Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдеріне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасында бiрiншi ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 сәуiрдегi N 463 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 142-құжат):
1-тармақтағы "2005 жылы" деген сөздер "2006 - 2007 жылдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
"Қаржы" деген сөз "Экономика және бюджеттiк жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2004 - 2007" деген сандар "(2005 - 2008" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасында бiрiншi ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзiрлеу, жүргiзу және материалдарын өңдеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 2 маусымдағы N 830 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 25, 290-құжат):
2-тармақта:
екiншi абзацтағы "2004 жылдың 1 шiлдесiне дейін" деген сөздер "2005 жылғы 1 шілдеге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзацтағы "2004 жылдың 1 шiлдесiне дейiн" деген сөздер "2005 жылғы 1 шiлдеге дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "2002 жылғы 1 шiлдесiне дейiн" деген сөздер "2005 жылғы 1 шiлдеге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
"қоғамдық келiсiм" деген сөздер "спорт" деген сөзбен ауыстырылсын;
"ресми" деген сөз алынып тасталсын;
8-тармақтағы "2005 жылдың қыркүйегінен бастап" деген сөздер "2006 жылғы қазаннан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "2004 - 2007" деген сандар "2005 - 2008" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі