Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстарындағы қауiптi су тасқыны жағдайы және олардың аумағының су астында қалуын болдырмау жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы N 251 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

      Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қалыптасқан қауiптi су тасқыны жағдайына байланысты, олардың елдi мекендерiнiң, объектiлерi мен аумағының су астында қалуын болдырмау, халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, болуы ықтимал залалдың едәуiр көлемiн азайту және тасқын суды Сырдария өзенiнiң арнасына ретiмен жiберудi жүзеге асыру және мүдделi мемлекеттік органдардың iс-қимылдарын үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Сырдария өзенi бассейнiнiң халқын, объектiлерi мен аумағын қорғау мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн Үкiмет комиссиясы құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Үкiмет комиссиясының құрамы бекiтiлсiн.

      3. Үкiмет комиссиясының жұмыс органы болып Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
      1) су тасқыны мен су басудың қауiп-қатерi мен ауқымын, олардан келетiн залалды азайту жөнiндегi жеткiлiкті ұйымдастырушылық және инженерлiк-техникалық шараларды қабылдасын;
      2) Шардара су қоймасы мен басқа да су көздерiн реттеуге, ондағы судың қауiпсiз деңгейiн ұстауға бақылауды күшейтсiн, Сырдария өзенi бассейнiнiң тиiстi мемлекеттiк мониторингін ұйымдастырсын, Қазақстанның аумағына түсетiн суды азайту және оны көл жүйелерi мен ирригациялық арналар бойынша бөлу жөнiнде шаралар қабылдасын, облысаралық, мемлекетаралық су объектілерi бойынша су жинау мен су бөлудi тиiмдi жоспарласын және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі:
      1) Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп, халықты, объектiлер мен аумақты Сырдария өзенi тасқын суының жоғары деңгейiнен қорғау жөнiнде бiрлескен шаралар қабылдасын және:
      су тасқынының залалын азайту жөнiнде жоспарлар;
      дүлей апат салдарын жоюға арналған күштер мен құралдар;
      су астында қалған аумақтан халықты болуы ықтимал көшiрудi дайындауды қамтамасыз етсiн;
      2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер және Қорғаныс министрлiктерiмен бiрлесiп:
      су тасқыны салдарының алдын алу және жою үшiн тартылатын авариялық құтқару және өзге де қызметтер мен бөлiмшелердiң жұмыстарын үйлестiру жөніндегі iс-қимылдар жоспарын;
      төтенше жағдайларда авариялық құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi материалдық ресурстарды, күштер мен құралдарды;
      су астында қалған аумақтан халықты және мүліктердi көшiрудi дайындауды қамтамасыз етсiн;
      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң төтенше резервiнен авариялық құтқару және басқа да шұғыл iс-шараларды қаржыландыру жөнiнде ұсыныс дайындасын.

      6. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Сырдария өзенiнiң бассейнiнде, оның iшiнде iргелес мемлекеттерде болатын жауын-шашын бойынша дұрыс болжамдарды үнемi берудi, өзендердiң суға толу, мұз қату және сең жүру, қабыршақ мұздардың пайда болу, қарлардың еру мониторингiн қамтамасыз етсiн, қажет болған кезде Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп, қосымша гидрологиялық бекеттер құрсын.

      7. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі:
      1) темiр жолдар мен автомобиль жолдарын, инженерлiк құрылыстар мен коммуникация жүйелерiн қорғау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      2) болуы ықтимал авариялық құтқару жұмыстарын орындау үшiн автомобиль, темiр жол және авиация көлiгінiң қажеттi санын дайындауды қамтамасыз етсiн және оларды Үкiмет комиссиясының шешiмiне сәйкес бөлсiн.

      8. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi:
      1) Шардара су торабы гидротехникалық құрылыстарының сенiмдi әрi тұрақты жұмысын және олардың авариясыз жай-күйiне тұрақты мониторинг жүргiзудi қамтамасыз етсiн, бұл үшiн шұғыл түрде Шардара бөгетiнiң өзiнде қажеттi бекiту жұмыстарын жүргiзсiн;
      2) iргелес мемлекеттердiң энергетикалық кәсiпорындарымен және тиiстi мемлекеттiк органдарымен бiрге электр энергиясын өндiрудi және Нарын-Сырдария бассейнiнiң су электр станцияларының сарқырамасынан су жiберудi азайту жөнiнде тұрақты жұмыс жүргiзiп отырсын.

      9. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Сырдария өзенiнiң арнасында арнайы жарылыс жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi бригадалардың жеткiлiктi санын қалыптастырсын, қажеттi жарылғыш материалдардың резервiн құрсын және оларды тiкелей пайдалану орындарына жедел жеткiзудi қамтамасыз етсiн.

      10. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi аса ауқымды су тасқыны жағдайына су тасқынына қарсы және көшiру iс-шараларын орындау үшiн әскери, оның iшiнде жарылғыш материалдардың жеткiлiктi резервi бар инженерлiк-саперлiк бөлiмшелер, сондай-ақ авиация, өзге де қажеттi техника мен жабдықтар дайындасын.

      11. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi қоғамдық тәртiптi сақтау, көшiрiлгендердiң мүлкi мен үйлерiн күзету, жол қозғалысының қауіпсiздігін қамтамасыз ету, авариялық құтқару қызметтерi мен құрамаларының көлiктерi мен техникаларының кедергісiз қозғалысын, жүктердi төтенше жағдайлар аймағына жеткiзу кезiнде олармен бiрге жүру және олардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн тиiстi бөлiмшелер дайындасын.

      12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі болуы ықтимал апат аймағындағы халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету әзiрлiгін қамтамасыз етуге шаралар қабылдасын.

      13. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi өз құзыреті шегiнде Нарын-Сырдария су қоймасы сарқырамасының жұмыс режимiн peттeу және Шардара су қоймасына судың келіп түсуiн азайту жөнiндегі мемлекетаралық келiсiмдер мен хаттамаларды орындауды қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсiн, қажет болған кезде мүдделi министрлiктер мен ведомстволар басшыларының Қырғызстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Тәжiкстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк органдарының басшыларымен кездесуiн қамтамасыз етсiн.
      Бiрiншi кезекте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Энергетика және минералдық ресурстар, Төтенше жағдайлар министрлiктерiмен бiрлесiп:
      1) қырғыз тарапымен 2005 жылғы наурызда Тоқтоғұл CЭC қақпағында шығысы 500 м 3 /сек-тан аспайтын су жiберудi қамтамасыз етуге қатысты;
      2) өзбек тарапымен Арнасайға су жинауды шығысын кемiнде 700 м 3 /сек-қа қиын кезеңде 1000 м 3 /сек-қа дейiн азайтуға, сондай-ақ шығысы кемiнде 350 м 3 /сек. су жинауды шаю ағындарына жеткiзуге қатысты келiссөз процесiн жандандырсын.

      14. Оңтүстік Қазақстан облысының әкiмi суармалы егістi шаю үшiн шығысы кемiнде 250 м 3 /сек. тасқын суды барынша жинауды қамтамасыз етсін.

      15. Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкiмдерi:
      1) су тасқынына қарсы iс-шаралар кешенiн iске асыруды, оның iшiнде тасқын суды көл жүйелерiне және суармалы егістi шаю үшiн ирригациялық арналарға барынша жинауды қамтамасыз етсiн, сондай-ақ елдi мекендердің, объектiлер мен аумақтың су астында қалуын болдырмау мақсатында бөгеттер мен өзге де қорғаныс құрылыстарын қалпына келтiру, күшейту және салу жөнiнде шұғыл жұмыстар жүргізсiн;
      2) мыналар:
      инженерлiк қорғаныс құрылыстарының, автомобиль және темiр жолдарының, электр беру және байланыс желілерiнiң, тiршiлiкпен қамтамасыз ету жүйелерiнiң жай-күйiн тәулiк бойы бақылау;
      бөгеттердiң қауiптi учаскелерiн уақтылы анықтау;
      гидротехникалық қорғаныс құрылыстарында болуы ықтимал жарып өтудi жою жөнiнде шаралар қабылдау жөнiнде жұмылдыру топтарын ұйымдастырсын;
      3) авариялық құтқару және жою жұмыстарын орындау, халықты және мүлiктердi болуы ықтимал көшiру үшін күштер мен құралдардың толық әзiрлiгін қамтамасыз етсiн, ол үшiн техниканы, автокөлiктi, жүзу құралдарын, уақытша баспаналарды, оның iшiнде зардап шеккендерге арналған шатырларды, азық-түлiк өнiмдерiн, киiмдi, медициналық қызмет пен өзге де адами және материалдық ресурстарды алдын ала дайындасын, мал басын сақтау жөнiнде шаралар қабылдасын.

      16. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметінiң        
2005 жылғы 19 наурыздағы
N 251 қаулысымен    
бекiтiлген       

  Сырдария өзенi бассейнiнiң халқын, объектiлерi
мен аумағын қорғау мәселелерi жөнiнде ұсыныстар
әзiрлеу үшiн Үкiмет комиссиясының
құрамы

Есiмов                     - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ахметжан Смағұлұлы           Министрiнiң орынбасары, төраға

Үмбетов                    - Қазақстан Республикасының Ауыл
Серiк Әбiкенұлы              шаруашылығы министрi, төрағаның
                             орынбасары

Көпеев                     - Қазақстан Республикасының Төтенше
Мұхамбет Жұманазарұлы        жағдайлар министрi, төрағаның
                             орынбасары

Адырбеков                  - Қызылорда облысының әкiмi, төрағаның
Икрам Адырбекұлы             орынбасары

Жылқышиев                  - Оңтүстік Қазақстан облысының әкiмi,
Болат Әбжапарұлы             төрағаның орынбасары

Бижанов                    - Қазақстан Республикасының Төтенше
Нұрахмет Құсайынұлы          жағдайлар бiрiншi вице-министрi

Белоног                    - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Александрович       сақтау вице-министрi, Бас мемлекеттiк
                             санитарлық дәрiгер

Исекешев                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы              және сауда вице-министрi

Ысқақов                    - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Әбдiлдәұлы            ортаны қорғау вице-министрi

Күрiшбаев                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы           шаруашылығы вице-министрi

Лавриненко                 - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Юрий Иванович                коммуникация бiрiншi вице-министрi

Ойнаров                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Азамат Рысқұлұлы             вице-министрi

Онжанов                    - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Нұрлан Баймолдаұлы           министрiнiң орынбасары

Оразбаев                   - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бiрлiк Есiркепұлы            және минералдық ресурстар
                             вице-министрi

Отто                       - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Иван Иванович                бiрiншi вице-министрi

Сұлтанов                   - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы            және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Рябцев                     - Қазақстан Республикасы Ауыл
Анатолий Дмитриевич          шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
                             комитетiнiң төрағасы

Құрматов                   - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Юрий Шамильевич              министрлiгiнiң Штабтар бастықтары
                             комитетi төрағасының орынбасары

Күдеков                    - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Тұрсынбек Керiмұлы           қорғау министрлiгi "Қазгидромет"
                             республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының
                             директоры

Еламанов                   - Қызылорда облысы әкiмiнiң орынбасары
Бекмырза Қайыпұлы

Төлебаев                   - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң
Кенжехан Атақұлұлы           орынбасары

О критической паводковой обстановке в Кызылординской и Южно-Казахстанской областях и мерах по предотвращению затопления их территорий

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 марта 2005 года N 251. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 мая 2010 года N 453

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.05.2010 № 453.

      В связи со сложившейся критической паводковой обстановкой в Кызылординской и Южно-Казахстанской областях, в целях предотвращения затопления их населенных пунктов, объектов и территорий, обеспечения безопасности населения, снижения возможных значительных размеров ущерба и осуществления организованного пропуска паводковых вод по руслу реки Сырдарьи и координации действий заинтересованных государственных органов, Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать Правительственную комиссию для выработки предложений по вопросам защиты населения, объектов и территорий бассейна реки Сырдарьи.

      2. Утвердить прилагаемый состав Правительственной комиссии.

      3. Рабочим органом Правительственной комиссии определить Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан:
      1) принять достаточные организационные и инженерно-технические меры по снижению угрозы и масштабов наводнений и паводков, ущербов от них;
      2) усилить контроль за регулированием Шардаринского водохранилища и других водных источников, поддержанием безопасного уровня воды в них, организовать надлежащий государственный мониторинг бассейна реки Сырдарьи, принять меры по снижению поступающей воды на территорию Казахстана и ее распределение по озерным системам и ирригационным каналам, эффективно планировать забор воды и вододеление по межобластным, межгосударственным водным объектам и обеспечить контроль за их соблюдением.

      5. Министерству по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан:
      1) совместно с акимами Кызылординской и Южно-Казахстанской областей принять совместные меры по защите населения, объектов и территорий от высоких уровней паводковых вод реки Сырдарьи и обеспечить подготовку:
      планов по снижению ущерба от паводков;
      сил и средств для ликвидации последствий стихийного бедствия;
      возможной эвакуации населения с подтопленных территорий;
      2) совместно с министерствами внутренних дел и обороны Республики Казахстан обеспечить подготовку:
      плана действий по координации работ аварийно-спасательных и иных служб и подразделений, привлекаемых для предупреждения и ликвидации последствий паводков;
      необходимых материальных ресурсов, сил и средств для ведения аварийно-спасательных работ в условиях чрезвычайной ситуации;
      по эвакуации населения и имущества с затопленных территорий;
      3) совместно с Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан подготовить предложение по финансированию аварийно-спасательных и других неотложных мероприятий из чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан для ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера.

      6. Министерству охраны окружающей среды Республики Казахстан обеспечить регулярное предоставление достоверных прогнозов по осадкам в бассейне реки Сырдарьи, мониторинг водности рек, ледостава и ледохода, образования шуги, таяния снегов, в том числе в сопредельных государствах, при необходимости, совместно с акимами Кызылординской и Южно-Казахстанской областей создать дополнительные гидрологические посты.

      7. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан:
      1) принять необходимые меры по защите железных и автомобильных дорог, инженерных сооружений и систем коммуникаций;
      2) обеспечить подготовку необходимого количества автомобильного, железнодорожного и авиационного транспорта для выполнения возможных аварийно-спасательных работ и выделить их в соответствии с решением Правительственной комиссии.

      8. Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан:
      1) обеспечить надежную и устойчивую работу гидротехнических сооружений Шардаринского гидроузла и ведение постоянного мониторинга за их безаварийным состоянием, для этого в срочном порядке провести необходимые укрепительные работы в теле Шардаринской плотины;
      2) вести постоянную работу с энергетическими предприятиями и соответствующими государственными органами сопредельных государств по снижению выработки электроэнергии и попусков воды из каскада гидроэлектростанций Нарын-Сырдарьинского бассейна.

      9. Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан сформировать достаточное количество бригад по проведению специальных взрывных работ в русле реки Сырдарьи, создать резерв необходимых взрывчатых материалов и обеспечить их оперативную доставку на места непосредственного использования.

      10. Министерству обороны Республики Казахстан на случай крупномасштабных паводков подготовить воинские подразделения, в том числе инженерно-саперные, с достаточным резервом взрывчатых материалов, а также авиационную, иную необходимую технику и оборудование для выполнения противопаводковых и эвакуационных мероприятий.

      11. Министерству внутренних дел Республики Казахстан подготовить соответствующие подразделения для поддержания общественного порядка, охраны имущества и жилья эвакуированных, обеспечения безопасности дорожного движения, беспрепятственного движения транспорта и техники аварийно-спасательных служб и формирований, сопровождения и обеспечения сохранности грузов при доставке их в зоны чрезвычайных ситуаций.

      12. Министерству здравоохранения Республики Казахстан принять меры к обеспечению готовности оказания экстренной медицинской помощи населению в зоне возможного бедствия.

      13. Министерству иностранных дел Республики Казахстан, в рамках своей компетенции, содействовать в обеспечении выполнения межгосударственных соглашений и протоколов по регулированию режима работы Нарын-Сырдарьинского каскада водохранилищ и уменьшению поступления воды в Шардаринское водохранилище, при необходимости, обеспечить встречу руководителей заинтересованных министерств и ведомств с руководителями соответствующих государственных органов Республики Кыргызстан, Республики Узбекистан и Республики Таджикистан.
      В первую очередь, совместно с министерствами сельского хозяйства, энергетики и минеральных ресурсов, по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, активизировать переговорный процесс с:
      1) кыргызской стороной касательно обеспечения в марте 2005 года попусков воды в створе Токтогульской ГЭС расходами не более 500 м 3 /сек;
      2) узбекской стороной касательно забора воды в Арнасайское понижение расходами не менее 700 м 3 /сек, в критический период - до 1000 м 3 /сек, а также доведения забора воды на промывочные поливы расходами не менее 350 м 3 /сек.

      14. Акиму Южно-Казахстанской области обеспечить максимальный разбор паводковой воды для промывки орошаемых полей расходами не менее 250 м 3 /сек.

      15. Акимам Кызылординской и Южно-Казахстанской областей:
      1) обеспечить реализацию комплекса противопаводковых мероприятий, в том числе максимальный разбор паводковой воды в озерные системы и в ирригационные каналы для промывки орошаемых полей, а также провести экстренные работы по восстановлению, укреплению и строительству дамб и иных защитных сооружений с целью недопущения затопления населенных пунктов, объектов и территорий;
      2) организовать мобильные группы по:
      круглосуточному контролю за состоянием защитных инженерных сооружений, автомобильных и железных дорог, линий электропередачи и связи, систем жизнеобеспечения;
      своевременному выявлению опасных участков дамб;
      принятию мер по ликвидации возможных прорывов защитных гидротехнических сооружений;
      3) обеспечить полную готовность сил и средств для выполнения аварийно-спасательных и ликвидационных работ, возможной эвакуации населения и имущества, для этого заблаговременно подготовить технику, автотранспорт, плавсредства, временное жилье, в том числе палатки для пострадавших, продукты питания, одежду, медицинскую службу и иные людские и материальные ресурсы, принять меры по сохранению поголовья скота.

      16. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утвержден             
постановлением Правительства    
Республики Казахстан       
от 19 марта 2005 года N 251    

Состав
Правительственной комиссии для выработки предложений
по вопросам защиты населения, объектов и территорий
бассейна реки Сырдарьи

Есимов                   - Заместитель Премьер-Министра Республики
Ахметжан Смагулович        Казахстан, председатель
 
  Умбетов                  - Министр сельского хозяйства Республики
Серик Абикенович           Казахстан, заместитель председателя
 
  Копеев                   - Министр по чрезвычайным ситуациям
Мухамбет Жуманазарович     Республики Казахстан, заместитель
                           председателя
 
  Адырбеков                - аким Кызылординской области, заместитель
Икрам Адырбекович          председателя
 
  Жылкышиев                - аким Южно-Казахстанской
Болат Абжапарулы           области, заместитель председателя
 
  Бижанов                  - первый вице-министр по чрезвычайным
Нурахмет Кусаинович        ситуациям Республики Казахстан
 
  Белоног                  - вице-министр здравоохранения, Главный
Анатолий Александрович     государственный санитарный врач
                           Республики Казахстан
 
  Исекешев                 - вице-министр индустрии и торговли
Асет Орентаевич            Республики Казахстан
 
  Искаков                  - вице-министр охраны окружающей среды
Нурлан Абдильдаевич        Республики Казахстан
 
  Куришбаев                - вице-министр сельского хозяйства
Акылбек Кажигулович        Республики Казахстан
 
  Лавриненко               - первый вице-министр транспорта и
Юрий Иванович              коммуникаций Республики Казахстан
 
  Ойнаров                  - вице-министр финансов Республики
Азамат Рыскулович          Казахстан
 
  Онжанов                  - заместитель Министра иностранных дел
Нурлан Баймолданович       Республики Казахстан
 
  Оразбаев                 - вице-министр энергетики и минеральных
Бырлык Есиркепович         ресурсов Республики Казахстан
 
  Отто                     - первый вице-министр внутренних дел
Иван Иванович              Республики Казахстан
 
  Султанов                 - вице-министр экономики и бюджетного
Бахыт Турлыханович         планирования Республики Казахстан
 
  Рябцев                   - председатель Комитета по водным ресурсам
Анатолий Дмитриевич        Министерства сельского хозяйства
                           Республики Казахстан
 
  Курматов                 - заместитель председателя Комитета
Юрий Шамильевич            начальников штабов Министерства обороны
                           Республики Казахстан
 
  Кудеков                  - директор Республиканского
Турсынбек Керимович        государственного предприятия
                           "Казгидромет" Министерства охраны
                           окружающей среды Республики Казахстан
 
  Еламанов                 - заместитель акима Кызылординской области
Бекмырза Кайыпулы
 
  Толебаев                 - заместитель акима Южно-Казахстанской
Кенжехан Атакулович        области