Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық консультативтiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігiнiң "Республикалық аллергология орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) әдiлет органдарында Кәсiпорынның мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 23.09.2014 № 1005 қаулыларымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі