Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрегей және сирек кездесетiн ландшафттарды сақтау жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 11 маусымдағы N 474 өкiмiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 1-қосымшаға сәйкес жер учаскелерiнiң шекарасында Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағы анықталсын.
2. 2-қосымшаға сәйкес Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағындағы табиғи объектiлер мемлекеттiк табиғи қорық қоры объектiлерiне жатқызылсын.
3. Ақмола облысының әкiмiне заңнамада белгіленген тәртiппен оның құрамына осы аймақ шегiнде мемлекеттiк табиғи қорық қоры объектiлерiн сақтауға және қалпына келтiруге терiс ықпал ететiн кез келген қызметке тыйым сала отырып, Щучинск қаласының, Бурабай кентiнiң және Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағында орналасқан басқа да елдi мекендер жерлерiнiң бөлiгiн енгiзудi ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының "Бурабай" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiнiң күзет және қорғау аймақтарын белгiлесiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2005 жылғы 4 ақпандағы
N 106 қаулысына
1-қосымша
Щучинск-Бурабай курорттық аймағы жер
учаскелерiнiң экспликациясы (га)
P/c |
Жерлер санаттары |
Алаңы |
1 |
2 |
3 |
1. |
Щучинск ауданы |
34340 |
2. |
Еңбекшiлдер ауданы |
14655 |
3. |
Қазақстан Республикасы Президентi Іс |
83511 |
Барлығы |
159932 |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2005 жылғы 4 ақпандағы
N 106 қаулысына
2-қосымша
Щучинск-Бурабай курорттық аймағы
мемлекеттік табиғи-қорық қоры
объектiлерi
1. Аютас тауы
2. Бурабай тауы
3. Жеке Батыр тауы
4. Көкшетау тауы
5. Лысая тауы
6. Үлкен Бүркiттi тауы
7. Жұмбақтас тас аралы
8. Бурабай көлi
9. Болпаш Сор көлi
10. Большое Чебачье көлi
11. Малое Чебачьe көлi
12. Майбалық көлi
13. Қатаркөл көлi
14. Щучье көлi
15. Кенесары үңгiрi
16. Абылай хан алаңқайы
17. Бастион жартасы
18. Оқжетпес жартасы
19. Сұңқар ұясы жартасы
20. Пахомовка жартасы
21. Үш апалы-сiңлi жартасы
22. Жағалау шырғанағы
23. Бишi қайыңдар шоқ тоғайы
24. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Ғылыми-өндiрiстiк орман шаруашылығы орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнының дендрологиялық паркi
25. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң "Ғылыми-өндiрiстiк орман шаруашылығы орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнының дендрологиялық арборетумы
26. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгінiң Бурабай экология және орман шаруашылығы колледжiнiң дендрологиялық паркі