Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне субсидиялар, өтем және демпингке қарсы шаралар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық
актілерiне субсидиялар, өтем және демпингке қарсы
шаралар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1. "Демпингке қарсы шаралар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 19, 654-құжат):
1) бүкiл мәтiн бойынша "қалыпты бағасынан", "қалыпты баға", "қалыпты бағасын", "қалыпты бағаны", "қалыпты бағасы", "қалыпты бағасының", "қалыпты бағасына" деген сөздер "қалыпты құнынан", "қалыпты құн", "қалыпты құнын", "қалыпты құнды", "қалыпты құны", "қалыпты құнының", "қалыпты құнына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
11) тармақша "тауарды" деген сөзден кейiн "экспорттаушы елде тұтыну кезiнде осыған ұқсас тауарға белгiленетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшадағы "(елу проценттен артық)" деген сөздер алынып тасталсын;
3) 8-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Демпингке қарсы iсті қарау рәсiмiн бастау туралы шешiмдi қабылдау мақсатында және дәлелдемелердiң жеткiлiктiлiгiн айқындау үшiн уәкiлеттi орган өтiнiште ұсынылған мәлiметтердiң шынайылығы мен дәлдiгiн зерделейдi.";
4-тармақтағы "елу проценттен астамы" деген сөздер "көбiрек бөлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-баптың 1) тармақшасындағы "бec" деген сөз "екi" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 12-бап мынадай мазмұндағы 3-1 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Егер уәкiлеттi орган осы баптың 3-тармағына сәйкес жеке мүдделi тұлғаға демпингке қарсы iстiң басталғаны туралы хабарлама жiберсе, онда ол бұл хабарламаға осы Заңның 1-бабының 7) тармақшасында көрсетілген өзге мүдделi тұлғалардың қол жеткiзуiн қамтамасыз етуi тиiс.";
"5. Уәкілетті орган алған дәлелдемелер осы Заңның құпия ақпаратқа қойылатын талаптарын ескере отырып, демпингке қарсы iстi қарауға қатысатын барлық мүдделi тұлғаларға ұсынылады.
Көрсетiлген ақпаратты беру мүмкiн болмаған кезде уәкiлеттi орган барлық мүдделi тұлғаларға олар осы ақпарат негізiнде дәлелдi дайындауы үшiн демпингке қарсы iсті қарауда уәкiлеттi орган пайдаланатын барлық құпия емес ақпаратпен танысуға мүмкiндiк береді.";
6) 24-баптағы "тоғыз айдан аспауы керек" деген сөздер "тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын айрықша жағдайларды қоспағанда, бiр жыл iшiнде бiрақ он сегiз айдан кешiктiрмей аяқталады" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 25-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлігінде "орган" деген сөзден кейiн "үш күн iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 30-бапта:
1-тармақ "ресми органдарына" деген сөздерден кейiн "демпингтiң және оларға материалдық залал келтiрудiң немесе оны келтiру қаупiнiң болуы туралы алдын ала айқындаудың негіздемелерi мен фактiлерге және құқықтық нормаларға сiлтемелерi бap" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы Заңның құпия ақпаратқа қойылатын талабын ескере отырып, демпингке қарсы уақытша шараларды енгiзу туралы хабарлама мыналарды қамтиды:
жеткiзушiлердiң атауын не, егер iс жүзiнде бұл мүмкiн болмаса, тиiстi жеткiзушi елдердi;
кеден мақсаттары үшiн жеткiлiктi тауардың сипаттамасын;
белгiленген демпингтiк айырманы және осы Заңның 3-тарауына сәйкес экспорттық баға мен қалыпты құнды белгілеу және салыстыру үшiн пайдаланылған әдiснаманың негiздемесiн;
осы Заңның 4-тарауына сәйкес залалдың болуын белгiлеуге қатысты уәкiлеттi органның пiкiрiн;
демпингке қарсы уақытша шараларды қолданудың негiзгi дәлелдерiн.";
3-тармақта:
"екi ай" деген сөздер "алпыс күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"алты айға дейiнгі мерзiмге" деген сөздер "төрт айдан аспайтын мерзiмге немесе уәкiлетті органның шешiмi бойынша отандық өндiрушiлердiң өтiнiштерi негiзiнде алты айдан аспайтын кезеңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тоғыз айға дейiн" деген сөздер "тиiсiнше алты және тоғыз айға" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 31-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасындағы "бес" деген сөз "екi" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Демпингке қарсы шаралар енгiзу туралы хабарлама ресми басылымдарда жарияланады және осы Заңның құпия ақпаратқа қойылатын талаптарын ескере отырып, демпингке қарсы баждарды енгізу үшiн фактiлер мен құқықтық нормаларға қатысты iстi қарауға жататын барлық ақпаратты, сондай-ақ демпингке қарсы iстi қарау барысында жеткiзушiлер мен мүдделi тұлғалар ұсынған жазбаша дәлелдемелер мен талаптарды қабылдау немесе қабылдамау себептерiн қамтиды.".
2. "Субсидиялар және өтем шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 732-құжат):
1) 7-баптың 3-тармағында:
"көзделген жағдайларды" деген сөздер "көзделген жағдайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және осы Заңның 8-бабының 2-тармағында" деген сөздер алынып тасталсын;
2) 8-бап алынып тасталсын;
3) 9-баптың 2-тармағындағы ", 8" деген сан алынып тасталсын;
4) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
"17-1-бап. Консультациялар жүргiзу
1. Уәкілеттi орган өтiнiштi қабылдағаннан кейiн және iстi қарау басталғанға дейiн тауарлары iстi қарау мәнi болып табылатын шет мемлекеттерге (шет мемлекеттердiң одақтарына) осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетiлген мәселелер бойынша жағдайды нақтылау және келiсiлген шешiмге қол жеткiзу үшiн онымен консультациялар жүргiзу туралы ұсыныс жiбередi.
2. Iстi қараудың барлық кезеңi iшiнде тауарлары iстi қарау мәнi болып табылатын шет мемлекетке (шет мемлекеттердiң одақтарына) нақты жағдайда нақтылау және келiсiлген шешiмге қол жеткiзу үшiн уәкiлеттi органмен консультацияларды жалғастыруға мүмкiндiк берiледi.
3. Консультациялар жүргiзу iстi қараудың басталуына, шет мемлекет (шет мемлекеттердiң одағы) субсидиялайтын тауар импортының және оларға материалдық залал келтiрудiң немесе оны келтiру қаупiнiң болуы туралы алдын ала немесе түпкiлiктi қорытындылар шығаруға, осы Заңға сәйкес уақытша немесе түпкiлiктi өтем шараларын қолдануға кедергi жасамауы тиiс.
4. Уәкілеттi орган тауарлары iстi қарау мәнi болып табылатын шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер одағының) өтiнiшi бойынша iстi қарауды бастау немесе өткiзу үшiн пайдаланылатын құпия емес ақпаратқа қол жеткiзуге рұқсат етедi.";
5) 21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Уәкiлеттi орган мүдделi тұлғалардың көрсетiлген бiр ай мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiшiн назарға алуы қажет және негiздемелер жеткiлiктi болған кезде мұндай ұзарту ол iстi қарау барысында ұсынылуы тиiс.".
2-бап. Осы Заң ол ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті