесячно составляются акты сверки.
      Оплата услуг по выдаче пособий производится на основании заключенного в установленном законодательством порядке договора между уполномоченным органом по выплате и уполномоченным органом по выдаче пособий.
      После смерти лица, имеющего право на пособие, полученная уполномоченным органом по выдаче пособия сумма пособия, не перечисленная на счет умершего, возвращается уполномоченному органу по выплате пособия на основании письма (распоряжения) его районного (городского) отделения";
      пункт 17 исключить;
      главу 4 изложить в следующей редакции:
      "4. Специальные комиссии
      18. При отсутствии или неполном представлении документов об имеющемся стаже работы, трудовой стаж с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года может устанавливаться специальными комиссиями.
      19. Специальные комиссии осуществляют:
      правовую оценку содержания и надлежащего оформления документов, представленных для подтверждения стажа работы с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года;
      установление стажа работы по свидетельским показаниям (опрос свидетелей);
      запрос документов, необходимых для установления стажа работы заявителя;
      вынесения решений об установлении (или отказе в установлении) стажа работы в период с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года;
      письменное уведомление заявителей о ходе рассмотрения документов об установлении стажа работы.
      20. Специальная комиссия состоит из представителей местных представительных органов, органов местного самоуправления, Советов ветеранов, общественных объединений, уполномоченных органов занятости и социальных программ, территориальных подразделений центрального исполнительного органа, обеспечивающих реализацию государственной политики в сфере социальной защиты населения, работников военных комиссариатов.
      21. Документы, поступившие на рассмотрение из организации, осуществляющей выплату пособия, регистрируются в журнале согласно приложению 8.
      22. Комиссия в течение десяти дней рассматривает поступившие документы и принимает решение о запросе недостающих документов от соответствующих организаций (предприятий) или опросе свидетелей.
      23. При наличии свидетелей, которые могут подтвердить факт совместной работы с заявителем с 22 июня 1941 по 9 мая 1945 года, составляется протокол опроса свидетелей согласно приложению 9.
      24. По итогам сбора необходимых документов, опроса свидетелей комиссия выносит  решение об установлении трудового стажа согласно приложению 10. Принятое решение в трехдневный срок направляет в организацию, осуществляющую выплату пособия";
      главу 5 исключить;
      в приложении 1 к Правилам слова "Начальнику районного (городского) отдела социальной защиты населения" исключить;
      приложение 6 к Правилам исключить;
      дополнить приложениями 7, 8, 9, 10 согласно приложениям к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2005 года.
 
      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Приложение 7           
к Правилам назначения и выплаты 
специального государственного пособия
 
 

      Список документов, направляемых на
рассмотрение специальной комиссии:

N
п/п

    Фамилия, имя,
отчество заявителя

   Год рождения

  Место-
жительства

Количество листов в  деле






      М.Ш. Передал:
      Начальник отделения________________районного (городского) ГЦВП
 

      Дата
 
      Принял:
      Секретарь комиссии:
 
      Дата

Приложение 8           
к Правилам назначения и выплаты 
специального государственного пособия

      Журнал регистрации

N
п/п

  Дата
поступле-
ния доку-
ментов

Ф.И.О.
заяви-
теля

Домаш-
ний
адрес,
теле-
фон      

Количе-
ство
посту-
пивших
доку-
ментов

Действия,предпри-
нятые ко-
миссией по рас-
смотрению
докумен-
тов

Реше-
ние
комис-сии

Продле-
ние
сроков
рассмот-
рения
докумен-
тов,
причины









Приложение 9          
к Правилам назначения и выплаты 
специального государственного пособия
 

      Протокол опроса свидетелей
 
 

      N_____                                            Дата_____________
 
      Специальная комиссия_________________________________________
                            органа занятости и социальных программ
      1. Сообщение заявителя:
      ______________________________________________________________
       (Ф.И.О., адрес, дата рождения, номер удостоверения личности)
 
            Я, заявитель, прошу опросить свидетелей:
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      (Ф.И.О., адрес проживания) свидетелей
      Сообщаю:______________________________________________________
      ______________________________________________________________
      2. Опрос свидетеля:___________________________________________
       (Ф.И.О., адрес, дата рождения, номер удостоверения личности)
 
            Документы, представленные для подтверждения совместной работы
      с заявителем
      ______________________________________________________________
      Я свидетель, показываю, что:
      ______________________________________________________________
 
      Подпись заявителя
      Председатель комиссии
      Члены комиссии
 
            3. Опрос свидетеля:___________________________________________
      (Ф.И.О., адрес, дата рождения, номер удостоверения личности)
 
            Документы, представленные для подтверждения совместной работы с
      заявителем
      ______________________________________________________________
      Я свидетель, показываю, что:
      ______________________________________________________________
 

      Подпись заявителя
      Председатель комиссии
      Члены комиссии
 
      Место печати

Приложение 10           
к Правилам назначения и выплаты 
специального государственного пособия
 

                   Решение комиссии______________________________
                   (органа занятости и социальных программ)
                       к протоколу N___, дата_________
 
                                Решение:
 
      Гр.___________________________________________________________
 
      1. Считать установленным стаж
      с (дата) _______________________по (дата)
 
      Принять к зачету _______________лет
 
      Председатель комиссии
      Члены комиссии
 
      Место печати