Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 45 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер көрсету" функционалдық тобында:
1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" кiшi функциясында:
102 "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы" бюджеттiк бағдарламалар әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 003 бюджеттiк бағдарламамен толықтырылсын:
"003 Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы объектiлерiн салу және қайта жаңарту";
690 "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы" бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 003 бюджеттiк бағдарламамен толықтырылсын:
"003 Инженерлiк-техникалық орталық құру";
3 "Сыртқы саяси қызмет" кiшi функциясында:
204 "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi" бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бойынша:
002 "Халықаралық ұйымдарға және басқа да халықаралық органдарға қатысу" бюджеттiк бағдарламасы бойынша мынадай мазмұндағы 104 кiшi бюджеттiк бағдарламамен толықтырылсын:
"104 Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты Кеңесте Қазақстан Республикасы Өкiлеттi өкiлiнiң аппаратын, ұстау";
003 бюджеттiк бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
"003 Мемлекеттiк шекараны делимитациялау және демаркациялау"; мынадай мазмұндағы 010 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
"010 Қазақстан Республикасының шетелдiк мемлекеттерге заңсыз әкелiнген және сауда-саттық құрбандары болған, сондай-ақ шет елдерде басқа қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлық жағдайларда қалған азаматтарына қаржылық көмек көрсету";
02 "Қорғаныс" функционалдық тобында:
2 "Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" кiшi функциясында:
202 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi" бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 005 бюджеттiк бағдарламамен толықтырылсын:
"005 Алматы қаласының бюджетіне көшкiнге қарсы және селге қарсы қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге берілетін нысаналы даму трансферттерi";
373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Құрылыс департаментi (басқармасы)" бюджеттiк бағдарламалар әкiмшісi бойынша 003 "Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар объектілерiн дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша мынадай мазмұндағы 011 және 015 кiшi бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
"011 Бағдарламаны республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер есебiнен iске асыру
015 Бағдарламаны жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асыру";
03 "Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi" функционалдық тобында:
9 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк саласындағы басқа да қызметтер" кiшi функциясында:
221 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 010 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
"010 Халыққа "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететін орталықтардың қызметiн қамтамасыз ету";
04 "Бiлім бepу" функционалдық тобында:
4 "Орта кәсiби бiлiм беру" кiшi функциясында:
225 "Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 016 және 030 бюджеттiк бағдарламалармен толықтырылсын:
"016 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негiзiнде кәсіптік орта оқу орындарында оқитын студенттердің стипендиялары мөлшерiн ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
030 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізiнде кәсіптік орта оқу орындарында оқып жатқандар үшiн жол жүруге өтемақы төлеуге берілетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі" бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 013 және 021 бюджеттiк бағдарламалармен толықтырылсын:
"013 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттiк тапсырысы негізiнде кәсiптiк орта оқу орындарында оқитын студенттердiң стипендиялары мөлшерiн ұлғайтуға берiлетін ағымдағы нысаналы трансферттер
021 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергілiкті атқарушы органдардың мемлекеттiк тапсырысы негізiнде кәсiптiк орта оқу орындарында оқып жатқандар үшiн жол жүруге өтемақы төлеуге берілетiн ағындағы нысаналы трансферттер";
6 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiн кәсiби бiлiм беру" кiшi функциясында:
225 "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" бюджеттiк бағдарламалар әкiмшісi бойынша:
020 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсіптiк бiлiмдi мамандар даярлау" бюджеттік бағдарламасы бойынша мынадай мазмұндағы 113 кiшi бюджеттiк бағдарламамен толықтырылсын:
"113 Кәсіптік жоғары оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша оқып жатқандар арасынан жастардың жол жүруiне өтемақы төлеу";
мынадай мазмұндағы 100 және 101 кiшi бюджеттік бағдарламалары бар 032 бюджеттiк бағдарламамен толықтырылсын:
"032 Бiлiм берудi және ғылымды институционалдық дамыту
100 Бiлім беру және ғылым саласындағы халықаралық бағдарламаларды әкiмшілендiрудi ұйымдастыру
101 Екiншi деңгейдегi банктерде студенттік кредиттерге кепiлдiк беру жүйесiн ұйымдастыру";
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" бюджеттiк бағдарламалар әкiмшісi бойынша 003 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiмдi мамандар даярлау" бюджеттік бағдарламасы бойынша мынадай мазмұндағы 108 кіші бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
"108 Кәсiптiк жоғары оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша оқып жатқандар арасынан жастардың жол жүруiне өтемақы төлеу";
06 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру" функционалдық тобында:
1 "Әлеуметтік қамсыздандыру" кiшi функциясында:
213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 019 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
"019 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру объектілерiн салуға және қайта жаңартуға берілетiн нысаналы даму трансферттерi";
011 және 015 кiшi бюджеттік бағдарламаларымен 020 бюджеттiк бағдарламасы бар мынадай мазмұндағы 266 бюджеттiк бағдарламалар әкiмшісiмен толықтырылсын:
"266 Облыстың сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментi (басқармасы)
020 Әлеуметтiк қамсыздандыру объектілерiн дамыту
011 Бағдарламаны республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер есебiнен iске асыру
015 Бағдарламаны жергіліктi бюджет қаражаты есебiнен iске асыру";
011 және 015 кiшi бюджеттік бағдарламаларымен 010 бюджеттік бағдарламасы бар мынадай мазмұндағы 373 бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiмен толықтырылсын:
"373 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Құрылыс департаментi (басқармасы)
010 Әлеуметтiк қамсыздандыру объектілерiн дамыту
011 Бағдарламаны республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер есебiнен iске асыру
015 Бағдарламаны жергіліктi бюджет қаражаты есебiнен iске асыру";
2 "Әлеуметтік көмек" кiшi функциясында:
213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" бюджеттiк бағдарламалар әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 020 және 021 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
"020 Арал және Қазалы аудандарының халқына атаулы әлеуметтiк мемлекеттік көмек көрсетуге Қызылорда облыстық бюджетіне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер;
021 Шалқар ауданының халқына атаулы әлеуметтiк мемлекеттік көмек көрсетуге Ақтөбе облыстық бюджетіне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
256 "Облыстың жұмыспен қамтылу мен әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестіру департаменті (басқармасы)" бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 013 және 014 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
"013 Халыққа мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандарының бюджеттерiне берілетiн ағымдағы нысаналы трансферттер
014 Халыққа мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге Ақтөбе облысы Шалқар ауданының бюджетiне берілетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
9 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясында:
020 "Әлеуметтiк қамтамасыз ету объектiлерiн дамыту" бюджеттiк бағдарламасы бар 266 "Облыстың сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментi (басқармасы)" бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi алынып тасталсын;
010 "Әлеуметтiк қамтамасыз ету объектілерiн дамыту" бюджеттiк бағдарламасы бар 373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Құрылыс департаменті (басқармасы)" бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi алынып тасталсын;
08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" функционалдық тобында:
2 "Спорт" кiшi функциясында:
373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Құрылыс департаментi (басқармасы)" бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бойынша 015 "Дене шынықтыру және спорт объектілерiн дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша мынадай мазмұндағы 011 және 015 кiшi бюджеттiк бағдарламалармен толықтырылсын:
"011 Бағдарламаны республикалық бюджеттен берiлетін ресми трансферттер есебiнен iске асыру
015 Бағдарламаны жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асыру";
09 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында:
9 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясында:
231 "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 007 және 016 бюджеттiк бағдарламалармен толықтырылсын:
"007 Курчатов қаласында "Ядролық технологиялар паркi" технопаркiн құру
016 "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту";
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:
1 "Ауыл шаруашылығы" кiшi функциясында:
212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бойынша 043 "Ауыл шаруашылығын институционалдық дамыту" бюджеттiк бағдарламасы бойынша мынадай мазмұндағы 106 кiшi бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
"106 Ауылда ақпараттық инфрақұрылымды енгізу және дамыту";
12 "Көлiк және коммуникациялар" функционалдық тобында:
5 "Темiр жол көлi" кiшi функциясында:
215 "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігі" бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бойынша 009 және 013 бюджеттік бағдарламалар мынадай редакцияда жазылсын:
"009 Әлеуметтiк маңызы бар облыс аралық бағыттар бойынша темiр жол жолаушылар тасымалдарын субсидиялау
013 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық) және iшкi бағыттардағы темiр жол жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға берілетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
13 "Басқалар" функционалдық тобында:
9 "Басқалар" кiшi функциясында:
217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі" бюджеттік бағдарламалар әкiмшісi бойынша мынадай мазмұндағы 009 бюджеттiк бағдарламамен толықтырылсын:
"009 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк қызметшілердiң, мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерiнiң және қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерінің жалақыларын ұлғайтуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
257 "Облыстың қаржы департаментi (басқармасы)" бюджеттiк бағдарламалар әкiмшісi бойынша мынадай мазмұндағы 015 бюджеттiк бағдарламамен толықтырылсын:
"015 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне мемлекеттiк қызметшiлердiң, мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттік қызметшi болып табылмайтын қызметкерлерiнiң және қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң жалақыларын ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер".
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі