Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы, "Аджип Каспиан Си Б.В.", "Бритиш Газ Интернэшнл Лимитед", "ЭксонМобил Қазақстан Инк.", "ИНПЕКС Норт Каспиан Си Лтд.", "Филипс Петролеум Қазақстан Лтд.", "Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.", "Тоталь ЭиП Қазақстан" компаниялары арасында жасалған "1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" шарт мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
КҮНІ 2005.30.03. N 1691
1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша
Өнiмдi бөлу туралы келiсiмге өзгерiстер мен
толықтырулар енгізу туралы
ШАРТ
Ескерту. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Шарт Заң деректер базасына енгізілуге жатпайды.
(РҚАО-ның ескертуі: "1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы" Келiсiм РҚАО-ға келіп түскен жоқ).