Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қаржы көрсеткіштері бойынша статистикалық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 маусымдағы N 547 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 25, 395-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті жанындағы Статистика және есепке алу жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-әдіснамалық кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 8 қыркүйектегі N 751 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 35, 539-құжат);
3) "Статистика және есепке алу жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-әдіснамалық кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 шілдедегі N 657 қаулысы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі