Кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 350 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 05 тамыздағы N 915 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 05 тамыздағы N 915 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Iшкi су көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берілiп отырған Кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру ережесi бекiтілсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2005 жылғы 14 сәуiрдегi
N 350 қаулысымен   
бекiтілген      

  Кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру
ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Iшкi су көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi  Заңына сәйкес әзiрлендi.

      2. Ереже өздiгiнен жүзетiн кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру тәртiбiн айқындайды.

  2. Кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру

      3. Кеме капитандары мен штурмандарға, жер снарядтарының командирлерiне және олардың көмекшiлерiне, механиктерге, механиктің көмекшiлерiне және жоғарыда көрсетiлген лауазымдарды қоса атқаратын тұлғаларға, диплом алу рәсiмiнен өткен электр жабдықтары бойынша механиктiң көмекшiлерiне, электр механиктерi мен олардың көмекшiлерiне диплом (1-қосымша), ал кемелердiң старшина-мотористерiне, қуаты 55 кВт-дан (75 а.к.) 110 кВт-ға дейiнгі (149 а.к.) кемелердiң кеме жүргізушісi-механиктерiне бiліктiлiк куәлiгi (2-қосымша) берiледi.

      4. Диплом алуға оның тағайындалуына сәйкес осы Ереженiң 7 және 8-тармақтарында көрсетiлген тиiстi білімi және белгiленген жүзу өтілi бар тұлғаларға рұқсат етiледi. Диплом берудi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң комиссиялары жүргiзедi.

      5. Диплом беру мақсаты үшін өздiгiнен жүзетiн кемелер, олардың қозғалысын қамтамасыз ететiн қозғалтқыш қуатының тиiмдiлiгiне байланысты, мынадай топтарға бөлiнедi:
      1-топ 110-нан 330 кВт-ға дейiн (150-450 а.к.)
      2-топ 331-ден 550 кВт-ға дейiн (451-750 а.к.)
      3-топ 551-ден 850 кВт-ға дейiн (751-1150 а.к.)
      4-топ 581-ден 1620 кВт-ға дейiн (1151-2200 а.к.)
      5-топ 1621-ден және одан артық кВт-ға (2201 және одан артық а.к.)
      Жер снарядтары мен жер сорғыштар олардың өнiмдiлiгiне қарай мынадай топтарға бөлiнедi:
      1-топ өнiмдiлiгі 100 м 3 /сағатқа дейiн
      2-топ 101-ден 250 м 3 /сағатқа дейiн
      3-топ 251-ден 500 м 3 /сағатқа дейiн
      4-топ 501-ден 700 м 3 /сағатқа дейiн
      5-топ 701 м 3 /сағаттан жоғары.
      Қуаттылығы 150 кВт-дан (200 а.к.) жоғары жылдамдығын 35 км/сағатқа және одан артық дамытуға қабiлеттi кемелер жүрдек кемелерге жатады. Бiлiмi және жүзу өтiлi бойынша талаптар арнайы бөлiмде бөлiп көрсетiлген.

      6. Диплом алу рәсiмiнен өткен тұлғаларға берiлетiн дипломда (бiлiктiлiк куәлігінде) кеме тобы (cу сыйымдылығы, жүрдектiгi, жер снаряды) және оған олар тағайындалуы мүмкiн қызметтер көрсетiледi.

      7. Диплом алуға тиiстi бiлiмi бар тұлғалар аумақтық бөлiмшеге мынадай құжаттарды:
      еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
      жеке куәлiктi немесе паспортты;
      жоғары немесе орта кәсiптiк бiлiмi туралы құжатты (дипломды);
      жүзу өтiлiн растайтын құжатты;
      денсаулық жағдайы бойынша кемеде жұмыс iстеуге жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысын бере отырып жiберiледi.
      Диплом берудi өткiзу туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган отыз күн iшiнде қарайды.
      Ұсынылған құжаттар осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы құжаттарды берген тұлғаға құжаттарды берген сәттен бастап жетi күннен кешiктiрмей бұл туралы жазбаша хабарланады.

      8. Білiмiне сәйкес диплом алуға мыналарға:
      барлық топтағы кемелер мен жер снарядтарына - тиiстi мамандығы бойынша жоғары және орта кәсiптiк оқу орындарын бiтiрген тұлғаларға;
      1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтарына - 2 топтағы жолаушы кемелерiнiң капитандары, 3-топтағы барлық үлгiдегi кемелердiң капитандары мен бірiншi штурмандары қызметтерiнен басқа, тиiстi мамандығы бойынша колледждi (училищенi) бiтiрген тұлғаларға;
      1-топтағы кемелер мен жер снарядтарына, барлық кеме жүргiзушiсi, механик, электр механигi қызметтерiне (жолаушы кемелерiнiң капитандарынан басқа), 2 және 3 топтағы кемелерге үшiншi штурман, механиктiң үшiншi көмекшiсi, электр механигінiң екiншi көмекшiсi қызметтерiне; 2 және 3 топтағы кемелерге капитанның көмекшiсі (екiншi штурманның), механиктiң екiншi көмекшiсi, колледждiң (училищенiң) күндiзгi немесе сырттай оқу бөлiмдерiнiң 3 курсын, iшкi жүзу кемелерiнiң команда құрамын дайындау жөнiндегі курстарды бiтiрген жағдайда жүк және тiркеп сүйрейтiн кемелердiң электр механигiнiң бiрiншi көмекшiсі қызметтерiне;
      қуаты 55-тен 110 кВт-ға дейiнгі (75 - 149 а.к.) кемелерге арнайы курстарды бiтiрген және осы кемелердi басқару жөнiнде ұзақтығы кемiнде 1 ай тағылымдамадан өткен тұлғаларға рұқсат берiледi.

  3. Жүзу өтiлi бойынша қойылатын талаптар

      9. Кеме жүргiзушiсi, кеме механигi (электр механигi) мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарын бiтiрген тұлғаларға мынадай:
      4-топты қоса алғанға дейiнгi кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (екiншi штурманы), (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсi (кемелердi басқару жөнiнде кемiнде үш ай практикалық машығы бар екендiгiн ескере отырып) және барлық топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (үшiншi штурманы), механигінiң (электр механигiнiң) үшiншi көмекшiсi;
      командалық қызметтерде 6 ай бойы жүзу өтiлi бар болған кезде - барлық топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (екiншi штурманы), механигінiң (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсi;
      командалық қызметтерде 12 ай бойы жүзу өтiлi бар болған кезде - 2 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) бiрiншi көмекшiсi;
      командалық қызметтерде 18 ай бойы жүзу өтілi бар болған кезде - 1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигi (электр механигi) және барлық топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы), механигiнiң (электр механигінiң) бiрiншi көмекшiсi;
      командалық қызметтерде 24 ай бойы жүзу өтiлi бар болған кезде - 1-4 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны (жолаушы кемесiнiң капитанынан басқа), механигi (электр механигі);
      командалық қызметтерде 30 ай бойы жүзу өтілi бар болған кезде - барлық топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигi (электр механигі) қызметтерiне диплом берiледi.

      10. Табиғат жағдайына қарай навигациялық кезеңнiң ұзақтығы алты айдан кем болатын өзен бассейндерiнде диплом беру кезiнде флот қызметкерiнiң жүзу өтiлi алты айға теңеледi. Толық навигацияны өтемеген тұлғаларға нақты жүзген уақыты өтiлге есептеледi.

      11. Колледждердiң (училищелердiң) кеме жүргізушiсi, кеме механигi (электр механигi) бөлiмдерiн және су жолдары мен қатынасы бөлiмдерiн бiтiрген тұлғаларға мынадай:
      1-2 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (екiншi штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсi және барлық топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (үшiншi штурманы), механигiнiң (электр механигінiң) үшiншi көмекшiсi (кеменi басқару жөнiнде кемiнде үш ай практикалық машығы бар екендігін ескере отырып);
      командалық қызметтерде 6 ай бойы жүзу өтiлi бар болған кезде - 1-4 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (екiншi штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсi;
      командалық қызметтерде 12 ай бойы жүзу өтiлi бар болған кезде - 1-2 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы), механигiнiң (электр механигінiң) бiрiншi көмекшiсi, барлық топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (екiншi штурманы), механигінiң (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсi, 1 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигi (электр механигі);
      командалық қызметтерде 18 ай бойы жүзу өтiлi бар болған кезде - 1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) бiрiншi көмекшісi;
      командалық қызметтерде 24 ай бойы жүзу өтiлi бар болған кезде - 1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигi (электр механигi); барлық топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы), капитанының (электр механигiнiң) бiрiншi көмекшiсi;
      командалық қызметтерде 30 ай бойы жүзу өтілi бар болған кезде - 1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны (жолаушы кемелерiнiң капитандарынан басқа), механигi (электр механигі);
      командалық қызметтерде 36 ай бойы жүзу өтiлi бар болған кезде - 1-4 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны (жолаушы кемелерiнiң капитандарынан басқа), механигi (электр механигi);
      командалық қызметтерде 42 ай бойы жүзу өтiлi бар болған кезде - барлық топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигi (электр механигi) қызметтерiне диплом берiледi.

      12. Колледждi (училищенi) кеме жүргiзушiсi, кеме механигi (электр механигi) мамандықтары бойынша бiтiрген тұлғаларға мынадай:
      1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсiн (үшiншi штурманын), механигінiң (электр механигiнiң) үшiншi көмекшiсiн қоса алғанда және 1 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының (екiншi штурманының), механигiнiң (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсi (кемелердi басқару жөнiнде кемiнде үш ай практикалық машығы бар екендiгiн ескере отырып) қызметтерiне диплом беріледi.
      Командалық қызметтерде мынадай уақыт бойы жүзу өтiлi бар болған кезде:
      6 ай - 1-2 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (екiншi штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсi және бір топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) бiрiншi көмекшiсi;
      12 ай - 1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (екiншi штурманы), механигінiң (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсi, ал капитанның, механиктiң (электр механигiнiң) қызметi бойынша бір айдың iшiнде тағылымдамадан өткендерге - 1 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигi (электр механигi);
      18 ай - 2 топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) бiрiншi көмекшiсі;
      24 ай - 2 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механик (электр механигi) қызметтерiне диплом берiледi.

      13. Iшкi жүзу кемелерiнiң команда құрамын даярлау жөнiндегi курстарын бiтiрген тұлғаларға (кемелердi басқару жөнiнде кемiнде 6 ай практикалық машығын ескере отырып) мынадай - 3 топқа дейiнгi кемелер мен жер снарядтары (сүйретiп тарту және жүк флотын) қоса алғанда капитанының көмекшiсiне (үшiнші штурманына), механигiнiң (электр механигiнiң) үшiншi көмекшiсiне; 1-топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсiне (екiншi штурманына), механигiнiң (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсiне диплом берiледi.
      Командалық қызметтерде мынадай уақыт бойы жүзу өтiлi бар болған кезде:
      6 ай - 2-топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (екінші штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) екiншi көмекшiсi және 1 топтағы кемелер (жолаушы кемелерiнен басқа) мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) бірінші көмекшiсі қызметтерiне;
      12 ай - 3-топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (екiншi штурманы), екiншi (электр механигiнiң) көмекшiсi;
      18 ай - 2-топтағы кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы), механигiнiң (электр механигiнiң) бiрiншi көмекшiсi және 1 топтағы кемелер (жолаушы кемелерiнiң капитанынан басқа) мен жер снарядтарының капитаны, механигi (электр механигi);
      36 ай - 2-топтағы кемелер (жолаушы кемелерiнiң капитанынан басқа) мен жер снарядтарының капитаны, механигі (электр механигi) қызметтерiне диплом берiледi.

      14. Жоғары және орта кәсіби оқу орындарын бiтiрген тұлғаларға, 1-топтағы кемелердiң (жолаушы және транзит кемелерiнен басқа) капитаны, механигi (электр механигi) қызметтерiне осы қызметтерге тiкелей рейсте кемiнде үш ай тағылымдамадан сәттi өткеннен, ол капитанның немесе механиктің мінездеме-кепілхатымен расталғаннан кейiн, қызметтерге диплом алуға рұқсат берiлуi мүмкiн. Команда құрамын даярлау жөнiндегі курстарды бiтірген тұлғаларға сол шарттарда және сол қызметтерге қуаттылығы 225 кВт-ға (300 а.к.) дейінгі кемелерге диплом берiлуi мүмкiн.

      15. Қатардағы құрамның рульшi-моторист, электрик, шығыршы қызметтерiнде кемiнде 12 ай жүзу өтiлi бар және жоғары оқу орындарында - 4-курстан төмен емес және орта кәсiби оқу орындарында - 3 курстан төмен емес курстарда тиiстi мамандығы бойынша сәттi оқып жүрген тұлғаларға 3-топты қоса алғанға дейiнгi кемелер және жер сорғыштар механигiнiң (электр механигiнiң) үшiншi көмекшiсi дипломы берiледi, ал бұрын орта кәсiби оқу орындарын бiтiрген тұлғаларға, сол шарттарда 3-топты қоса алғанға дейінгі кемелер мен жер снарядтары капитанының көмекшiсi (үшiншi штурманы) қызметiне орналасуға арналған диплом берiлуi мүмкiн.

      16. Жоғары оқу орындарында кеме механикасы (электр механикасы) мамандықтары және су жолдары мен қатынасы мамандықтары бойынша оқып жүрген студенттерге 4-курстан кейiн рульшi-моторист, электрик, шығыршы қызметтерiнде кемiнде 6 ай жүзу өтілі бар болған кезде 4 топты қоса алғанға дейiнгi кемелер мен жер снарядтары механигiнiң (электр механигiнiң) үшiншi көмекшiсi қызметтерiне диплом берiлуi мүмкiн.

      17. Колледждердiң (училищелердiң) кеме механикасы (электр механикасы) мамандықтары және су жолдары мен қатынасы мамандықтары бойынша курсанттары мен оқушыларына 3 курсты аяқтағаннан кейiн рульшi-моторист, электрик, шығыршы қызметтерiнде кемiнде 6 ай жүзу өтiлi бар болған кезде 2 топты қоса алғанға дейiнгi кемелер мен жер снарядтары механиктерiнiң (электр механигiнiң) үшiншi көмекшiсi қызметтерiне диплом берiлуi мүмкiн.

  4. Жүрдек кемелердiң командалық құрамының бiлiмi
мен жүзу өтiлдерi бойынша қойылатын талаптар

      18. Жүрдек кемелерде командалық қызметтерге орналасуға диплом алуға жоғары немесе орта кәсіби бiлiмi бар тұлғалар жiберiлуi мүмкiн:
      1) iшкi жүзу кемелерiндегі командалық қызметтерде жұмыс тәжiрибесi жоқ бiрақ жүрдек кемелердегi мынадай қызметтерде жүзу өтiлi бар:
      капитан көмекшiсi (үшiншi штурманы) - механиктiң үшiншi көмекшiсi қызметiнде 6 ай бойы жүзу өтiлi бар - вахтада өз бетiнше тұруға құқығы жоқ капитан көмекшiсi (екiншi штурманы) - механиктiң екiншi көмекшiсi қызметiне;
      капитан көмекшiсi (екiншi штурманы) - механиктiң екiншi көмекшiсi қызметiнде 18 айдың 6 айы бойы жүзу өтiлi бар - 3 ай мерзiмге дейiнгi тiкелей рейстерде тағылымдамадан өткеннен кейiн және сынақ тапсырғаннан кейiн тиiстi топтағы механиктiң бiрiншi көмекшiсi қызметiне;
      капитан көмекшiсi (бiрiншi штурманы) - тиiстi топтағы механиктiң бiрiншi көмекшiсi қызметiнде 30 айдың 12 айы бойы жүзу өтiлi бар - капитан - механик қызметiне.
      2) iшкi жүзу кемелерiндегі командалық қызметтерде жұмыс тәжiрибесi бар, тиiсті кемеде тiкелей рейсте кемiнде 1 ай мерзiмдегi тағылымдамадан кейiн және осы кеменi басқару жөнiнде капитан тәлiмгерге практикалық сынақ тапсырған мынадай дипломы бар тұлғаларға:
      осы қызметте кемiнде 12 ай жүзу өтiлi бар және 2-топтан төмен емес iшкi жүзу кемелерi капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы) - 3-топтағы жүрдек кемелер капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы);
      осы қызметте кемiнде 6 ай жүзу өтiлi бар және 3-топтан төмен емес iшкi жүзу кемелерi капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы) - барлық топтағы жүрдек кемелер капитанының көмекшiсi (бiрiншi штурманы);
      осы қызметте кемiнде 18 ай жүзу өтiлi бар және 1-топтағы iшкi жүзу кемелерiнiң капитаны - капитанның көмекшiсi (бiрiншi штурманы), ал 24 ай жүзу өтiлi бар - 3 топтағы жүрдек кемелердiң капитаны;
      осы қызметте кемiнде 12 ай жүзу өтiлi бар және 2-топтан төмен емес iшкi жүзу кемелерiнiң капитаны - 3-топтағы жүрдек кемелер капитаны;
      осы қызметте кемiнде 6 ай жүзу өтiлi бар және 3-топтан төмен емес iшкi жүзу кемелерiнiң капитаны - барлық топтағы жүрдек кемелер капитаны қызметiне диплом алуға рұқсат берiлуi мүмкiн.

      19. Жүрдек кемелердiң командалық құрамына қызметiн жоғарылатпай жоғарғы топтағы жүрдек кемелерге өту үшiн диплом беру алдындағы топтағы кемелерде осы қызметте кемiнде 6 ай жүзу өтiлi бар тұлғалар жiберiлуi мүмкiн.

      20. Осы Ереженiң 19-тармағына сәйкес жүрдек кемелердiң командалық құрамының дипломын алған тұлғаларға өз тобындағы iшкi жүзу кемелерi капитанының көмекшiсi (екiншi штурманы), механиктiң екiншi көмекшiсi қызметiне диплом берiлуi мүмкiн.
      Жүрдек кемелердiң капитаны көмекшiсiнiң (бiрiншi штурманының), механигiнiң бiрiншi көмекшiсiнiң, капитанының, механиктiң дипломдары бар тұлғаларға кейiннен диплом беру әрбiр қызметте кемiнде 6 ай жүзу өтiлi болған кезде жүргiзiлуi мүмкiн.

      21. Жүрдек кемелердiң командалық құрамының механикалық мамандығы бар тұлғалары (немесе кеме жүргiзушiсi және кеме механигі қызметiн қоса атқаратын) механикалық мамандығы бойынша жұмыс дипломдары бар болған кезде және iшкi жүзу кемелерiнде жұмыс iстейтiн тұлғалар ретiнде кезектi диплом беруден өткенде ғана жұмысқа жiберiледi.

                                                Кемелер экипаждары
                                              мүшелерiне диплом беру
                                                    ережесiне
                                                    1-қосымша

                           Диплом үлгісі
                           (Сипаттама)

      1. Диплом кiтапшасының мөлшерi 105x140 мм, оның iшiне 1 парақ
орналастырылады. Диплом парақтарындағы жазулар мен бағанға бөлулер
қара түстi бояумен орындалған.
      2. Диплом тысы көк түстi лидеринмен қапталған қатырма қағаздан
жасалған, онда алтын түстi бояумен орындалған мынадай жазулар
орналастырылған:
      1) жоғарғы бөлiгінде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
елтаңбасы, оның астында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде мынадай
батыңқы жазу бар:
      "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi"
      2) төменде iрi шрифтпен - "ДИПЛОМ" деген батыңқы жазу
      3. Тысының iшкi жағында:
      1) жоғарғы бөлiгiнде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
елтаңбасы орналастырылған, оның астында мемлекеттiк және орыс
тiлдерiнде:
                            Диплом N __
__________________________________________________________________
                    тегі, аты-жөні
_________________________________________________________ берiлдi.

      3) төменгi бөлiгiнде, сол жағында - суретке арналған орын,
оң жағында - мемлекеттік және орыс тiлдерiнде:
      Кемелердiң экипаждары мүшелерiне диплом беру ережесi
негiзiнде.
      4. Дипломның бiрiншi бетiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде
мынадай жазулар орналастырылған:
__________________________________________________________________
жанынан құрылған бiлiктiлiк комиссиясы ___________________________

                            N__ Хаттама

200__ жылғы "___" __________

Азамат __________________________________________________________
________________________________________________ кемелер тобының
_______________________________ капитаны қызметін атқаруға құқылы

      5. Дипломның екiншi бетiнде мемлекеттік және орыс тiлдерiнде
мынадай жазулар орналастырылған:
_________________________________________________ кемелер тобының
_______________________________ капитаны қызметiн атқаруға құқылы

      Комиссия төрағасы                                M.O.

                            N__ Хаттама

200__ жылғы "___" __________

Азамат __________________________________________________________
________________________________________________ кемелер тобының
_______________________________ капитаны қызметін атқаруға құқылы

      6. Екiншi тысының iшкi жағында мемлекеттiк және орыс
тiлдерiнде мынадай жазулар орналастырылады:
_________________________________________________ кемелер тобының
_______________________________ капитаны қызметiн атқаруға құқылы

      Комиссия төрағасы                                M.O.

                                                Кемелер экипаждары
                                              мүшелерiне диплом беру
                                                    ережесiне
                                                    2-қосымша

        (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы)

                        Білiктілiк куәлiгi
__________________________________________________________________
                      (iшкi бетi, сол жағы)

    Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi

                             N ___

                             Куәлiк

Азамат ___________________________________________________________
iшкi суда жүзетiн кемелер экипажына диплом беру туралы ереженiң және
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
жанындағы ведомствоаралық бiлiктілiк комиссиясы қаулысының негiзiнде
берiлдi.

                         N ___ Хаттама

200__ жылғы "___" __________

Азамат ___________________________________________________________
                          (iшкi бетi, оң жағы)

_______________________________ өзен (көл) арқылы жүзетiн кемелер
тобының
_____________________________________ қызметтерiн атқаруға құқылы

Суретке арналған орын           Бiлiктілiк комиссиясының төрағасы
                                ______________________________

                  Бiлiктiлiк комиссиясының хатшысы
             ____________________________________________

Об утверждении Правил дипломирования членов экипажей судов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2005 года № 350. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 августа 2011 года № 915

     Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 05.08.2011 № 915 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

     В целях реализации  Закона Республики Казахстан от 6 июля 2004 года "О внутреннем водном транспорте" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

     1. Утвердить прилагаемые Правила дипломирования членов экипажей судов.

     2. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан привести в соответствие с настоящим постановлением ранее принятые нормативные правовые акты.

     3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его официального опубликования.

    Премьер-Министр
     Республики Казахстан

Утверждены              
постановлением Правительства      
Республики Казахстан          
от 14 апреля 2005 года N 350     

  Правила дипломирования членов экипажей судов

  1. Общие положения

   1. Настоящие Правила дипломирования членов экипажей судов (далее - Правила) разработаны в соответствии с  Законом Республики Казахстан от 6 июля 2004 года "О внутреннем водном транспорте".
     2. Правила определяют порядок дипломирования членов экипажей самоходных судов.

  2. Дипломирование членов экипажей судов

   3. Капитанам и штурманам судов, командирам земснарядов и их помощникам, механикам, помощникам механика и лицам, совмещающим вышеуказанные должности, помощникам механика по электрооборудованию, электромеханикам и их помощникам, прошедшим дипломирование, выдается диплом (приложение 1), а старшинам-мотористам судов, судоводителям-механикам судов мощностью от 55 кВт (75 л.с.) до 110 кВт (149 л.с.) - квалификационное свидетельство (приложение 2).
     4. К дипломированию в соответствии с его назначением допускаются лица, имеющие соответствующее образование, указанное в пунктах 7 и 8 настоящих Правил и установленный стаж плавания. Дипломирование производится комиссиями территориальных подразделений уполномоченного органа.
     5. Самоходные суда для целей дипломирования, в зависимости от эффективной мощности двигателей, обеспечивающих их движение, подразделяются на следующие группы:
     1-я группа от 110 до 330 кВт (150 - 450 л.с.)
     2-я группа от 331 до 550 кВт (451 - 750 л.с.)
     3-я группа от 551 до 850 кВт (751 - 1150 л.с.)
     4-я группа от 581 до 1620 кВт (1151 - 2200 л.с.)
     5-я группа от 1621 и более кВт (2201 и более л.с.)
     Земснаряды и землесосы подразделяются на группы в зависимости от их производительности:
     1-я группа производительностью до 100 м 3 /час
     2-я группа - от 101 до 250 м 3 /час
     3-я группа - от 251 до 500 м 3 /час
     4-я группа - от 501 до 700 м 3 /час
     5-я группа - от 701 м 3 /час и выше
     Суда мощностью свыше 150 кВт (200 л.с.) способные развивать скорость 35 км/час и более относятся к скоростным. Требования по образованию и плавательскому стажу выделены в специальном разделе.
     6. В дипломе (квалификационном свидетельстве), выдаваемом лицам, прошедшим дипломирование, указывается группа судна (водоизмещающего, скоростного, земснаряда) и должность, на которую они могут быть назначены.
     7. К дипломированию допускаются лица, имеющие соответствующее образование с представлением в территориальное подразделение следующих документов:
     заявление произвольной формы;
     удостоверение личности или паспорт;
     документ о высшем или среднем профессиональном образовании (диплом);
     документ, подтверждающий стаж плавания;
     заключение медицинской комиссии о пригодности к работе на судне по состоянию здоровья.
     Заявление о проведении дипломирования рассматривается уполномоченным органом в течение тридцати дней.
     В случае несоответствия представленных документов требованиям настоящих Правил, об этом письменно сообщается лицу, представившему документы, не позднее семи дней с момента представления документов.
     8. В соответствии с образованием к дипломированию допускаются:
     на судна и земснаряды всех групп - лица, окончившие высшие и средние профессиональные учебные заведения по соответствующей специальности;
     на суда и земснаряды 1-3 групп - лица, окончившие колледж (училище) по соответствующей специальности, кроме должностей капитанов пассажирских судов 2 группы, капитанов и первых штурманов 3 группы всех типов судов;
     на суда и земснаряды 1 группы на все судоводительские, механические, электромеханические должности (кроме капитанов пассажирских судов), на суда 2 и 3 групп на должности третьего штурмана, третьего помощника механика, второго помощника электромеханика; на суда 2 и 3 групп на должности помощника капитана (второго штурмана), второго помощника механика, первого помощника электромеханика грузовых и буксирных судов при условии окончания 3 курса очного или заочного отделения колледжа (училища), курсов по подготовке командного состава судов внутреннего плавания;
     на суда мощностью от 55 до 110 кВт (75-149 л.с.) лица, окончившие специальные курсы и прошедшие стажировку по управлению этими судами продолжительностью не менее 1 месяца.

  3. Требования по плавательскому стажу

   9. Лица, окончившие по судоводительским, судомеханическим (электромеханическим) специальностям высшие учебные заведения дипломируются на должности:
     помощника капитана (второго штурмана), второго помощник (электромеханика) судов и земснарядов до 4 группы включительно (с учетом наличия практических навыков по управлению судами не менее трех месяцев) и помощника капитана (третьего штурмана), третьего помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов всех групп;
     при наличии стажа плавания в командных должностях в течение 6 месяцев - помощника капитана (второго штурмана), второго помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов всех групп;
     при наличии стажа плавания в командных должностях в течение 12 месяцев - помощника капитана (первого штурмана), первого помощник механика (электромеханика) судов и земснарядов 2 группы;
     при наличии стажа плавания в командных должностях в течение 18 месяцев - капитана, механика (электромеханика) судов и земснарядов 1-3 групп и помощника капитана (первого штурмана), первого помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов всех групп;
     при наличии стажа плавания в командных должностях в течение 24 месяцев - капитана, механика (электромеханика) судов и земснарядов 1-4 групп (кроме капитана пассажирского судна);
     при наличии стажа плавания в командных должностях в течение 30 месяцев - капитана, механика (электромеханика) судов и земснарядов всех групп.
     10. В речных бассейнах, где по природным условиям продолжительность навигационного периода составляет менее шести месяцев, плавательский стаж работников флота, при дипломировании, приравнивается к шести месяцам. Лицам, не отработавшим полную навигацию, в стаж засчитывается фактическое время плавания.
     11. Лица, окончившие судоводительские, судомеханические (электромеханические) отделения и отделения водных путей и сообщений колледжей (училищ), дипломируются на должность:
     помощника капитана (второго штурмана), второго помощника механика (электромеханика), судов и земснарядов 1 - 2 групп и помощника капитана (третьего штурмана), третьего помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов всех групп (с учетом наличия практических навыков по управлению судном не менее трех месяцев);
     при наличии стажа плавания в командных должностях в течение 6 месяцев - помощника капитана (второго штурмана), второго помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов 1-4 групп;
     при наличии стажа плавания в командных должностях в течение 12 месяцев - помощника капитана (первого штурмана), первого помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов 1 - 2 групп, помощника капитана (второго штурмана), второго помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов всех групп, капитана, механика (электромеханика) судов и земснарядов 1 группы;
     при наличии стажа плавания в командных должностях в течение 18 месяцев - помощника капитана (первого штурмана), первого помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов 1-3 групп;
     при наличии стажа плавания в командных должностях в течение 24 месяцев - капитана, механика (электромеханика) судов и земснарядов 1-3 групп; помощника капитана (первого штурмана), первого помощника капитана (электромеханика) судов и земснарядов всех групп;
     при наличии стажа плавания в командных должностях в течение 30 месяцев - капитана, механика (электромеханика) судов и земснарядов 1-3 групп (кроме капитанов пассажирских судов);
     при наличии стажа плавания в командных должностях в течение 36 месяцев - капитана, механика (электромеханика) судов и земснарядов 1-4 групп (кроме капитанов пассажирских судов);
     при наличии стажа плавания в командных должностях в течение 42 месяцев - капитана, механика (электромеханика) судов и земснарядов всех групп.
     12. Лица, окончившие колледж (училище) по судоводительской, судомеханической (электромеханической) специальности дипломируются на должность:
     помощника капитана (третьего штурмана), третьего помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов 1-3 групп включительно и помощника капитана (второго штурмана), второго помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов 1 группы (с учетом практических навыков по управлению судами не менее трех месяцев).
     При наличии стажа плавания в командных должностях в течение:
     6 месяцев - на должности помощника капитана (второго штурмана), второго помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов 1-2 групп и помощника капитана (первого штурмана), первого помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов 1 группы;
     12 месяцев - помощника капитана (второго штурмана), второго помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов 1-3 групп, а прошедших стажировку по должности капитана, механика (электромеханика) в течение одного месяца - капитана, механика  (электромеханика) судов земснарядов 1 группы;
     18 месяцев - помощника капитана (первого штурмана), первого помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов 2 группы;
     24 месяцев - капитана, механика (электромеханика) судов и земснарядов 2 группы.
     13. Лица, окончившие курсы по подготовке командного состава судов внутреннего плавания, дипломируются (с учетом практического навыка по управлению судами не менее 6 месяцев) - на помощника капитана (третьей штурмана), третьего помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов до 3 группы включительно (буксирного и грузового флота); помощника капитана (второго штурмана), второго помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов 1 группы.
     При наличии стажа плавания в командных должностях в течение:
     6 месяцев - на должности помощника капитана (второго штурмана), второго помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов 2 группы и помощника капитана (первого штурмана), первого помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов 1 группы (кроме пассажирских судов);
     12 месяцев - помощника капитана (второго штурмана), второго помощника (электромеханика) судов и земснарядов 3 группы;
     18 месяцев - помощника капитана (первого штурмана), первого помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов 2 группы и капитана, механика (электромеханика) судов и земснарядов 1 группы (кроме капитана пассажирского судна);
     36 месяцев - капитана, механика (электромеханика) судов и земснарядов 2 группы (кроме капитана пассажирского судна).
     14. Лица, окончившие высшие и средние профессиональные учебные заведения, могут быть допущены к дипломированию на должность капитана, механика (электромеханика) судов 1 группы (кроме пассажирских судов и транзита) после успешной стажировки на этих должностях не менее трех месяцев непосредственно в рейсе, подтвержденной характеристикой-ходатайством капитана или механика. Лица, окончившие курсы по подготовке комсостава, могут быть продипломированы на тех же условиях и на те же должности на суда мощностью до 225 кВт (300 л.с.).
     15. Лица рядового состава со стажем плавания в должности рулевого моториста, электрика, лебедчика не менее 12 месяцев и успешно обучающихся не ниже 4 курса - в высших и 3 курса - в средних профессиональных учебных заведениях по соответствующей специальности могут дипломироваться на получение диплома третьего помощника механика (электромеханика) судов и землесосов до 3 группы включительно, а лица, ранее окончившие средние профессиональные учебные заведения, на тех же условиях могут быть продипломированы на занятие должности помощника капитана (третьего штурмана) судов и земснарядов до 3 группы включительно.
     16. Студенты обучающиеся в высших учебных заведениях по судомеханической (электромеханической) специальности и специальности водные пути и сообщения при наличии стажа плавания в должности рулевого-моториста, электрика, лебедчика не менее 6 месяцев после 4 курса могут быть продипломированы на должность третьего помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов до 4 группы включительно.
     17. Курсанты и учащиеся колледжей (училищ) по судомеханической (электромеханической) специальности и специальности водные пути и сообщения при наличии стажа плавания в должности рулевого-моториста, электрика, лебедчика не менее 6 месяцев после окончания 3 курса могут быть продипломированы на должность третьего помощника механика (электромеханика) судов и земснарядов до 2 группы включительно.

  4. Требования по образованию и плавательскому
стажу командного состава скоростных судов

   18. К дипломированию на занятие командных должностей на скоростных судах могут быть допущены лица с высшим или средним профессиональным образованием:
     1) без опыта работы в командной должности на судах внутреннего плавания, но при наличии стажа плавания на скоростных судах в должности:
     помощника капитана (третьего штурмана) - третьего помощника механика в течение 6 месяцев - на должность помощника капитана (второго штурмана) - второго помощника механика без права самостоятельного несения вахты;
     помощника капитана (второго штурмана) - второго помощника механика в течение 6 месяцев из 18 - на должность помощника капитана (первого штурмана) - первого помощника механика соответствующей группы, после стажировки непосредственно в рейсах сроком до 3-х месяцев и сдачи зачетов;
     помощника капитана (первого штурмана) - первого помощника механика соответствующей группы, в течение 12 месяцев из 30 - на должность капитана-механика.
     2) с опытом работы в командной должности на судах внутреннего плавания, после стажировки на соответствующем судне сроком не менее 1 месяца непосредственно в рейсе и сдачи практического зачета по управлению этим судном капитану наставнику при наличии диплома:
     помощника капитана (первого штурмана) судов внутреннего плавания не ниже 2-й группы и плавательского стажа в этой должности не менее 12 месяцев - на помощника капитана (первого штурмана) скоростных судов 3 группы;
     помощника капитана (первого штурмана) судов внутреннего плавания не ниже 3-й группы и плавательского стажа в этой должности не менее 6 месяцев - на помощника капитана (первого штурмана) скоростных судов всех групп;
     капитана судов внутреннего плавания 1 группы и плавательского стажа в этой должности не менее 18 месяцев - на помощника капитана (первого штурмана), а 24 месяца - на капитана скоростных судов 3 группы;
     капитана судов внутреннего плавания не ниже 2-й группы и плавательского стажа в этой должности не менее 12 месяцев - на капитана скоростных судов 3 группы;
     капитана судов внутреннего плавания не ниже 3 группы и плавательского стажа в этой должности не менее 6 месяцев - на капитана скоростных судов всех групп.
     19. К дипломированию командного состава скоростных судов для перехода на скоростные суда группой выше без повышения должности могут быть допущены лица, имеющие стаж плавания в этой должности на предшествующей группе судов не менее 6 месяцев.
     20. Лица, получившие дипломы командного состава скоростных судов, в соответствии с пунктом 19 настоящих Правил, могут быть продипломированы на должность помощника капитана (второго штурмана), второго помощника механика внутреннего плавания судов своей группы.
     Последующее дипломирование лиц, имеющих дипломы помощника капитана (первого штурмана), первого помощника механика, капитана, механика скоростных судов может производиться при наличии стажа плавания не менее 6 месяцев в каждой должности.
     21. Лица, командного состава скоростных судов, механической специальности (или совмещающие должности судоводителя и судомеханика) допускаются к работе только при наличии рабочих дипломов по механической специальности и прохождении очередного дипломирования как лица, работающего на судах внутреннего плавания.

Приложение 1         
к Правилам дипломирования  
членов экипажей судов    

Образец диплома
(Описание)

   1. Размер книжки диплома 105 х 140 мм, внутри которой размещается 1 лист. Надписи и разграфления на листах диплома выполнены краской черного цвета.
     2. Обложка диплома из картона, покрытого лидерином синего цвета, на ней размещены выполненные золотистым цветом:
     1) в верхней части - Государственный герб Республики Казахстан, под ним тисненная надпись на государственном и русском языках:
     "Министерство транспорта и коммуникаций Республики Казахстан"
     2) внизу крупным шрифтом - тисненная надпись "Диплом"
     3. На внутренней стороне обложки:
     1) в верхней части - размещен Государственный герб Республики Казахстан, под ним на государственном и русском языках:
                            Диплом N№__
     Выдан________________________________________________________
                          фамилия, имя, отчество
     _____________________________________________________________
   
     3) в нижней части, слева - место для фотокарточки, справа - на государственном и русском языках:
     На основании Правил дипломирования членов экипажей судов.
     4. На первой странице диплома размещены надписи на государственном и русском языках:
     квалификационной комиссии при _______________________________
     _____________________________________________________________
     _____________________________________________________________


                              Протокол  N____
от "___"_______20__ года
   
     Гражданин____________________________________________________
___________________________________________________________________
   
имеет право занимать должность капитана____________________________
группы судов
     5. На второй странице диплома размещены надписи на государственном и русском языках:
     имеет право занимать должность капитана______________________
     _____________________________________________________________
     _____________________________________________________________
группы судов

     Председатель комиссии

                                              М.П.

                               Протокол N__

от "_____"_______20__ года
 
       Гражданин ___________________________________________________
     _____________________________________________________________
   
имеет право занимать должность капитана____________________________
группы судов
     6.  На внутренней стороне второй обложки размещаются надписи на государственном и русском языках:
     имеет право занимать должность капитана______________________
     _____________________________________________________________
     _____________________________________________________________
группы судов

     Председатель комиссии
 
                                          М.П.

Приложение 2         
к Правилам дипломирования  
членов экипажей судов    

  (Государственный герб Республики Казахстан)
   
Квалификационное свидетельство 

________________________________________________________
                     (вкладыш, левая сторона)

   
     Министерство транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
                             N_____

                          Свидетельство

     Выдано гражданину__________________________________________
_________________________________________________________________
   
на основании положения о дипломировании экипажа судов внутреннего
плавания и постановления междуведомственной квалификационной комиссии при_____________________________________________________________
________________________________________________________________
   
200_ г. "__"_______             N ________ Протокола

     Гражданин_________________________________________________
              (вкладыш, правая сторона)
имеет право занимать должности _________________________________
групп судов, плавающих по реке (озеру)__________________________
 
  Место для фото          Председатель квалификационной комиссии
                         ________________________________
 
                         Секретарь квалификационной комиссии
__________________________________________________________________