Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 565 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 26, 247-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасында:
"Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi" деген 5-бөлiмде:
"БСН-дi генерациялау алгоритмi" деген 4-кiшi бөлiмде:
3) тармақшаның бесiншi абзацы алынып тасталсын;
"а 6 " деген бағандағы "3 - өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмше" деген сөздер алынып тасталсын;
"Бақылау разрядының мәнiн есептеу алгоритмi" деген 5-кiшi бөлiмде:
бiрiншi абзацтағы "бiр циклда мынадай алгоритм" деген сөздер "екi циклда мынадай алгоритм" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы "mod 10" деген сөздер "mod 11" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзац пен кесте алынып тасталсын;
"СН (БСН) қолдану тетiгi мен аясы" деген 6-кіші бөлiмде:
он төртiншi абзацтағы "және басқа да оқшауланған құрылымдық бөлiмшесiн салық органдарында тіркеу" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі