Қазақстан Республикасы Президентінiң "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегі әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 сәуірдегі N 311 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2005 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген
мерзiмдi әскери қызметтегі әскери қызметшiлердi
запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын
2005 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында
кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

      "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы  Заңына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшілер 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінің iшкi әскерлерi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетінің Шекара қызметi, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қатарынан запасқа шығарылсын.
      2. Шақыру күнiне дейiн 18 жасқа толған, мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейiнге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейiнге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар 2005 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерiне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне мерзiмдi әскери қызметке шақырылсын.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жергiлiктi өкiлдi органдармен бiрлесiп, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының қорғаныс iстерi жөніндегі тиiсті департаменттерi арқылы 2005 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргізудi ұйымдастырсын және қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы мерзiмдi әскери қызмет өткеру үшiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетінiң Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгіне шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын жөнелтудi және белгiленген мерзiмдi әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілердi босатуды қаржылай және материалдық қамтамасыз етудi ұйымдастырсын.
      5. Осы Жарлық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "Об увольнении в запас военнослужащих срочной военной службы, выслуживших установленный срок военной службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2005 года"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2005 года N 311

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "Об увольнении в запас военнослужащих срочной военной службы, выслуживших установленный срок военной службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2005 года".

       Премьер-Министр
   Республики Казахстан

УКАЗ
ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Об увольнении в запас военнослужащих срочной
военной службы, выслуживших установленный срок
военной службы, и очередном призыве граждан
Республики Казахстан на срочную военную службу
в апреле-июне и октябре-декабре 2005 года

      В соответствии с  Законом Республики Казахстан от 19 января 1993 года "О всеобщей воинской обязанности и военной службе"  ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Уволить из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан, внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Республиканской гвардии Республики Казахстан, Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в запас в апреле-июне и октябре-декабре 2005 года военнослужащих срочной военной службы, выслуживших установленный срок военной службы.
      2. Призвать на срочную военную службу в Вооруженные Силы Республики Казахстан, внутренние войска Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Пограничную службу Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Республиканскую гвардию Республики Казахстан, Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2005 года граждан мужского пола, которым ко дню призыва исполнилось 18 лет, не имеющих права на освобождение или отсрочку от призыва на срочную военную службу, а также граждан, утративших право на отсрочку от призыва.
      3. Акимам областей, городов Астаны и Алматы совместно с местными представительными органами организовать и обеспечить проведение призыва граждан на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2005 года через соответствующие департаменты по делам обороны областей, городов Астаны и Алматы.
      4. Правительству Республики Казахстан, Комитету национальной безопасности Республики Казахстан, Республиканской гвардии Республики Казахстан организовать финансовое и материальное обеспечение отправки граждан Республики Казахстан, призванных в Вооруженные Силы Республики Казахстан, внутренние войска Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Пограничную службу Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Республиканскую гвардию Республики Казахстан, Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан для прохождения срочной военной службы, и увольнения военнослужащих, выслуживших установленные сроки срочной военной службы.
      5. Настоящий Указ вводится в действие со дня первого официального опубликования.

       Президент
  Республики Казахстан