Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен Қайрат Сәлiмұлы Кәрiбжановтың "Қазақтелеком" акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы - президентi болып сайлануын қамтамасыз етсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі