Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ЖОБА
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 192-құжат; 1998 ж., N 7-8, 71-құжат; N 22, 290-құжат; 1999 ж., N 10, 340-құжат; N 15, 593-құжат; 2004 ж., N 7, 45-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған адам Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, соның iшiнде партиялық тізiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ жергілiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесiне кандидат бола алмайды.";
2) 10-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы сегізiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Сайлау жарияланған сәттен бастап және дауыс беру қорытындылар шығарылғанға дейiнгі кезеңде сайлау комиссиясының құрамына өзгерiстер енгiзу қажет болған кезде сайлау комиссиясының құрамы туралы шешiмдi тиiсті жоғары тұрған сайлау комиссиясы қабылдай алады. Бұл ретте сайлау комиссиясының жаңадан тағайындалған мүшелерi осы комиссияны құрған органның сайлау комиссиясының құрамы туралы шешiмi қабылданғанға дейiн өз өкiлеттiгін жүзеге асырады.";
3) 12-баптың 1) тармақшасы "осы Конституциялық заңның нормаларын қолдану тәртiбi мәселелерi жөнiндегі нормативтiк қаулыларды шығарады;" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 19-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Мыналар:
заңда белгiленген тәртiппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған адам;
сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеттігі шектеулi деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесi бола алмайды.";
5) 20-баптың 9-тармағының үшiнші бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетiлген адамдар тиiстi кандидатты тiркеген күннен бастап сайлау комиссиясы мүшесiнiң мiндетiнен босатылады.";
6) 24-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Соттың немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiн орындауды қоспағанда, дауыстарды санау басталғаннан кейiн сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiне өзгерiстер енгізуге тыйым салынады.";
7) 25-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Шет мемлекетке жеке шақыру бойынша, қызметтік, iскерлiк және туристік сапарға келген Республика азаматтары учаскелiк сайлау комиссиясына жүгінген кезде және оларда Республика азаматының қолданыстағы шетелдiк паспорты болған кезде сайлаушылар тiзiмiне енгізiледі.";
8) 27-бапта:
2-тармағында "күннен басталып" деген сөздер "мерзiм аяқталған сәттен басталып" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Сайлау алдындағы үгітті жүргізу мерзiмi аяқталған сәттен бастап және дауыс беру қорытындылары ресми жарияланғанға дейiн кандидаттар немесе партиялық тiзiм ұсынған саяси партиялар ұйымдастырған митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және жария сөйлейтiн сөздердiң өзге де нысандарын жүргізуге, не бұлардың оларға қатысуына тыйым салынады. Митингiлер, шерулер және демонстрациялар заңда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi;";
9) 31-баптың 2-тармағы "өздерiнiң қалаулары бойынша" деген сөздерден кейiн "тиiстi сайлау округiндегі сайлау учаскелерiнiң санынан аспайтын санда" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 33-баптың 4-тармағы "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейiн "және халықаралық ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 34-баптың 4-тармағының бiрiншi абзацында "сайлау өткiзiлгеннен кейiн" деген сөздер "сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 41-бапта:
6-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "күтiм жасау себебiне" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ сайлау учаскелерi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болуына" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Сайлаушы жалпы танысу үшiн сайлаушылар тiзiмдерiн ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде өзiнiң келу орнын ауыстырған кезде учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушының өтiнiшi бойынша және оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде сайлаушыға дауыс беру құқығына куәлiк бередi. Бұл ретте сайлаушылар тiзiмiне тиiстi белгі қойылады. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру құқығына куәлiктi ұсынған кезде дауыс беретiн күнi сайлаушыны оның келген орны бойынша сайлау учаскесiндегі сайлаушылар тiзiмiне енгiзеді.";
13) 43-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Сайлау комиссиясы шешімiнiң негізiнде жүзеге асырылатын қайта санау сайлау қорытындылары ресми жарияланғанға дейiн жүргізiлуi тиiс.";
14) 44-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы "Парламент Сенатының депутаттарын" деген сөздерден кейiн ", партиялық тiзiм ұсынған саяси партиялар мен олардың сайлаушы блоктарын" деген сөздермен толықтырылсын;
15) 49-бап мынадай мазмұндағы төртiншi және бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Азаматтар мен ұйымдардың сайлау заңнамасын бұзу туралы өтiнiштерiн, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, шағым түскен күннен бастап бес күннің iшiнде сайлау комиссиялары қарайды.
Сайлау комиссиясының және оның мүшелерiнiң шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне жасалған шағымды, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, шағым түскен күннен бастап үш күннiң iшiнде жоғары тұрған комиссия қарайды.";
16) 50-1-баптың 5-тармағының бiрiншi бөлiгi "дауыс беругe" деген сөздерден кейiн "кем дегенде" деген сөздермен толықтырылсын;
17) 59-бапта:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
"4-2) кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы туралы және мүлкi туралы декларацияны тапсыруы туралы салық органының анықтамалары;";
6-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
"3-2) кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы туралы және мүлкi туралы декларацияны тапсыруы туралы салық органының анықтамалары;";
7-тармақтың 3-1) тармақшасы "мәлiметтердiң" деген сөзден кейiн "декларацияны беру сәтiне" деген сөздермен толықтырылсын;
18) 60-баптың 1-тармағында "тiркеуге дейiн және тiркеуден кейiн" деген сөздер "тiркелген күннен бастап және дауыс беруге екi күн қалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 73-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
"4-2) кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы туралы және мүлкi туралы декларацияны тапсыруы туралы салық органының анықтамалары.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
"3-2) кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы туралы және мүлкi туралы декларацияны тапсыруы туралы салық органының анықтамалары.";
6-тармақтың 3-1) тармақшасы "мәлiметтердiң" деген сөзден кейiн "декларацияны беру сәтiне" деген сөздермен толықтырылсын;
20) 74-баптың 1-тармағында "тiркелгенге дейiн және тiркелгеннен кейiнгi" деген сөздер "тіркелген күнiнен бастап және дауыс беруге екi күн қалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 87-баптың 2-2-тармағы мынадай мазмұндағы төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетіншi, сегізiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi және он екiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Саяси партиялардың жоғары органдары сайлау блогын құру немесе оған кіру туралы шешiм қабылдағаннан кейiн осы саяси партиялардың уәкiлеттi өкілдерi сайлау блогын құру туралы бiрлескен шешiмге (келiсiмге) қол қояды.
Сайлау блогын басқару үшiн Yйлестiру кеңесi құрылады, оның құрамына сайлау блогына кiретін саяси партиялардың уәкiлеттi өкiлдерi кiредi.
Сайлау блогын тiркеу үшiн оның уәкiлеттi өкiлi Орталық сайлау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) саяси партиялардың жоғары органдарының сайлау блогына кiру туралы хаттамалардан үзiндiлер;
2) саяси партиялардың уәкiлетті өкiлдерi қол қойған және осы саяси партиялардың мөрлерiмен куәландырылған сайлау блогын құру туралы бiрлескен шешiм.
Сайлау блогының атауында жеке адамдардың тектерiн және аттарын пайдалануға тыйым салынады.
Саяси партияның жоғары органы сайлау блогына кіру туралы шешiмдi қабылдай отырып, сайлау блогынан жалпы партиялық тiзiмге кiретін адамдарды және (немесе) аумақтық сайлау округтерi бойынша кандидаттар болып қаралатын адамдарды ұсынуға құқылы.
Сайлау блогының үйлестіру кеңесi саяси партиялардың жоғары органдары ұсынған адамдардан жалпы партиялық тiзiмдi қалыптастырады және оған кiретiн адамдардың кезектiлігін белгiлейдi.
Сайлау блогының үйлестіру кеңесi саяси партияның жоғары органы ұсынған кандидаттардан аумақтық сайлау округтерi бойынша ұсынылатын бiрыңғай кандидаттарды белгілейдi.
Сайлау блогынан аумақтық сайлау округы бойынша бiрыңғай кандидаттың сайлау қорына сайлау блогына кiретiн саяси партиялардан қаражат түсуi мүмкiн, бiрақ олар осы Конституциялық заңда кандидаттардың сайлау қорлары үшін белгiленген шектерден аспауға тиiс.
Сайлау блогы сайлау қорытындылары жасалғаннан кейiн және депутаттық мандаттар бөлiнгеннен кейiн өз қызметін тоқтатады.";
22) 89-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
"3-2) кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы туралы және мүлкi туралы декларацияны тапсыруы туралы салық органының анықтамасы.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
"2-2) кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы туралы және мүлкi туралы декларацияны тапсыруы туралы салық органының анықтамасы.";
6-тармақтың 3-1) тармақшасы "мәліметтердiң" деген сөзден кейiн "декларацияны тапсыру сәтiне" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) партиялық тiзiмге енгiзiлген адамның және оның жұбайының (зайыбының) табысы туралы және мүлкi туралы декларацияны тапсыруы туралы салық органының анықтамасы.";
23) 90-баптың 1-тармағында "тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгі" деген сөздер "тiркелген күнiнен бастап және дауыс беруге екi күн қалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 104-бапта:
2-тармақ 3) тармақшадағы "деректер" деген сөзден кейiн ";" белгісi қойылып, мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы туралы және мүлкi туралы декларацияны тапсыруы туралы салық органының анықтамасы.";
3-тармақ 3) тармақшадағы "құжат" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы туралы және мүлкi туралы декларацияны тапсыруы туралы салық органының анықтамасы.";
6-тармақтың 3-1) тармақшасы "мәлiметтердiң" деген сөзден кейiн "декларацияны тапсыру сәтiне" деген сөздермен толықтырылсын;
25) 105-баптың 1-тармағында "тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгі" деген сөздер "тiркелген күнiнен бастап және дауыс беруге екi күн қалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 118-бапта:
2-тармақ 3) тармақшадағы "деректер" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы туралы және мүлкi туралы декларацияны тапсыруы туралы салық органының анықтамасы.";
3-тармақ 2) тармақшадағы "деректер" деген сөзден кейiн ";" белгісi қойылып, мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы туралы және мүлкi туралы декларацияны тапсыруы туралы салық органының анықтамасы.";
6-тармақтың 3-1) тармақшасы "мәлiметтердiң" деген сөзден кейiн "декларацияны тапсыру сәтiне" деген сөздермен толықтырылсын;
27) 119-баптың 1-тармағында "тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi" деген сөздер "тiркелген күнiнен бастап және дауыс беруге екi күн қалған" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi