Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 № 499 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Кәсiптiк орта бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Mинистрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2005 жылғы 4 наурыздағы
N 208 қаулысымен
бекiтiлген
Кәсiптiк орта бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын
іске асыратын білiм беру ұйымдары қызметiнің
үлгі ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кәсіптік орта бiлiмнің бiлім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнің үлгі ережесі (бұдан әрi - Ереже) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, кәсiптiк орта бiлiмнiң білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң тәртiбiн айқындайды. Z070319
2. Кәсiптiк орта бiлiм кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарында (колледждерде, училищелерде) негізгі жалпы, жалпы орта және кәсіптік бастауыш бiлiм беру базасында конкурстық негізде алынады және кәсiптiк орта білiмi бар мамандарды даярлауға бағытталған.
3. Кәсiптiк орта бiлім беру ұйымдары алдында мынадай міндеттер тұр:
1) ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсiби танылуына бағытталған қажеттi жағдайлар жасау жолымен кәсіптік орта білімнің кәсiптiк білім беру бағдарламаларын iске асыру;
2) нақты мамандық пен кәсiп бойынша қажеттi теориялық бiлiмi мен практикалық дағдылары бар кәсiптiк орта бiлiмді бiлiктi мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және олардың бiлiктiлігін арттыру;
3) еңбек нарығы мен жұмыс берушілер талаптарын ескере отырып, бiлiктi мамандарды даярлаудың сапасын тұрақты түрде жетілдiру;
4) оқытудың жаңа технологияларын енгізу, кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарының қызметін ақпараттандыру.
4. Кәсіптік орта білім беру ұйымдары:
1) мемлекеттiк;
2) жеке меншік болуы мүмкін.
5. Кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына , заңдарына және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне, сондай-ақ осы Ережеге және оның негізінде әзiрленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
2. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру
6 . Кәсiптiк орта білiм беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен оқу-тәрбие процесiн, ғылыми-педагогикалық қызметтi дербес ұйымдастырады.
Кәсiптік орта, қосымша кәсiптiк бiлiм берудiң әртүрлi бiлiм беру бағдарламаларын iске асырады, олардың мазмұны мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға мiндеттi білiм беру стандарттарымен регламенттеледi.
7. Нақты мамандық бойынша бiлiм беру бағдарламаларының мазмұны, оларды игеру мерзiмдерi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұйымдар әзiрлейтiн жұмыс оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен айқындалады.
8. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта бiлiмi, кәсiптiк бастауыш бiлiмi бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетiлген бағдарламалар бойынша кәсiптiк орта бiлiм алуына болады.
9. Тиiстi лицензиясы болған жағдайда кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарында жалпы орта және кәсiптiк бастауыш бiлiм беру бағдарламалары iске асырылуы мүмкiн.
10. Кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарында оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылуы мүмкiн: күндiзгі, сырттай, кешкi оқыту, қашықтықтан оқыту және экстернат.
11. Кәсiптiк орта білім беру ұйымында қабылдау тәртiбi білiм беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiтетiн кәсiптiк орта оқу орындарына қабылдаудың Yлгі ережесiне сәйкес белгiленедi.
12. Кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымында азаматтарды қабылдау кезiнде ұйым оны және (немесе) оның ата-анасын немесе өзге заңды өкiлдерiн ұйымның жарғысымен, бiлiм беру қызметiн жүргізу құқығына берiлген лицензиямен және қабылдау тәртiбi мен оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруды регламенттейтiн басқа да құжаттармен таныстыруға мiндеттi.
13. Кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарында білiм алушыларды ауыстыру және оқуға қайта алу бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiтетiн тәртiппен жүзеге асырылады.
14. Бiлiм алушылар кәсiптік орта білiм беру ұйымдары оқушыларының құрамынан:
1) өз еркiмен;
2) дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның (бұдан әрi - ДКК) қорытынды анықтамасы негізiнде денсаулық жағдайына байланысты;
3) басқа білiм беру ұйымына ауысуына байланысты;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де жағдайларда да шығарылуы мүмкiн.
15. Кәсiптiк орта білiм беру ұйымдарының бiлiм алушыларының үлгерiмiн ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiтетiн тәртiппен жүзеге асырылады.
16. Оқытудың күндiзгi нысаны бойынша бiлiм алушыларға академиялық демалыстар беру бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiтетiн тәртiппен жүзеге асырылады.
17. Кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарында оқу сабақтарының мынадай түрлерi белгіленедi: сабақ, лекция, семинар, практикалық сабақ, зертханалық жұмыс, бақылау жұмысы, өз бетiнше жұмыс, консультация, практика, курстық және дипломдық жобалау (курстық және дипломдық жұмыс). Аудиториялық сабақтардың барлық түрлерiне ұзақтығы 45 минут белгiленедi, қажет болған жағдайда 2 сабақтан кейiн 5 және 10 минуттық үзiлiспен қосарланған сабақтар өткiзуге болады.
Оқу сабақтарының әралуан түрлерiн өткiзу мерзiмдерi оқу процесi кестесiне сәйкес белгiленедi.
18. Бiлiм алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткiзу үшiн ұйымдарда оқу топтары құрылады.
Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес топтардың толықтырылуын Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы айқындайды.
Оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, оқу полигондарында, оқу шаруашылықтарында зертханалық жұмыстарды, практикалық және семинар оның iшiнде дене тәрбиесi сабақтарын және тiзбесi оқу жоспарына сәйкес белгiленетiн кәсiби оқытудың жекелеген пәндерi бойынша сабақтарды өткiзу кезiнде оқу топтары кiшi топтарға бөлiнуi мүмкiн.
Мамандықтардың бейiнi ерекшелiгiн ескере отырып, сабақтар жекелеген оқушылармен де жеке сабақтар түрiнде өткiзiлуi мүмкiн.
19. Кәсiптiк практиканың түрлерi, мерзiмдерi мен мазмұны мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес жұмыс оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен айқындалады.
20. Мамандықтың бейiнi бойынша кәсiптiк практика (технологиялық және диплом алдындағы) кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдары мен кәсiпорындардың (мекемелердiң) арасында жасалған шарттар негiзiнде ұйымдарда (кәсiпорындарда мекемелерде) өткiзiледi.
Кәсiптiк практиканы ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi үлгi оқу жоспарлары мен бағдарламалары негiзiнде әзiрленетiн жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
21. Кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарында тiлдер бойынша оқыту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
22. Бiлiм алушыларды оқыту мен тәрбиелеудiң сапасын, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру және әдiстемелiк жұмысты жетiлдiру мақсатында кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарында педагогикалық, оқу-әдiстемелiк, қамқоршылық кеңестер құрылады.
3. Кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарының құрылымдық
бөлiмшелерiнiң қызметiн ұйымдастыру
23. Кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымдарда оқу-тәрбие процесiн сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында филиалдар, мамандықтар топтары бойынша бөлiмшелер, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау бөлiмшелерi, даярлық курстары, оқу-өндiрiстiк шеберханалар, оқу-консультациялық пункттер, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары және басқа да құрылымдық бөлiмшелер құрылуы мүмкiн.
24. Оқу шеберханаларындағы білiктi өндiрiстiк жұмыстардың тiзбесiн, мазмұнын және оларды орындау жөнiндегi талаптарды олар үшiн мамандар даярлау жүзеге асырылатын кәсiпорын мен мекеме өкiлiнiң келiсiмi бойынша тiкелей кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымы анықтайды.
25. Оқу шеберханасындағы практикалық сабақтарды ұйымдастыруды өндiрiстiк оқыту шеберi жүзеге асырады.
4. Кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымын басқару
26. Кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына осы Ережеге және ұйымның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
27. Кәсiптiк орта бiлiм беру ұйымын тiкелей басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылтайшы тағайындайтын басшы жүзеге асырады.
28. Кәсiптiк орта білiм беру ұйымдары әртүрлi оқу-әдiстемелiк бiрлестiктердiң жұмысына қатыса алады.