Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636 Жарлығының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 284 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы
16 қыркүйектегi N 3636 Жарлығының күшi жойылды деп
тану және Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 284 Жарлығына
өзгерiс енгiзу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiржолғы төлем туралы" 1997 жылғы 16 қыркүйектегі N 3636 Жарлығының күшi жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiржолғы төлем туралы" 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 55-56, 542-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақтың бірінші абзацындағы "және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiржолғы төлем туралы" 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636 Жарлығына сәйкес біржолғы төлемдi алуға арналған құжаттарды уақытында ресімдей алмаған" деген сөздер алынып тасталсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті