Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөнiндегi негіздемелiк конвенцияны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Каспий теңiзінің теңiз ортасын қорғау жөнiндегi
негiздемелiк конвенцияны бекіту туралы
2003 жылғы 4 қарашада Тегеран қаласында жасалған Каспий теңізiнің теңіз ортасын қорғау жөнiндегі негiздемелiк конвенция бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президенті
2-қосымша
КАСПИЙ ТЕҢIЗI ТЕҢIЗ ОРТАСЫН ҚОРҒАУ
ЖӨНIНДЕГІ ҮЛГІЛІК КОНВЕНЦИЯ
Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын, Каспий маңы мемлекеттерi,
Әзербайжан Республикасы,
Иран Ислам Республикасы,
Қазақстан Республикасы,
Ресей Федерациясы,
Түркiменстан:
Шығарындыларды, төгіндiлер мен теңiзде және жер үстінде орналасқан көздерден қауіпті, зиянды және басқа да ластаушы заттар мен қалдықтардың орналастырылуын қоса алғанда, антропогендi қызметтердiң нәтижелерi болып табылатын түрлі көздерден оның ластануы салдарынан Каспий теңiзi теңiз ортасы жай-күйiнiң нашарлауын атай отырып;
Каспий теңiзiнiң биологиялық ресурстарын қазiргi және болашақ ұрпақ үшiн сақтауға деген шынайы орындаушылық шешімi;
Құрлықтағы қызметтiң Каспий теңiзi теңiз ортасына залал келтiрмеуiн қамтамасыз ету қажеттілігін мойындай отырып;
Каспий теңiзi теңiз ортасы және теңiз деңгейiнiң ауытқу проблемасына байланысты оның бiрегей гидрографикалық және экологиялық сипаттамалары үшін қауiптiң төнуiн мойындай отырып;
Каспий теңiзi теңiз ортасын қорғаудың маңыздылығын растай отырып;
Каспий теңiзi теңiз ортасын қорғау және сақтау мақсатында Уағдаласушы Тараптардың өзара және тиiсті халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуының маңыздылығын мойындай отырып;
Мыналар туралы УАҒДАЛАСТЫ:
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Терминдердiң пайдаланылуы
Осы Конвенцияның мақсаттары үшін мына төмендегiлер бiлдiредi:
"Iс-қимыл жоспары" - Каспий теңiзi теңiз ортасын қорғаудың және тұрақты дамытудың iс-қимыл жоспары;
"Төгiнді" - теңiз ортасына кемелерден, ұшу аппараттарынан, платформалардан немесе Каспий теңiзiндегi басқа да салынған құрастырмалардан қалдықтарды немесе басқа да материалдарды әдейi арылту не кемелерді, ұшу аппараттарын, платформаларды және Каспий теңiзiндегi басқа да жасанды салынған құрастырмаларды әдейi көму;
"Қауiптi заттар" - улы, канцерогендi, мутагендi, тератогендi немесе биоаккумулятивтi заттар, егер олар айрықша тұрақты болса;
"Ұлттық орган" - осы Конвенцияны және оған жасалған хаттамаларды орындау бойынша осы Уағдаласушы Тараптың iс-әрекеттерiн үйлестіруге жауапты әр Уағдаласушы Тараптың тағайындаған органы;
"Ластану" - қоршаған ортаға биологиялық ресурстар мен теңiз организмдерiне зиянды, адам денсаулығына қауiп төндiретін және Каспий теңiзiндегi түрлердi заңды пайдалану үшiн кедергі жасайтын қатерлi зардаптарға әкелетiн немесе әкелуi мүмкiн заттарды немесе энергияларды адамның тiкелей немесе жанама түрде әкелуi;
"Жерүстi көздерiнен ластану" - құрлықта орналасқан барлық нүктелi және назарға алынған көздердiң, теңiзге әкелiнетiн барлық түрлерiнен теңiздiң ластануы не құрлықтан ластайтын заттарды тоннель, тұрба құбыры арқылы немесе өзге де жолмен кез-келген арылту нәтижесiндегi ластану;
"Төтенше экологиялық жағдай" - Каспий теңiзi теңiз ортасына залал немесе анық қауiп төндiретiн немесе басқа да зиян келтiретін және табиғи апаттың немесе антропогендiк қызметтің нәтижесiнде туындаған авариялардың нәтижесi болып табылатын жағдай;
"Өндiрiстік авария" - өндiрiстік объектiдегi, мысалы, өндiру, пайдалану, сақтау, жылжыту немесе арылту барысына не мұндай заттарды тасымалдау кезiндегi қауіпті және зиянды заттармен байланысты кез-келген қызметтiң барысындағы бақылаудан тыс өзгерiстердiң нәтижесiнде туындаған оқиға;
"Кеме" - теңiз ортасында пайдаланылатын кез-келген үлгiдегі кеме, оның iшiнде сүңгуiр қанатты кеме, ауа жастықтарындағы кеме, су асты кемесi, тiркемелi және өздiгiнен жүзетін құралдар, сондай-ақ платформалар және теңiздегi басқа да жасанды салынған құрастырмалар;
"Инвазивтi түрлер-жаратылыстар" - пайда болуы мен таратылуы экожүйеге немесе Каспий теңiзiнiң биологиялық ресурстарына экономикалық немесе экологиялық залал келтiруi мүмкiн түрлер-жаратылыстар.
2-бап. Мақсаты
Осы Конвенцияның мақсаты Каспий теңiз ортасын ластанудан қорғау, оның биологиялық ресурстарын қорғау, сақтау, молықтыру, тұрақты және ұтымды пайдалану.
3-бап. Қолданылу саласы
Осы Конвенция Каспий теңiзi теңiз ортасына оның деңгейiнiң ауытқуы мен жер үстi көздерiнен ластануы ескерiле отырып қолданылады.
II. ЖАЛПЫ МIНДЕТТЕМЕЛЕР
4-бап. Жалпы мiндеттемелер
Уағдаласушы Тараптар:
(а) Каспий теңiзiнің ластануын алдын алу, төмендету және бақылау үшiн барлық қажеттi шараларды дербес және/немесе бiрлесiп қабылдайды;
(b) Каспий теңiзi теңiз ортасын қорғау, сақтау және молықтыру үшiн барлық қажетті шараларды дербес және/немесе бiрлесiп қабылдайды;
(с) Каспий теңiзi ресурстарын оның теңiз ортасына залал келтiрмейтiндей етіп пайдаланады;
(d) осы Конвенцияның мақсаттарына қол жеткiзу үшiн бiр-бiрiмен және халықаралық құзыреттi органдармен ынтымақтасады.
5-бап. Қағидаттары
Уағдаласушы Тараптар осы Конвенцияның мақсаттарына қол жеткiзу және оның ережелерiн орындау үшiн өздерiнiң iс-әрекеттерiнде, оның iшiнде:
(а) Каспий теңiзi ортасы үшiн маңызды қауiп төнген немесе тежеусiз залал орын алған жағдайда, осыған сәйкес сақтық шараларын қабылдау қағидаттары, осындай залалдың алдын алу бойынша экономикалық тиiмдi шараларды кейiнге қалдыру үшiн толық ғылыми сенiмдiлiктiң болмауына сiлтеме жасау себептер ретiнде пайдаланылмайды;
(b) Каспий теңiзi теңiз ортасы ластануының алдын алу, бақылау және төмендету шараларын жүзеге асыру бойынша шығыстарды ластаушының көтеруiне сәйкес "ластаушы төлейдi" қағидатын;
(с) Уағдаласушы Тараптар барынша толық көлемде бiр-бiрiне тиiстi ақпаратты беретін Каспий теңiзi теңiз ортасының ластануы туралы ақпараттық қол жетiмділiк қағидатын басшылыққа алады.
6-бап. Ынтымақтасу мiндеттерi
Уағдаласушы Тараптар осы Конвенцияны орындау үшiн қосымша шараларды, ресiмдеудi және стандарттауды ұйғаратын хаттамаларды әзiрлеу негiзiнде екi жақты және көп жақты ынтымақтасады.
III. ЛАСТАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ, ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
7-бап. Жерүсті көздерiнен ластану
1. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңiзiн жерүсті көздерiнен ластанудың алдын алу, төмендету және бақылау үшін шараларды қолданады.
2. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңiзiн жерүстi көздерiнен ластанудың алдын алу, төмендету және бақылау бойынша қосымша шараларды ұйғаратын осы Конвенцияның хаттамасын әзiрлеуде ынтымақтасады. Мұндай хаттама басқалармен қатар мынадай:
(а) аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды қолдану арқылы ластаушы заттарды шығаратын көздердiң алдын алу, бақылау және төмендету;
(b) Уағдаласушы Тараптардың құзыретті ұлттық органдарының ағынды су төгіндiлерiн лицензиялау арқылы жерүстi нүктелі көздерден ластануының алдын алу, төмендету және оларды бақылау;
(с) пайдалану негiзiнде ағынды су төгінділерiн лицензиялау кезiнде экологиялық негiзделген технологияларды енгiзу;
(d) оларға әсер еткен Каспий теңiзiнiң су қабылдағыштарының немесе экожүйесінің жай-күйi осыны талап еткен жағдайларда осы Конвенцияға қосымша хаттамалармен осы баптың (b) және (с) тармақшаларында көзделгеннен барынша қатаң талаптар белгiленуi мүмкiн;
(e) қалалық ағынды су үшін және қажет жерлерде тазалаудың түрлi кезең-кезеңiмен, тазартудың әр түрiн қолдану;
(f) коммуналдық және өндiрiстік көздерден органикалық заттардың ағынын қысқарту үшiн қолда бар ең озық технологияларды пайдалану;
(g) назарға алынған көздердiң органикалығын, оның iшiнде ауыл шаруашылығында барларын қоса алғанда қауiптi заттардың ағынын қысқарту үшiн қолда бар ең озық тәсiлдердi пайдалану;
(h) Каспий теңiзiнiң теңiз ортасына керi әсер етудi тоқтатпаған ластанудың жағалаудағы көздерiн консервациялау және толық жою бойынша шараларды қамтуы мүмкiн.
3. Егер, екi немесе одан көп Уағдаласушы Тараптардың немесе олардың арасында шекара жасайтын аумақ арқылы ағатын ағын судан түсетін ластаушылар Каспий теңiзiн ластауы мүмкiн болса, Уағдаласушы Тараптар ықтимал ластану проблемаларын анықтау және шешу үшiн жауапты бiрлескен органдарды қоса алғанда, мұндай ластанудың алдын алу, төмендету және бақылау бойынша барлық қажеттi шараларды қабылдауға ынтымақтасады.
8-бап. Теңiз табанындағы қызметке байланысты
болған ластану
Уағдаласушы Тараптар теңiз табанындағы қызметтiң нәтижесiнде Каспий теңiзi ластануының алдын алу, төмендету және бақылау үшiн бaрлық қажеттi шараларды қабылдайды. Осы мақсатта осы Конвенцияның хаттамасын әзiрлеуге ынтымақтастықты қолдайды.
9-бап. Кемелерден ластану
Уағдаласушы Тараптар Каспий теңiзi ластануының алдын алу, төмендету және бақылау үшін барлық қажеттi шараларды қабылдайды және осы мақсатта қажеттi халықаралық стандарттарды ескере отырып келiсiлген шараларды, ресiмдердi және стандарттарды ұйғаратын осы Конвенцияға хаттаманы әзiрлеуде ынтымақтасады.
10-бап. Төгіндiден болған ластану
1. Уағдаласушы Тараптар олардың туы астындағы кемелерден және олардың аумақтарында тiркелген әуе кемелерiнен болған төгiндіден Каспий теңiзiнiң ластануын алдын алудың, төмендетудiң және бақылаудың барлық қажеттi шараларын қабылдайды.
2. Уағдаласушы Тараптар осы нәтижеге қол жеткiзу үшiн келісiлген шараларды, ресiмдердi және стандарттарды ұйғаратын осы Конвенцияның хаттамасын әзiрлеуге ынтымақтасады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi кемеге және әуе кемесiне теңiзде күйреу немесе толық жойылу қаупі төнсе немесе кез-келген жағдайда адамдардың өмiрiне немесе теңiз организмдерiне қауiп төнсе, егер төгіндi мұндай қауiп төнудi алдын алудың бiрден-бiр тәсiлi болса және егер төгiндiден болған залал басқа жағдайға қарағанда аз болады деп ұйғаруға барлық негіз болса қолданылмайды. Мұндай төгiндi адамдардың өмiрi мен теңiз организмдерiне қауiп төнудiң немесе аумақтық, құқықтық құралдарды қоса алғанда халықаралық құралдарды қолдануға сәйкес теңiздi заңды пайдалануға кедергi жасаудың мүмкiндiгiн барынша азайтуға әкелу үшiн, осылайша жүзеге асырылады. Жасалған төгіндi туралы Уағдаласушы Тараптарға мәлiм етіледi.
11-бап. Қызметтiң өзге де түрлерiнен ластану
1. Уағдаласушы Тараптар жердi мелиорациялауды және осыған байланысты жағалаудағы топырақты қазу және дамба салу бойынша жұмыстарды қоса алғанда 7-10-баптарда айтылмаған қызметтiң өзге де түрлерiнен болған Каспий теңiзiнiң ластануын алдын алу, төмендету және бақылау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
2. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңiзi экожүйесiне теңiз деңгейiнiң ауытқу зардаптарын жеңiлдетуге бағытталған антропогендiк қызметті төмендету үшiн барлық қажетті шараларды қабылдайды.
12-бап. Инвазивті түрлердiң-жаратылыстардың
құйылуын алдын-алу, бақылау және күресу
Уағдаласушы Тараптар Каспий теңiзiне инвазивтi түрлердiң-жаратылыстардың құйылуының алдын-алу, бақылау және олармен күресу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.
13-бап. Төтенше экологиялық жағдайлар
1. Уағдаласушы Тараптар адамдар мен теңiз ортасын табиғи апаттардың немесе антропогендi қызметтің нәтижесiнде туындайтын авариялардың зардаптарынан қорғау мақсатында барлық тиiстi шараларды қабылдайды және ынтымақтасады. Бұл үшiн қалпына келтiру бойынша шараларды қоса алғанда алдын-алу, даярлықты қамтамасыз ету және әрекет ету шаралары қолданылады.
2. Превентивтi шараларды және даярлықты қамтамасыз ету шараларын қабылдау мақсатында түпкі Уағдаласушы Тарап төтенше экологиялық жағдайларды болдыруы мүмкiн және басқа Уағдаласушы Тарапты кез-келген мұндай ықтимал немесе әкелетін қызметтi хабарлауды қамтамасыз ете алатын өзiнiң құқығы шегiнде қызметтің қауіпті түрлерiн анықтайды. Уағдаласушы Тараптар қызметтің қауіпті түрлерiнің теңiз ортасына әсер етуiн бағалауды жүргiзуге және қатердi төмендету бойынша шараларды iске асыруға келiседi.
3. Уағдаласушы Тараптар өндiрiстiк авариялар және төтенше экологиялық жағдайлар туралы алдын-ала хабарлау жүйесiн құруға ынтымақтасады. Төтенше экологиялық жағдай немесе ол тежеусiз қауiп төндiрген кезде аумағында осындай жағдай орын алған Уағдаласушы Тарап тиiсті деңгейде және ықтимал әсер етуге ұшырауы мүмкiн Уағдаласушы Тараптарды кешеуiлдетпей хабарламамен қамтамасыз етедi.
4. Уағдаласушы Тараптар төтенше экологиялық жағдайлар кезiнде жауапты шаралар үшiн iске қосатын жеткілікті жабдықтар мен бiлiктi персоналдың болуын қамтамасыз ету жөнiндегі шараларды қоса алғанда, төтенше экологиялық жағдайларға адекваттық даярлықты құру және қолдау бойынша барлық тиiсті шараларды қабылдайды.
IV. ТЕҢIЗ ОРТАСЫН ҚОРҒАУ, САҚТАУ ЖӘНЕ МОЛЫҚТЫРУ
14-бап. Биологиялық ресурстарды қорғау, сақтау,
қалпына келтiру және ұтымды пайдалану
1. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңiзiнiң биологиялық ресурстарын қорғауға, сақтауға, қалпына келтіруге, сондай-ақ ұтымды пайдалануға ерекше көңiл бөледi және мыналар:
(а) адамдардың тамаққа сұраныстарын қанағаттандыру мен әлеуметтік және экономикалық мақсаттар кезiнде экологиялық тепе-теңдiктi сақтау және қалпына келтiру мақсатында биологиялық ресурстардың әлеуетiн дамыту мен арттыру;
(b) тиiсті экологиялық және экономикалық факторлармен және түрлердiң арасындағы арасалмақты назарға ала отырып анықталатын өндiрудiң ең тұрақты көлемiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн деңгейлерде теңiздегi түрлердiң популяцияларын қолдау немесе қалпына келтiру;
(с) шамадан тыс пайдаланудан биологиялық түрлердiң құрып кету қаупiне ұшыратпауды қамтамасыз ету;
(d) балықтардың өнеркәсiптiк түрлерiн аулау және өнеркәсiптiк емес түрлерiн аулау кезiнде ең аз шығынға әкелетiн таңдалған әдiстер мен тәсiлдердi дамытуға және қолдануға жәрдемдесу;
(e) эндемидтi, сирек және құрып кету қаупi төнген биологиялық түрлердi қорғау, сақтау және қалпына келтiру;
(f) сирек және құрып кету қаупi төнген түрлердiң, сондай-ақ әлсiз экожүйелердiң биологиялық әралуандылығы мен мекендеу ортасын сақтау үшiн қолда бар озық ғылыми деректердiң негiзiнде барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
2. Уағдаласушы Тараптар тiрi биологиялық ресурстарды қорғау, сақтау және қалпына келтiру жөнiндегі қажеттi шараларды жүргiзу үшiн осы Конвенцияның хаттамасын әзiрлеуде ынтымақтасады.
15-бап. Теңiз жақындығының әсерiнде болатын
құрлықтарды басқару
Уағдаласушы Тараптар теңiз жақындығының әсерiнде болатын құрлықтарды жоспарлау мен басқару бойынша ұлттық стратегиялар мен жоспарларды әзiрлеу және орындау жөнiндегi қажетті шараларды қабылдауға ұмтылады.
16-бап. Каспий теңiзi деңгейiнiң ауытқуы
Уағдаласушы Тараптар қажетті ғылыми-зерттеулердi жүргiзудi және Каспий теңiзi экожүйесiне теңiз деңгейiнiң ауытқу зардаптарын жеңiлдету бойынша мүмкiн болғанынша келiсiлген шаралар мен ресiмдердi қабылдауды ұйғаратын осы Конвенцияның хаттамасын әзiрлеуге ынтымақтасады.
V. РЕСIМДЕР
17-бап. Каспий теңiзi теңiз ортасына
әсер етудi бағалау
1. Әр Уағдаласушы Тарап Каспий теңiзi теңiз ортасына маңызды терiс әсер етуi мүмкін, кез-келген жоспарланған қызметтiң қоршаған ортаға әсер етуiн бағалаудың ресiмдерін қабылдау және қолдану үшін барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
2. Әp Уағдаласушы Тарап осы баптың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын қоршаған ортаға әсер етуiн бағалаудың нәтижелерiн басқа Уағдаласушы Тараптар арасында тарату бойынша барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
3. Уағдаласушы Тараптар трансшекара контексiнде Каспий теңiзi теңiз ортасына әсер етудi бағалау ресiмдерiн белгілейтін осы Конвенцияның хаттамасын әзiрлеуде ынтымақтасады.
18-бап. Уағдаласушы Тараптар арасындағы ынтымақтастық
1. Уағдаласушы Тараптар осы Конвенцияға сәйкес ережелердi, стандарттарды, ұсынылған әдiстер мен ресiмдердi қалыптастыруда, әзiрлеуде және үйлестiруде және ластанудың алдын алу, қысқарту және бақылау, сондай-ақ Каспий теңiзi теңiз ортасын қорғауға, сақтауға және қалпына келтiруге бағытталған әлемдiк практикада кең тараған талаптарды ескере отырып ынтымақтастықты жүзеге асырады.
2. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңiзi теңiз ортасы ластануының алдын алу, қысқарту және бақылау, сондай-ақ қорғау, сақтау және қалпына келтiру үшін Каспий теңiзi теңiз ортасын қорғау жөніндегі Iс-әрекеттер Жоспарын әзiрлеуде ынтымақтастықты жүзеге асырады.
3. Осы баптың 1 және 2-параграфтарда баяндалған өзiнiң міндеттемелерiн орындау үшін Уағдаласушы Тараптар, атап айтқанда, мыналарды:
(а) Каспий теңiзiн ластайтын немесе ластауға ықпал ететін көздердi анықтау мақсатында деректердi жинауды, жинақтауды және бағалауды және басқа Уағдаласушы Тараптармен тиiсті ақпараттарды алмасуды;
(b) судың сапасы мен санының мониторингі бойынша бағдарламаларды әзiрлеудi;
(с) төтенше экологиялық жағдайлар кезiнде әрекет ету жоспарларын әзiрлеудi;
(d) қалдық төгiндiлерiнiң, шығарындыларының және орналастырудың нормаларын әзiрлеудi, сондай-ақ бақылау бағдарламаларының тиімділігін бағалауды;
(e) судың сапасының нормалары мен талаптарын және қолда бaр судың сапасын жақсартуды қолдау және қажет ететін жерлерде жақсарту үшін қажетті шаралардың ұсынысын әзiрлеудi;
(f) ауыл шаруашылық, қалалық және өзге де көздердi қоса алғанда муниципалдық және өндiрiстiк нүктелі және нүктелi емес көздерден ластанудың салмағын азайту үшiн iс-әрекеттердiң үйлестiрiлген бағдарламаларын әзiрлеудi дербес немесе бiрлесiп жүргізедi.
19-бап. Мониторинг
1. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңiзi теңiз ортасы жай-күйi мониторингiнiң тиiсті дербес және/немесе бiрлескен бағдарламаларды құру және жүзеге асыру үшiн күш жұмсайды.
2. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңiзiнде мониторингі жүзеге асырылатын ластаушы заттардың тiзбесiмен және өлшемдерiмен, шығарындылар және сығындылар үшін келiседi.
3. Уағдаласушы Тараптар Каспий теңiзi теңiз ортасы жай-күйiн бағалауды және Каспий теңiзi теңiз ортасының ластануын алдын алу, бақылау және төмендету үшін қабылданатын шараларының тиiмдiлігін дербес және/немесе бiрлесiп тұрақты жүзеге асырады.
4. Уағдаласушы Тараптар мониторинг бағдарламаларын, өлшеу жүйелерiн, талдау әдiстерiн, деректердi өңдеуге және сапа деректерiн бағалау әдiстерiн әзiрлеу мен қолдану ережелерiн үйлестiруге күш жұмсайды.
5. Уағдаласушы Тараптар шешiм қабылдауға негiз және мамандар, әкiмшілер және халық үшін ақпарат пен бiлiмнiң жалпы көзi болып табылатын орталықтандырылған деректер базасын әзiрлейдi.
20-бап. Ғылыми зерттеулер және жұмыстарды әзiрлеу
Уағдаласушы Тараптар ғылыми зерттеулер жүргiзу және Каспий теңiзi ластануын алдын алудың, төмендетудiң және бақылаудың тиiмдi әдiстерiн әзiрлеу саласында ынтымақтастықты жүзеге асырады және осы мақсатта Уағдаласушы Тараптар, атап айтқанда, мыналарға:
(а) улы зиянды заттарды бағалаудың әдiстерiн әзiрлеуге және олардың Каспий теңiзiнiң экожүйесiне әсер ету процесiн зерделеуге;
(b) экологиялық негізделген немесе қауiпсiз технологияларды әзiрлеуге және қолдануға;
(с) ластануға ықпал ететiн заттарды айналымнан шығаруға және/немесе ауыстыруға;
(d) қауiпті заттардан арылтудың экологиялық негiзделген немесе қауiпсiз әдiстерiн әзiрлеуге;
(e) дренаж жұмыстары мен ағындыларды реттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргізудiң экологиялық негiзделген немесе қауiпсiз әдiстерiн әзiрлеуге;
(f) келтiрiлген ластанудың залалын бағалауға;
(g) теңiз деңгейінің ауытқуы мен мұндай ауытқудың теңiз және жағалау маңының экожүйесiне ықпалын қоса алғанда, Каспий теңiзi экожүйесiнiң гидрологиялық режимi мен серпiнi туралы бiлiмдi жетілдiруге;
(h) Каспий теңiзiндегi радиациялық және радиоактивтi деңгейдi зерделеуге бағытталған арнайы ғылыми бағдарламалардың қажетіне қарай әзiрлеу немесе интенсификациялау бойынша күш жұмсайды.
21-бап. Ақпарат алмасу және ақпаратқа қол жетiмдiлік
1. Уағдаласушы Тараптар осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес тiкелей немесе Хатшылық арқылы тұрақты негiзде пiкiр алмасады.
2. Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң заңдарына сәйкес және жұртшылықтың қоршаған орта жөнiндегi ақпаратқа қол жетiмділігi туралы қолданылып жүрген халықаралық келiсiмдердiң ережелерiне сәйкес ластанудың алдын алу, төмендету және бақылау бойынша көзделген немесе жоспарланған шаралармен Каспий теңiзi теңiз ортасының жай-күйi туралы ақпаратқа қол жетiмдiліктi қамтамасыз етуге ұмтылады.
VI. ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР
22-бап. Уағдаласушы Тараптардың Конференциясы
1. Осымен Уағдаласушы Тараптардың Конференциясы бекiтiледi.
2. Уағдаласушы Тараптардың Конференциясы әр Уағдаласушы Тараптың бiр дауысқа ие бiр өкiлiнен тұрады. Әр өкiлдiң бiр немесе одан көп кеңесшiсi болуы мүмкiн.
3. Уағдаласушы Тараптар Конференциясының бiрiншi сессиясы осы Конвенция күшіне енген күнінен кейiн он екi айдан кешiктiрiлмей шақырылады. Уағдаласушы Тараптар Конференциясының сессиясынан кейiн тұрақты негiзде Уағдаласушы Тараптар Конференциясының бiрiншi сессиясында белгiленген кезеңдiлiкпен өткiзiледi.
4. Кезектен тыс Уағдаласушы Тараптар Конференциясының сессиясы қажет болған кезде Уағдаласушы Тараптардың кемi екеуi осы талапты қолдаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар Конференциясының шешiмi бойынша немесе Уағдаласушы Тараптардың жазбаша талаптары бойынша өткiзiледi.
5. Уағдаласушы Тараптар Конференциясының сессиясы ағылшын әлiпбиiнiң тәртiбiмен кезек бойынша Уағдаласушы Тарап аумағында немесе Хатшылық орналасқан жерде өткiзiледi.
6. Уағдаласушы Тараптар Конференциясының Төрағасы лауазымын ағылшын әліпбиiнің тәртiбiмен Уағдаласушы Тараптың әрқайсысы кезек бойынша атқарады. Егер, Төраға лауазымы босаса Конференцияда төрағалық етушi Уағдаласушы Тарап осындай Уағдаласушы Тараптың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiн осы лауазымда қалатын мұрагерiн тағайындайды.
7. Уағдаласушы Тараптар Конференциясының жұмыс тiлi ағылшын және барлық Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттiк тiлдерi болып табылады. Осы Хатшылық БҰҰ-ның ресми тiлдерiнде Конвенцияның жұмыс органдарын қамтамасыз етедi.
8. Уағдаласушы Тараптар Конференциясының барлық шешiмдерi бiрауыздан қабылданады.
9. Уағдаласушы Тараптар Конференциясы өздерiнiң бiрiншi сессиясында, мыналар:
(а) Конвенцияның қажет болатын осындай басқа органдарын құру;
(b) оның орналасқан жерi мен персоналдарын қабылдауды қоса алғанда, осы Конвенция Хатшылығының ұйымдастыру мәселелерi;
(с) Хатшылықтың және оның көмекшi органдарының ресiмдеу ережелерi мен қаржылық ережелерi бойынша шешiмдер қабылдайды.
10. Тараптар Конференциясының функциялары, мыналар:
(а) осы Конвенция мен оның хаттамаларының Іс-әрекет жоспарларын орындауды қадағалау;
(b) осы Конвенция мен оның хаттамаларын қадағалау;
(с) осы Конвенция мен оның хаттамаларына қосымша хаттамаларды немесе түзетулердi қарау мен қабылдау және қажет болған жағдайда осы Конвенция мен оның хаттамаларына қосымшаларды және осындай қосымшаларға түзетулер енгізу;
(d) Уағдаласушы Тараптар ұсынған есептердi алу мен қарау, сондай-ақ теңiз ортасын, атап айтқанда Уағдаласушы Тараптар және кез-келген құзырлы халықаралық ұйымдар есептер базасында ластанудың жай-күйi мен оның әсер етуiн шолу және бағалау;
(e) осы Конвенцияға байланысты мәселелер бойынша Хатшылық даярлаған есептердi қарау;
(f) осы Конвенцияның мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажет болған жағдайларда тиiстi халықаралық ұйымдар мен ғылыми институттардың техникалық және қаржылық көмек көрсетуi үшiн өтінiш бiлдiру;
(g) осы Конвенцияны және оның хаттамасын орындау үшiн қажет болуы мүмкiн көмекшi органдарды құру;
(h) Уағдаласушы Тараптардың тең өкiлдiктерiн ескере отырып, қажетiне орай, осы Конвенцияның Атқарушы Хатшысын және басқа да тиiстi персоналын тағайындау;
(i) осы Конвенцияның мақсаттарына қол жеткізу үшін талап етілуi мүмкiн кез-келген басқа функцияларды орындау болып табылады.
23-бап. Конвенцияның Хатшылығы
1. Осымен Конвенцияның Хатшылығы бекiтiледi.
2. Хатшылық Конвенцияның Атқарушы Хатшысынан және төменде көрсетілген функцияларды орындау үшiн қажеттi басқа да тиiстi персоналдан тұрады.
3. Атқарушы Хатшы осы Конвенция Хатшылығының бас әкiмшiлiк тұлғасы болып табылады және Тараптар Конференциясы қабылдаған ресiмдеу ережелерi мен қаржылық ережелерге сәйкес Тараптар Конференциясы анықтаған осы Конвенция Хатшылығының жұмысын басқару үшiн қажетті функцияларды орындайды.
4. Хатшылықтың функциялары:
(а) Тараптар Конференциясының және оның көмекшi органдарының сессияларын ұйымдастыру және жүргізу;
(b) Уағдаласушы Тараптарға баяндамаларды, хабарламаларды және өзге де алынған ақпараттарды даярлау және беру;
(с) Уағдаласушы Тараптардан алынған ақпараттар мен сұрауларды қарау және олармен осы Конвенцияның және оның хаттамасының орындалуына байланысты мәселелер бойынша консультация өткізу;
(d) олармен осы Конвенцияның және оның хаттамасының орындалуына байланысты мәселелер бойынша eceптерді даярлау және тарату;
(е) Каспий теңізі теңіз ортасын қорғауға қатысты дерекқор құру мен жүргізу және Уағдаласушы Тараптардың заңдары мен халықаралық құқық актiлерi туралы ақпараттандыру;
(f) кез-келген Уағдаласушы Тараптың Конвенцияны және оның хаттамасын тиімді орындауы үшін техникалық жәрдемдесуді және консультациялар көрсетуді ұйымдастыру;
(g) осы Конвенцияның хаттамасына сәйкес белгiленуi мүмкiн басқа да функцияларды жүзеге асыру;
(h) аймақтық және халықаралық ұйымдармен және бағдарламалармен тиiстi ынтымақтасу;
(i) осы Конвенцияны орындау үшiн Тараптардың Конференциясы анықтауы мүмкiн басқа да функцияларды орындау болып табылады.
VII. ХАТТАМАЛАР МЕН ҚОСЫМШАЛАР
24-бап. Хаттамаларды қабылдау
1. Кез-келген Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияға хаттамаларды қабылдау туралы ұсыныс енгiзуi мүмкiн. Мұндай хаттамалар Тараптар Конференциясының шешiмiмен бiрауыздан қабылданады. Хаттамалар Уағдаласушы Тараптар егер, хаттаманың өзiнде баяндаудың өзге тәртiбi көзделмесе, олардың заңдарына сәйкес оларды бекiткеннен, қабылдағаннан немесе мақұлдағаннан кейiн күшіне енедi. Хаттамалар осы Конвенцияның ажырамас бөлігін құрайды.
2. Кез-келген ұсынылған хаттаманың мәтiнiн Уағдаласушы Тараптың Хатшылығы хаттаманы қабылдау ұсынылатын Тараптар Конференциясының ашылуына дейiн ең аз дегенде алты ай ішінде берiледi.
25-бап. Ұсыныстар мен түзетулердi қабылдау
1. Осы Конвенцияның немесе кез-келген оның хаттамасына қосымшасы осы Конвенцияның немесе тиiсiнше осындай хаттаманың ажырамас бөлiгі болып табылады. Қажет болған жағдайда егер, тiкелей өзге жағдайлар көзделмесе, осы Конвенцияға немесе оның хаттамасына жасалған сiлтеме бiр мезгiлде оның кез-келген қосымшасына жасалған сiлтеменi өзiмен бiрге бiлдiредi. Мұндай қосымшалар ресiмдiк, ғылыми, техникалық және әкiмшiлiк мәселелермен шектеледi.
2. Осы Конвенцияның немесе кез-келген оның хаттамасының қосымшасы осы Конвенцияның 24-бабында баяндалған ресiмдерге сәйкес ұсынылады және қабылданады.
3. Осы Конвенцияның немесе оның кез-келген хаттамасының қосымшаларына ұсыныстарды, түзетулердi қабылдау мен күшiне енуi осы Конвенцияның немесе оның кез-келген хаттамасының қосымшаларына ұсыныстарды, түзетулердi қабылдау мен күшіне енуi үшін белгiленген ресiмдермен реттеледi.
4. Егер, осы Конвенцияның қосымшасына немесе қосымшаға түзету eнгізу осы Конвенцияның немесе кез-келген оның хаттамасының қосымшасына түзету енгiзумен байланысты болса, онда мұндай қосымша немесе түзету осы Конвенцияға немесе кез-келген оның хаттамасына енгiзiлген түзету күшiне енгеннен кейiн ғана күшiне енедi.
VIII. ЖYЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ МЕН САҚТАЛУЫ
26-бап. Конвенцияның жүзеге асырылуы
1. Әр Уағдаласушы Тарап оның аумағында және оның заңдарымен осы Конвенцияның ережелерiн орындауды үйлестіретiн ұлттық органды анықтайды.
2. Осы Конвенцияның ережелерi Уағдаласушы Тараптардың осы Конвенцияда белгiленгеннен барынша қатаң шараларды дербес және/немесе бiрлесiп қабылдау және жүзеге асыру құқығына ықпал етпейдi.
27-бап. Есептер
Әр ұлттық орган осы Конвенцияның Хатшылығына Конвенцияның және оның хаттамалары мен қосымшаларының ережелерiн Тараптардың Конференциясы анықтаған пiшiнде және кезеңдiлiкте орындау үшiн қабылданған шаралар туралы есептердi ұсынады. Хатшылық алынған есептi барлық Уағдаласушы Тараптарға жолдайды.
28-бап. Сақтау
Уағдаласушы Тараптар осы Конвенцияның және оның хаттамаларының ережелерiн әр Уағдаласушы Тараптың сақтауын қамтамасыз ету ресiмдерiн әзiрлеуде ынтымақтасады.
29-бап. Материалдық жауапкершілік және
залал үшін өтемақы
Уағдаласушы Тараптар халықаралық құқықтың тиiстi қағидаттары мен нормаларын назарға ала отырып осы Конвенция мен оның хаттамалары ережелерiнің бұзылуы нәтижесiнде Каспий теңiзiнiң теңiз ортасына келтiрiлген залал үшін материалдық жауапкершiлiкке және залал үшін өтемақыға қатысты тиiстi ережелер мен ресiмдердi әзiрлеу жөнiнде күш жұмсайды.
30-бап. Дауларды реттеу
Осы Конвенцияны қолдануға немесе пайымдауға қатысты даулар Уағдаласушы Тараптардың қалауы бойынша консультациялар, келiссөздер арқылы немесе басқа да бейбiт жолмен шешiледi.
ІХ. ҚОРЫТЫНДЫ БАПТАР
31-бап. Қол қою, бекiту, қабылдау, бекiтiлуi
және қосылу
1. Осы Конвенция Тегеран қаласында 2003 жылдың 4 қарашасынан бастап 2004 жылдың 3 қарашасына дейін тек Каспий бойы мемлекеттерiнің қол қоюы үшін ғана ашық.
2. Конвенция кез-келген Каспий бойы мемлекетінің бекiтуiне, қабылдауына немесе мақұлдауына жатады. Ол кез-келген Каспий бойы мемлекетiнiң қол қоюы үшін оның жабылатын күнiнен бастап қосылу үшін ашық болады.
3. Бекiту, қабылдау, бекiтiлуi туралы немесе қосылу жөнiндегi құжаттар Депозитарийге сақтауға тапсырылады.
32-бап. Қосымшалар
Осы Конвенцияға ешқандай қосымшаға рұқсат етiлмейдi.
33-бап. Күшіне енуi
Конвенция оған барлық Каспий бойы мемлекеттерінің оны бекiту, қабылдау, бекiтiлуi туралы немесе қосылу жөнiндегi құжаттарының сақтауға тапсырылғанынан кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
34-бап. Конвенцияға немесе хаттамаларға түзетулер
1. Кез-келген Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияға немесе кез-келген хаттамаға түзетулер енгізудi ұсынуы мүмкiн. Мұндай түзетулер Тараптар Конференциясының сессиясында бiрауыздан жасалған шешiмi арқылы қабылданады.
2. Осы Конвенцияға немесе кез-келген хаттамаға түзетулер осы Конвенцияның күшiне енуi үшін көзделген ресiмдерге сәйкес күшiне енедi.
35-бап. Депозитарий
Иран Ислам Республикасы осы Конвенцияның Депозитарийi болып табылады.
36-бап. Мәтіндердiң сәйкестігі
Осы Конвенцияның әзiрбайжанша, қазақша, орысша, түрiкменше, парсыша және ағылшынша мәтiндерiнiң түпнұсқалары сәйкесті тең болып табылады, Депозитарийге сақтауға тапсырылады. Осы Конвенцияны және оның хаттамаларын пайымдау немесе қолдану туралы даулы жағдайларда ағылшын тiлiндегi мәтiн пайдаланылады.
37-бап. Каспий теңiзi мәртебесi құқығы бойынша
келiссөздерге қатынас
Осы Конвенцияның ешқандай ережесiн Каспий теңiзi мәртебесi құқығы бойынша келiссөздердiң нәтижесiн алдын-ала анықтаушы ретiнде бұрмалауға болмайды.
ОСЫЛАРДЫ PACTAП, осыған уәкiлеттiк берiлген төменде қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.
ЕКI МЫҢ YШIНШI ЖЫЛДЫҢ ТӨРТIНШI ҚАРАШАСЫНДА ТЕГЕРАН ҚАЛАСЫНДА ЖАСАЛДЫ.
Әзірбайжан Республикасы үшін
Иран Ислам Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін
Түрікменстан үшін