Қазақстан Республикасының спортшыларын кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы N 286 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 мамырдағы N 691 Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.05.12 N 691 Қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының спортшыларын сапалы даярлауды және олардың кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсетуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мыналар:
      1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының спортшыларын кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң (бұдан әрi - Ұйымдастыру комитетi) құрамы;
      2) 2-қосымшаға сәйкес Туриндегi (Италия Республикасы) және Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) Олимпиада ойындарының жеңiмпаздарына, жүлдегерлерiне және олардың жаттықтырушыларына арналған бiржолғы төлемдердiң мөлшерi бекiтiлсiн.

      2. Ұйымдастыру комитетi:
      1) спортшыларды кезектi 2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегi (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына (бұдан әрi - Олимпиада ойындары) қатысуға даярлау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн;
      2) кемiнде жылына екi рет Ұйымдастыру комитетiнiң отырыстарында облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң спортшыларды Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жоспарларының орындалуы туралы есептерiн тыңдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi:
      1) Қазақстан Республикасының спортшыларын даярлауды және олардың Олимпиада ойындарына қатысуын қамтамасыз етсiн;
      2) алдағы Олимпиада ойындарына даярлау үшiн республикалық сияқты, өңiрлiк деңгейде де спорттың басым түрлерiн айқындасын;
      3) ел құрама командаларының спортшыларын Олимпиада ойындарына даярлау үшiн спорт саласындағы шетелдiк мамандарды тартсын.

      4. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгi:
      1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлаудың сапасын арттыру үшін қазiргi заманғы білiм беру технологияларын енгiзу жөнiндегi шараларды қабылдасын;
      2) жоғары оқу орындарының жанынан жаттықтырушы-оқытушылар құрамының бiлiктілiгiн арттыру курстарын құру мүмкiндігін қарастырсын.

      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) 2005 жылғы 1 мамырға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiне Қазақстан Республикасының спорт түрлерi бойынша құрама командаларын даярлау үшiн көзделген спорт құрылыстарын қалпына келтiру және салу жөнiнде ұсыныстар берсiн;
      2) кемiнде жылына екi рет әкiмдiктiң отырыстарында дене шынықтыруды және спортты дамыту мәселелерiн, жаттықтырушы-оқытушылар құрамының жұмысын қарасын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрi Е.М.Қосыбаевқа жүктелсiн.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2005 жылғы 30 наурыздағы
N 286 қаулысына    
1-қосымша       

Қазақстан Республикасының спортшыларын кезектi
2006 жылғы Туриндегi (Италия Республикасы) XX қысқы және
2008 жылғы Пекиндегі (Қытай Халық Республикасы)
XXIX жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау
жөнiндегi Ұйымдастыру комитетiнiң
құрамы

Ахметов                - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
Даниал Кенжетайұлы       төраға

Қосыбаев               - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
Есетжан Мұратұлы         және спорт министрi, төрағаның орынбасары

Тұрлыханов             - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
Дәулет Болатұлы          және спорт министрлiгi Спорт iстерi
                         комитетiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары

Гамарник               - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым
Геннадий Николаевич      бiрiншi вице-министрi

Лавриненко             - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Юрий Иванович            коммуникация бiрiншi вице-министрi

Отто                   - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Иван Иванович            бiрiншi вице-министрi

Коржова                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Наталья Артемовна        бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Ойнаров                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Азамат Рысқұлұлы         вице-министрi

Тасболатов             - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Абай Бөлекбайұлы         вице-министрi

Тәжiбай                - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
Бақытбек                 және спорт министрлігiнiң Спорт iстерi
                         комитетi төрағасының орынбасары

Досымбетов             - Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада
Тимур Камалұлы           комитетінің президенті (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2005 жылғы 30 наурыздағы
N 286 қаулысына    
2-қосымша       

Туриндегі (Италия Республикасы) және Пекиндегi
(Қытай Халық Республикасы) Олимпиада ойындарының
жеңiмпаздарына, жүлдегерлерiне және олардың
жаттықтырушыларына арналған бiржолғы
төлемдердiң мөлшерi

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.29. N 1318 қаулысымен.

      1-орын    -   250000 АҚШ доллары
      2-орын    -   150000 АҚШ доллары
      3-орын    -   75000 АҚШ доллары
      4-орын    -   30000 АҚШ доллары
      5-орын    -   10000 АҚШ доллары
      6-орын    -   5000 АҚШ доллары

О мерах по подготовке спортсменов Республики Казахстан к участию в очередных XX зимних 2006 года в Турине (Итальянская Республика) и XXIX летних 2008 года в Пекине (Китайская Народная Республика) Олимпийских играх

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2005 года N 286. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 мая 2009 года № 691

       Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 12.05.2009 № 691.

      В целях обеспечения качественной подготовки и успешного выступления спортсменов Республики Казахстан в очередных XX зимних 2006 года в Турине (Итальянская Республика) и XXIX летних 2008 года в Пекине (Китайская Народная Республика) Олимпийских играх Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить:
      1) состав Организационного комитета по подготовке спортсменов Республики Казахстан к участию в очередных XX зимних 2006 года в Турине (Итальянская Республика) и XXIX летних 2008 года в Пекине (Китайская Народная Республика) Олимпийских играх (далее - Организационный комитет) согласно приложению 1;
      2) размеры единовременных выплат для победителей, призеров Олимпийских игр в Турине (Итальянская Республика) и в Пекине (Китайская Народная Республика) и их тренеров согласно приложению 2.

      2. Организационному комитету:
      1) разработать и утвердить План мероприятий по подготовке спортсменов к участию в очередных XX зимних 2006 года в Турине (Итальянская Республика) и XXIX летних 2008 года в Пекине (Китайская Народная Республика) Олимпийских играх (далее - Олимпийские игры);
      2) не реже двух раз в год на заседаниях Организационного комитета заслушивать отчеты акимов областей, городов Астаны и Алматы о выполнении планов подготовки спортсменов к участию в Олимпийских играх.

      3. Министерству культуры, информации и спорта Республики Казахстан:
      1) обеспечить подготовку и участие спортсменов Республики Казахстан в Олимпийских играх;
      2) определить приоритетные виды спорта для подготовки к предстоящим Олимпийским играм, как на республиканском, так и на региональном уровнях;
      3) привлечь иностранных специалистов в области спорта для подготовки спортсменов сборных команд страны к Олимпийским играм.

      4. Министерству образования и науки Республики Казахстан:
      1) принять меры по внедрению современных образовательных технологий обучения для повышения качества подготовки специалистов в области физической культуры и спорта;
      2) рассмотреть возможность создания при высших учебных заведениях курсов повышения квалификации тренерско-преподавательского состава.

      5. Акимам областей, городов Астаны и Алматы:
      1) в срок до 1 мая 2005 года представить в Министерство культуры, информации и спорта Республики Казахстан предложения по реконструкции и строительству спортивных сооружений, предусмотренных для подготовки сборных команд Республики Казахстан по видам спорта;
      2) не реже двух раз в год рассматривать на заседаниях акимата вопросы развития физической культуры и спорта, работу тренерско-преподавательского состава.

      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министра культуры, информации и спорта Республики Казахстан Косубаева Е.М.

      7. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.
 

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Приложение 1          
к постановлению Правительства   
Республики Казахстан       
от 30 марта 2005 года N 286    

Состав
Организационного комитета по подготовке спортсменов
Республики Казахстан к участию в XX зимних 2006 года в Турине
(Итальянская Республика) и XXIX летних 2008 года в Пекине
(Китайская Народная Республика) Олимпийских играх

Ахметов Даниал Кенжетаевич     - Премьер-Министр Республики Казахстан,
                                 председатель

Косубаев Есетжан Муратович     - Министр культуры, информации
                                 и спорта Республики Казахстан,
                                 заместитель председателя

Турлыханов Даулет Болатович    - председатель Комитета по делам
                                 спорта Министерства культуры,
                                 информации и спорта Республики
                                 Казахстан, заместитель председателя

Гамарник Геннадий Николаевич   - первый вице-министр образования
                                 и науки Республики Казахстан

Лавриненко Юрий Иванович       - первый вице-министр транспорта
                                 и коммуникаций Республики Казахстан

Отто Иван Иванович             - первый вице-министр внутренних дел
                                 Республики Казахстан

Коржова Наталья Артемовна      - вице-министр экономики и бюджетного
                                 планирования Республики Казахстан

Ойнаров Азамат Рыскулович      - вице-министр финансов
                                 Республики Казахстан

Тасбулатов Абай Болюкпаевич    - вице-министр обороны
                                 Республики Казахстан

Тажибай Бакытбек               - заместитель председателя Комитета
                                 по делам спорта Министерства
                                 культуры, информации и спорта
                                 Республики Казахстан
 
Досымбетов Тимур Камалович     - президент Национального
                                 Олимпийского комитета Республики
                                 Казахстан (по согласованию)

Приложение 2           
к постановлению Правительства    
Республики Казахстан        
от 30 марта 2005 года N 286     

Размеры
единовременных выплат для победителей, призеров
Олимпийских игр в Турине (Итальянская Республика) и в Пекине
(Китайская Народная Республика) и их тренеров

      1 место - 250000 долларов США
      2 место - 150000 долларов США
      3 место -  75000 долларов США
      4 место -  30000 долларов США
      5 место -  10000 долларов США
      6 место -   5000 долларов США

      Сноска. В приложение 2 внесены изменения постановлением Правительства РК от 29 декабря 2006 года N 1312 .